Радиоактивтi сәулелену көздерiнiң импорты туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 21 қаңтардағы N 28

      "Қазақстан Республикасындағы тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Алматы темекi компаниясы" акционерлiк қоғамына Hauni LNI Elektronics SA (Швейцария) және Philip Morris Инженерлiк қызметтерiнiң арасындағы 1997 жылғы 23 қазандағы N 007 келiсiм-шартқа сәйкес Алматы темекi компаниясы үшiн стронций-90-ға негiзделген (әрқайсысының қуаты 20мКи) сигарет штрангiн толтыру тығыздығын айқындайтын аспапта қолданылатын 5 радиоактивтi сәулелену көзiн Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсат етiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi белгiленген тәртiппен тиiстi лицензия берсiн.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi-Ғылым академиясының Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгiне жүктелсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады