Ауыл шаруашылығы жобаларын қоса қаржыландыруды жүзеге асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 22 желтоқсандағы N 1818

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес және "1998 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 9 желтоқсандағы N 201-1 Z970201_ Заңын атқару мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған Ауыл шаруашылығы жобаларын қоса қаржыландырудың шарттары мен тәртiбi бекiтiлсiн.
      2. Бюджет қаражатын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi ауыл шаруашылығы жобаларын қаржыландыруға бөледi және олар қайтарымды негiзде қоса қаржыландыру тәртiбiмен несиелiк ресурстар ретiнде пайдаланылады; <*>
      несиелердi игеру мерзiмi - 1998 жылдың 1 шiлдесiне дейiн деп белгiленсiн;
      бюджет қаражатының қайтарылуының шектi мерзiмi 5 жыл деп белгiленсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгердi және жаңа абзацпен толықтырылды -
               ҚРҮ-нiң 1998.03.10. N 194 қаулысымен. P980194_
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен ауыл

шаруашылығы министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен
келiсе отырып жоғарыда көрсетiлген несиелерге қызмет көрсетуге екiншi
деңгейдегi банктердiң арасында тендер өткiзсiн.
     4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен Қазақстан
Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi банктердiң несиелiк
келiсiмдер шарттарын орындауына бақылау жасайтын болсын.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                    1997 жылғы 22 желтоқсандағы
                                         N 1818 қаулысымен
                                            бекiтiлген

            Ауыл шаруашылығы жобаларын қоса қаржыландыруды
                жүзеге асырудың шарттары мен тәртiбi

                          1. Жалпы шарттар



      1. Осы Шарттар мен тәртiп "1998 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 9 желтоқсандағы N 201-1 Заңында "Өтеу шегерiлген несиелендiру" жiктемесi бойынша ауыл шаруашылығы өндiрушiлерiне қолдау көрсетуге арналып көзделген 2 500 000 000 (екi миллиард бес жүз миллион) теңге сомасындағы қаражатты пайдаланудың негiзгi тәртiбiн айқындайды.
      2. Бюджет қаражаты ауыл шаруашылығы жобаларын қаржыландыруға орталықтандырылып берiледi және қайтарымды негiзде қоса қаржыландыру тәртiбiмен уәкiлеттi банктермен (бұдан әрi - Банктер) бiрге несиелiк ресурстар ретiнде пайдаланылады. <*>
      бюджет қаражатының қайтарылуының шектi мерзiмi 5 жыл деп белгiленсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгердi және жаңа абзацпен толықтырылды -
               ҚРҮ-нiң 1998.03.10. N 194 қаулысымен. P980194_

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Қаржыминi) мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Ауылшарминi) өкiлi болатын Қазақстан Республикасының Үкiметi және Банктер ауыл шаруашылығы жобаларын қоса қаржыландыруға тең үлес (ауыл шаруашылығы жобасы құнының 50 процентi) қосады.
      4. Қаржыминi ауыл шаруашылығы жобаларының құнындағы өзiнiң несиелiк ресурстарының үлесiн сыйақысыз (мүддесiз) Банктерге бередi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.03.10. N 194 қаулысымен.
               P980194_

      5. Банктер ауыл шаруашылығы жобаларының құнындағы өзiнiң несиелiк ресурстарының үлесiн жылына 20 процентке дейiн ставкасы бойынша бередi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.03.10. N 194 қаулысымен.
               P980194_

      6. Қаржыминi, Ауылшарминi және Банктер оған сәйкес Банктер Қаржыминiнiң алдында толық жауаптылықта болатын, яғни ауыл шаруашылығы жобаларын қоса қаржыландыруда несиелiк ресурстар ретiнде пайдаланылған бюджеттiк қаражатты қайтаруға өзiнiң кепiлдiгiн беретiн тиiстi келiсiм жасасады.
      7. Несиелерге қызмет көрсету жөнiндегi уәкiлеттi банктердi iрiктеудi Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң ұсынымы бойынша Қаржыминi мен Ауылшарминiнiң тендерлiк комиссиясы жүзеге асырады.
      8. Банктер несие ресурстарын түпкiлiктi заемшыларға Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес кепiлдiкпен қамтамасыз етуге бес жылға дейiн мерзiмге сыйақысы (мүддесi) жылына 10 проценттен аспайтын ставка бойынша, сыйақыны (мүдденi) бiрiншi жылдан бастап, негiзгi борышты - тең үлестермен, несиелендiру мерзiмiнiң екiншi жартысынан бастап төлей отырып, түпкiлiктi заемшының келiсiмiмен негiзгi борышты мерзiмiнен бұрын өтеуге мүмкiншiлiк бере отырып бередi.
      Төлемдер жылына бiр рет - әр жылдың 1 желтоқсанында жүзеге асырылады. <*>
      9. <*>
      ЕСКЕРТУ. 8-тармақ жаңа редакцияда, 9-тармақ алынып тасталды -
               ҚРҮ-нiң 1998.03.10. N 194 қаулысымен. P980194_

