Республиканың фосфор саласын сақтау және дамыту жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 21 қаңтардағы N 29

      Шығынсыз өндiрiске, бөлiнетiн қаржы ресурстарының тиiмдi пайдаланылуына, өнiм өткiзу рыноктарын кеңейтуге және фосфор саласы кәсiпорындарын одан әрi дамытуға қол жеткiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Республиканың фосфор саласы кәсiпорындарының қаржылық ахуалын сауықтыруға бағытталған, Қазақстанның "Казкоммерцбанк", "Қазақстанның Халықтық Банкi", "Тұран Әлем Банкi" банктерi құрған консорциумның қызметi мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi заңдарда белгiленген тәртiппен:
      республиканың фосфор саласын Экономиканың басым салаларының тiзбесiне енгiзу туралы бiр апта мерзiмде ұсыныс енгiзсiн;
      республиканың фосфор саласын Экономиканың басым секторларының тiзбесiне енгiзiлгеннен кейiн жер салығы, мүлiк салығы, табыс салығы және кеден баждары бойынша ставкалардан босату немесе оларды кемiту арқылы инвестициялық келiсiм-шарттарда заттық гранттар, жеңiлдiктер мен артықшылықтар берiлуiн көздейтiн болсын.
      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қаржы

 

министрлiгiмен бiрлесе отырып 10 күн мерзiмде кейiн заңдарда

белгiленген тәртiппен фосфор саласы кәсiпорындары арасында

мемлекеттiк тапсырысты орналастыру үшiн минерал тыңайтқыштарына

мемлекеттiк тапсырыстың мөлшерiн белгiлесiн.

     4.



     ЕСКЕРТУ. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.03.31. N 485

              қаулысымен. 


P000485_



     5.



     ЕСКЕРТУ. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.03.31. N 485

              қаулысымен. 


P000485_



     6.



     ЕСКЕРТУ. 6-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.03.31. N 485

              қаулысымен. 


P000485_




 
       7. "Қазфосфор" акционерлiк қоғамының жарғылық қорын қалыптастыруды аяқтау және жарғылық қордағы мемлекет үлесiнiң мөлшерiн айқындау үшiн;
      Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру жөнiндегi департаментiмен бiрлесе отырып, Ақсай, Шилiбұлақ, Шолақтау, Көкжон, Көксу және Жаңатас фосфорит рудаларының кен орындары бойынша жер қойнауын пайдалану құқықтарын белгілеген тәртiппен бiр апта мерзiмде "Қазфосфор" акционерлiк қоғамына берсiн;
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң, Жер ресурстарын басқару жөнiндегi комитетi бiр апта мерзiмде "Нодфос", "Қаратау", "Суперфосфат зауыты", "Фосфор" және "Промтранс" акционерлiк қоғамдарына бекiтiлген жер учаскелерiн пайдалану және иелену құқықтарының берiлуiн ресiмдесiн.
      8. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi "Қазфосфор" акционерлiк қоғамының құрылтайшыларымен бiрлесе отырып, "Қазфосфор" акционерлiк қоғамының жарғылық қорының мөлшерi мен құрылымын нақтыласын.
      9. Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлiгiмен бiрлесе отырып, қоршаған ортаны қорғау жөнiнде "Қазфосфор" акционерлiк қоғамы кәсiпорындары жүргiзетiн шараларды қарап, қоршаған ортаны қорғаудың республикалық және жергiлiктi қорлары есебiнен жүзеге асырылатын 1998 жылдан 2000 жылға дейiнгi кезеңдегi табиғат қорғау шараларын қаржыландырудың жоспарларына, аталған қорларға олардың аударатын нормативтiк төлемдерi шеңберiнде енгiзсiн.
      10. Жамбыл және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының әкiмдерi Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен бiрлесе отырып, фосфор саласы кәсiпорындарын қайта құрудың нәтижесiнде босайтын қызметкерлерге кешендi түрде қолдау бағдарламасын әзiрлеп, бекiтсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады