Бюджеттен тыс қорларға аударымдарды төлеушiлердiң жеке шоттарын салық органдарына беру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 30 желтоқсандағы N 1861. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Қаржының бюджеттен тыс қорларға толық және уақытында түсуiн қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры 2 апта мерзiм iшiнде салық органдарына 1998 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша бюджеттен тыс қорларға төлеушiлердiң жеке шоттарын берсiн. 
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап Жол қорына, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қорына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мiндеттi медициналық сақтандыру қорына қаржының толық, дұрыс және уақтылы түсуiне бақылауды қамтамасыз ететiн болсын. 
      3. Заңды және жеке тұлғалардан Қазақстан Республикасының аумағына кiру, одан шығу және ол арқылы жүру үшiн ақы алу, сондай-ақ ақылы мемлекеттiк автомобиль жолдарымен жүргенi үшiн ақы алу құқығы Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнде қалдырылсын. 
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен аталған қорларға салық төлеушiлердiң аударымдарын жинау жөнiндегi өзара iс-қимылының және оны үйлестiрудiң тәртiбiн әзiрлесiн. 
      5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады