Банкроттық рәсiмдерiн ауыл шаруашылығы ұйымдары үшiн қолданудың ерекшелiктерi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 желтоқсандағы N 1816 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі N 840 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.09.11  N 840  (қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      Банкроттық рәсiмдерiн ауыл шаруашылығы ұйымдары үшiн қолданудың ерекшелiктерi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi 

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң  
1997 жылғы 22 желтоқсандағы     
N 1816 қаулысымен         
бекiтiлген         

  Банкроттық рәсiмдерiн ауыл шаруашылығы ұйымдары үшiн қолданудың ерекшелiктерi туралы
ЕРЕЖЕ

       Ескерту. Мәтiн бойынша "Әкiмгер", "әкiмгер" деген сөздер алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.10.02. N 1016   қаулысымен .

      Осы Ереже "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген банкроттық рәсiмдерiн ауыл шаруашылығы ұйымдарына қатысты қолданудың ерекшелiктерiн реттейдi.

  I. Жалпы ережелер

      1. Ереже Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексiне , "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес әзiрлендi.

      2. Ауыл шаруашылығы ұйымдарының банкроттығы рәсiмдерi осы Ережеде көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледi.

      3. Осы Ереженiң күшi ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарына қарамастан ауыл шаруашылығы ұйымдарына қолданылады. 

      4. Шаруа (фермер) қожалықтарының банкроттығы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 21-бабына "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңының VII тарауына сәйкес жүзеге асырылады. 

      5. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 
      ауыл шаруашылығы ұйымы - жердi пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiретiн; егер бұл өнiмдi, оның iшiнде қайта өңделген өнiмдi сатудан алынатын кiрiс жылдық кiрiстiң жалпы сомасының елу пайызынан астамын құрайтын болса, мал шаруашылығы, құс шаруашылығы (оның ішiнде төл өсiруден бастап толық циклы бар асыл тұқымды), ара шаруашылығы өнiмiн өндiретiн ұйым; <*> 
      ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң маусымдылық циклы - ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру үшiн қажеттi көктемгi егiс және жиын-терiн жұмыстарын қамтитын технологиялық шаралар кешенiн орындау кезеңi; 
       Ескерту. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.10.02. N 1016   қаулысымен

      6. Басқа ұғымдар Ережеде "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында қолданылып жүрген айқындамаларға сәйкес пайдаланылады.

  II. Борышкер ауыл шаруашылығы ұйымын банкрот деп тану үшiн негiздер

      7. Ауыл шаруашылығы ұйымын банкрот деп тану туралы iс қозғаған кезде сотқа "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген құжаттарға қоса жерлердiң кадастрлық сипаттамасы мен ауыл шаруашылығы өндiрiсi маусымдылығының соңғы циклындағы ауа райы-климаттық жағдайының деректерi ұсынылады.

      8. Борышкер ауыл шаруашылығы ұйымын сот тәртiбiмен немесе соттан тыс банкрот деп тану үшiн оның дәрменсiздiгi негiз болып табылады. 

      9. Борышкер ауыл шаруашылығы ұйымының ауыл шаруашылығы өндiрiсi маусымдылығының кезектi циклының iшiнде жалақы төлеу жөнiндегi талаптарды қоса алғанда, кредиторлардың ақшалай мiндеттемелер бойынша талаптарын қанағаттандыруға, сондай-ақ өзiне тиесiлi мүлiктiң есебiнен бюджетке және бюджеттен тыс қорларға мiндеттi төлемдердi төлеудi қамтамасыз етуге қабілетсiздiгi оны дәрменсiз деп тану үшiн негiз болып табылады. Борышкер ауыл шаруашылығы ұйымының активтерiнiң оның пассивтерiнен шартты түрде асып кетуi борышкердi дәрменсiз деп танудан бас тарту үшiн негiз болмайды.

  III. Жердi пайдалану құқығының құны

      10. Қазақстан Республикасының  Жер кодексі 63-бабының 1-тармағына сәйкес  жердi тұрақты және ұзақ мерзiмдi уақытша пайдалану құқығы олар банкроттық жағдайды қоса алғанда, өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн заңды тұлғалардың мүлкiнiң құрамына кiредi.
       Ескерту. 10-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.10.02. N 1016   қаулысымен .