                     II. Қаражатты игерудiң бағыты

      10. Несиелiк ресурстар ауыл шаруашылығы техникаларын, асыл

тұқымды және мол өнiм беретiн мал,  тұқым сатып алуға, сақтандыру ком-
паниясына несие алынған қызмет түрi бойынша сақтандыру төлемiн төлеуге
сондай-ақ жалақыны қоспағанда айналымдық қаражатты толтыруға, бюджет
пен бюджеттен тыс қорларға кез келген берешектер мен төлемдердi өтеуге
бөлiнедi.
<*>

     Жеке айналым қаражатын толықтыруға несие бүкiл несиелендiру
мерзiмiнiң iшiнде бiр жылдан аспайтын мерзiмге берiлсiн
(револьверлi).
<*>

     ЕСКЕРТУ. 10-тармақ өзгердi, толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.03.10.
              N 194 қаулысымен.  

P980194_

 

                III. Жобаларды қабылдаудың, қараудың,
                мақұлдаудың және несиелiк ресурстарды
                           бөлудiң тәртiбi



      11. Түпкiлiктi заемшылар Банкiлерге ұсынатын құжаттарға талаптарды өзi қабылдаған несие саясатына сәйкес Банктiң өзі белгiлейдi.
      12. Әлеуеттi заемшы өз қалауы бойынша уәкiлеттi Банкке осы Шарттардың 10-тармағына сәйкес Ауылшарминiнiң салық сараптық қорытындысын қоса алғанда тиiстi құжаттар пакетiн, тиiстi органдардың бюджет пен бюджеттен тыс қорлардың алдында берешегi жоқ екендiгi туралы құжаттамалық растауын ұсынады.
      13. Қоса қаржыландырылатын жобалардың құны тәртiп бойынша 50 000

(елу мың) АҚШ доллары баламынан аспауы тиiс.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 13-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.03.10. N 194 қаулысымен.
               

P980194_

 

     14. Банктiң қалауы бойынша жоғары тиiмдi жобаларды қоса
қаржыландыру үшiн құны 50 000 (елу мың) АҚШ доллары баламынан
жоғарыға Қаржыминiмен және Ауылшарминiмен келiсу талабы қажет етiледi.
     Қызметi ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрумен байланысты ұйымдарға
ауыл шаруашылығы жобаларын қоса қаржыландыру бағдарламасына қатысу
құқығы берiлсiн.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 14-тармақ өзгердi, толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.03.10.
              N 194 қаулысымен.  

P980194_

 

               IV. Мақсатты пайдаланылуы мен өтелуiне
                            бақылау жасау



      15. Қаржыминi мен Ауылшарминi банктер несиелiк ресурстар ретiнде пайдаланатын бюджеттiк қаражаттың уақтылы және мақсатты пайдаланылуына және несиелiк келiсiмдер шарттарының орындалуына бақылау жасауды жүзеге асырады.
      16. Қаржыминi, Ауылшарминi және Банктер арасында жасалатын несие келiсiмдерiнде (келiсiм шарттарында) "Банктердiң несие ресурстарын мақсатқа сай пайдаланбағаны үшiн Қаржыминi барлық несие сомасының 25 процентi мөлшерiнде айыппұл есептейдi. <*>
      17. Қаржыминi, Ауылшарминi және Банктер арасында жасалатын несие келiсiмдерiнде (келiсiм-шарттарында) "Несие ресурстарын:
      Банктердiң мақсатқа сай пайдаланбауы фактiсi анықталған жағдайда - олар несие ресурстары ретiнде пайдаланылатын бюджет қаражатының бүкiл сомасын және айыппұл санкциясы сомасын үш банктiк күн iшiнде Қаржыминiнiң есебiне аударуға мiндеттi;
      Заемшылардың мақсатқа сай пайдаланбағаны фактiсi анықталған жағдайда - Банктер заемшылардан үш банктiк күн iшiнде несие ресурстарының бүкiл сомасын және айыппұл санкциялары сомасын өндiрiп алуға және несие ресурстары ретiнде пайдаланылатын бюджет қаражатын және айыппұл санкцияларының тиiстi сомасын Қаржыминiнiң шотына аударуға мiндеттi" деген тармақ мiндеттi түрде көзделетiн болсын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 16,17-тармақтары жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1998.03.10.
               N 194 қаулысымен. P980194_
      18. Қаржыминi Банктерге бюджеттiк қаражаттарды бөлудi қоса қаржыландыруға қабылданған жобалар бойынша ғана жүргiзедi. Банктер 15 күннiң iшiнде несиелiк ресурстар ретiнде пайдаланылатын бөлiнген бюджеттiк қаражаттарды игермеген (алдын ала төлеу жүргiзiлмеген, аккредитив ашылмаған, кепiлдiк немесе вексель берiлмеген, берушiлермен есеп айырысудың басқа да нысандары жүргiзiлмеген) жағдайда олар қаржыминiнiң шотына қайтарылуға жатады.
      19. Банктер несиелiк қаражатты белгiленген мерзiмде игермеген жағдайда бюджеттiк қаражатты пайдаланудың одан арғы тәртiбiн Қаржыминi мен Ауылшарминi айқындайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады