Қазақстан Республикасының шетелдiк несие берушiлердiң алдындағы мiндеттемелерiн орындау және дефольт фактiлерiне жол бермеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кепiлдiгi бар бұрын берiлген мемлекеттiк емес сыртқы заемдардың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 1 желтоқсандағы N 0000001, 1995 жылғы 1 желтоқсандағы N 0000002, 1993 жылғы 4 мамырдағы N 26-14/110, 1994 жылғы 29 маусымдағы N Ф - 22-3/42, 1994 жылғы 3 маусымдағы N Ф - 22-3/38, 1996 жылғы 23 қыркүйектегi N 001 және N 002 берiлген мемлекеттiк кепiлдiктерiне және Әлембанк (бұрынғы Қазсыртэкономбанкi) ұсынған Қазақстан Республикасы Үкiметi пен Австрия Федералды Қаржы министрлiгiнiң арасындағы 1994 жылғы 19 желтоқсандағы Келiсiмге Өзгерiстерге сәйкес, шетелдiк банктер шоттарының негiзiнде дәрменсiз заемшылар (1, 2 қосымшаларға сәйкес) үшiн алдағы және мерзiмi өткен төлемдердi, сондай-ақ төлем жасалған күнгi бағамдық айырманың өзгеруiне ескере отырып есептелген айыппұлдардың сомасын 1997 жылға арналған республикалық бюджетте "Өтеу шегерiлген несиелендiру" бөлiмi бойынша көзделген қаражаттың шегiнде төлесiн;
заемшылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдарды пайдалану жөнiндегi қызметiне қаржылық тексеру жүргiзсiн және оларды пайдалануды бұзу фактiлерi анықталған жағдайда материалдарды, кiнәлi адамдарды Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапқа тарту мақсатында құқық қорғау органдарына, соттарға берсiн.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi
алынған қаражаттардың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз
ету жөнiнде барлық қажеттi шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 30 желтоқсандағы
N 1860 қаулысымен
бекiтiлген
1- қосымша
Шетел несиелерiн өтеу бойынша
алдағы төлемдердiң сомасы
____________________________________________________________________
Қарыз алушы |Төлем |Төлем |Негiзгi |Проценттер|Басқа.
ұйым |валютасы|сомасы |борыш | |лар
_________________|________|__________|___________|__________|_______
Австралия несие жүйесi
"Фосфор"* АҚ USD 72,222.76 48,939.35 23,283.41
Герман несие жүйесi
"Екiбастұзкөмiр" DM 280,205.30 280,205.30
МАҚ
"Актурбо" АҚ USD 2,681,715.66 2,681,715.66
АҚШ несие жүйесi
"Тағам" АҚ USD 2,141,285.61 1,651,268.86 476,153.70 13,863.05
"Кең дала" АҚ
(АБН АМРО Банк) USD 8,468,496.36 4,758,280.80 3,697,027.87 13,187.69
Түрiк несие жүйесi
"Медеу-Эмсаш- USD 1,630,812.51 1,500,000.00 130,812.51
Алатау" БК 729,861.09 666,666,66 63,194,43
"Игiлiк" АҚ USD 929,264.28 857,245,50 72,018.78
____________________________________________________________________
БАРЛЫҒЫ: USD 16,653,658.27 12,115,177.48 4,488,146.64 50,334.15
____________________________________________________________________
DM 280,205.30 280,205.30
____________________________________________________________________
Ескерту:
Сома шетелдiк банктердiң көрсеткен шоттарына сәйкес
нақтылануы мүмкiн.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 30 желтоқсандағы
N 1860 қаулысымен
бекiтiлген
2- қосымша
Шетел несиелерiн өтеу бойынша
алдағы төлемдердiң сомасы
____________________________________________________________________
Қарыз алушы |Төлем |Төлем |Негiзгi |Проценттер|Басқа.
ұйым |валютасы|сомасы |борыш | |лар
_________________|________|__________|___________|__________|_______
Герман несие жүйесi
"Екiбастұзкөмiр" DM 615,257.02 615,257.02
МАҚ DM 879,111.26 767,550.00 111,561.26
____________________________________________________________________
БАРЛЫҒЫ: DM 1,494,368.28 1,382,807.02 111,561.26
____________________________________________________________________