      11. Оңалтушы және конкурстық басқарушылар ауыл шаруашылығы ұйымының жердi пайдалану құқығы заңдарға сәйкес ресiмделгенiне, оның құны активтерге кiргiзiлгенiне және ауыл шаруашылығы ұйымының балансында көрсетiлгенiне көз жеткiзуге мiндеттi. Жердi пайдалану құқығын ресiмдеу және оның құнын баланста көрсету жөнiндегi заңдардың талаптарына сәйкес келмеушiлiк фактiлерi анықталған кезде әкiмгер, конкурстық басқарушы тиiстi тiркелудi, жердi пайдалану құқығын бағалауды және ауыл шаруашылығы ұйымының активiне кiргiзудi қамтамасыз етуге мiндеттi. 

      12. Жердi пайдалану құқығын тiркеуге және оның құнын айқындауға байланысты шығыстар әкiмшiлiк шығыстарға жатады. 

      13. Банкрот ұйымның жердi пайдалану құқығы конкурстық массаның құрамына кiредi.

  IV. Дәрменсiз ауыл шаруашылығы ұйымын сауықтыру жөнiндегi шаралар

      14. Сот дәрменсiз ауыл шаруашылығы ұйымына қатысты оңалту рәсiмдерiн жүргiзу мақсатқа сай болады деп ұйғарым шығарған жағдайда оңалтушы басқарушы борышкер ауыл шаруашылығы ұйымын оңалту жоспарында көзделген шараларды жүзеге асыруға кiрiседi.

      15. Дәрменсiз ауыл шаруашылығы ұйымын санациялау бағдарламасы ауыл шаруашылығы ұйымының төлем қабiлетiн қалпына келтiру жөнiндегi нақты шараларды (оңалту шараларын) қамтуға тиiс.

      16. Оңалту шаралары дәрменсiз ауыл шаруашылығы ұйымын таратуды болдырмауға бағытталған кез келген ұйымдастыру-шаруашылық, техникалық, қаржы-экономикалық шараларды қамти алады.

      17. Оңалту рәсiмдерiнiң ұзақтығы 2 жылдан аспауы тиiс. Сот оңалтушы басқарушының өтiнiмi бойынша оңалту шараларын жүзеге асырудың мерзiмiн ұзартуға, бiрақ ауыл шаруашылығы өндiрiсi маусымдылығының бiр циклынан аспайтын уақытқа ұзартуға құқылы.

  V. Конкурстық массаның құнын ұстап тұру жөнiндегi шаралар

      18. Конкурстық басқарушы "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13, 14-баптарына сәйкес өткiзiлген дауыс берудiң нәтижесiнде алынған кредиторлар комитетiнiң (жиналысының) келiсiмiмен конкурстық массасының құнын ұстап тұру үшiн қажеттi шараларды жүргiзу туралы шешiм қабылдауға құқылы.

      19. Конкурстық массаның құнын ұстап тұру жөнiндегi шараларға:
      1) жерлердi қорғау жөнiндегi шаралар;
      2) егiн егу және жиын-терiн жұмыстары;
      3) материалдық-техникалық базаны дайындау және пайдалану;
      4) өзге де шаралар жатады.

      20. Конкурстық массаның құнын ұстап тұру жөнiндегi шараларды жүргiзуге арналған қаражат:
      1) банкрот ұйымның активтерiн мақсатты арналуы бойынша пайдаланудың;
      2) өндiрiстiк алаңдарды жалға берудiң;
      3) жаңа борыштық мiндеттемелер қабылдаудың;
      4) мүлiктiң бiр бөлiгiн сатудың;
      5) өзге де iс-әрекеттiң есебiнен алынуы мүмкiн.

      21. Конкурстық басқарушы конкурстық массаның құнын ұстап тұру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру мақсатында кредиторлар комитетiнiң (жиналысының) келiсiмiмен банкрот ауыл шаруашылығы ұйымының атынан шарттар жасасуға құқылы. Жаңадан қабылданған мiндеттемелер жөнiндегi шарттардың қолданылу мерзiмi конкурстық iс жүргiзу мерзiмiнен аспауы тиiс.

      22. Конкурстық массаның құнын ұстап тұру жөнiндегi шығыстар, сондай-ақ жаңадан қабылданған борыштық мiндеттемелер әкiмшiлiк шығыстарына жатады. Конкурстық массаның құнын ұстап тұру жөнiндегi шараларды жүргiзуден қалған қаражат конкурстық iс жүргiзу процесiнде өндiрiп алуға жататын мүлiктiң құрамына кiредi.

  VI. Банкрот ауыл шаруашылығы ұйымының конкурстық массасын бiрыңғай лотпен сату

      23.- 

30. <*>
       Ескерту. 23-30-тармақтар алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2003.10.02. N 1016   қаулысымен .

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады