Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi Жалпыұлттық қор құру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 22 қаңтардағы N 32

      Тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтiк қолдауды күшейту және "Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi Жалпыұлттық қор туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 желтоқсандағы 3791 U973791_ Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi он күндiк мерзiм iшiнде:
      заңдарда белгiленген тәртiппен Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi Жалпыұлттық қордың (бұдан әрi - Қор) құрылтайшысы болсын;
      Қорды Ақмола қаласында үй-жаймен қамтамасыз етсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң алдында Мемлекет басшысының Қордың Қамқоршылық кеңесiн басқаруы туралы өтiнiш жасасын.
      3. Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi Жалпыұлттық қордың Жарғысы мақұлдансын (қоса берiлiп отыр).
      4. Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi аймақтық қордың Үлгi жарғысы бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      5. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi он күндiк мерзiм iшiнде "Зейнеткерлердi және халықтың табысы аз жiктерiн әлеуметтiк қорғау жөнiндегi аймақтық қайырымдылық қорларын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 15 шiлдедегi N 1805 U941805_ Жарлығының негiзiнде құрылған зейнеткерлердi және халықтың табысы аз жiктерiн әлеуметтiк қорғау жөнiндегi аймақтық қайырымдылық қорларын олардың қызметiн одан әрi Үлгi жарғының негiзiнде жүзеге асыру арқылы, тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi аймақтық қорларға қайта ұйымдастыруды аяқтасын.
      6. Ақмола қаласының әкiмi екi апталық мерзiм iшiнде Ақмола

 

қаласының тұрмысы төмен азаматтарын қолдау жөнiнде құрылған аймақтық

қордың жарғысын тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi аймақтық

қордың Үлгi жарғысына сәйкес келтiрудi қамтамасыз етсiн.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi


                                       Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                      1998 жылғы 22 қаңтардағы

                                          N 32 қаулысымен

                                            мақұлданған


     ТIРКЕЛГЕН                       Құрылтайшылар жиналысы

                                     БЕКIТКЕН

     1998 жылғы "___"_________       1998 жылғы "___"_________

     N__________ куәлiк              N__________ хаттама


             Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi

                         Жалпыұлттық қордың

                     (қоғамдық Қор нысанындағы)


                               ЖАРҒЫСЫ



                            Ақмола, 1998


                                1-бап


                           ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


     1.1. Қоғамдық қордың атауы:

     Орыс тiлiнде: "Общенациональный фонд по поддержке

малообеспеченных граждан"

     Қазақ тiлiнде: "Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi

Жалпыұлттық қор"

     1.2. Қоғамдық қордың заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы,

Ақмола қаласы, ___________________


                                2-бап


                       ҚОРДЫҢ ЗАҢДЫҚ МӘРТЕБЕСI



 
       2.1. Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi Жалпыұлттық қор (бұдан әрi - Қор) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына сәйкес қоғамдық қордың ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған мүшелiгi жоқ дербес, коммерциялық емес ұйым болып табылады.
      2.2. Қор Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзiнiң мемлекеттiк тiркелген сәтiнен бастап заңды тұлға құқығына ие болады. Дербес балансы, банктiк шоттары, өзiнiң атауы жазылған дөңгелек мөрi, мөртаңбалары, бланкiлерi мен эмблемасы бар.
      2.3. Қор өзiнiң мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өндiрiп алу қолданылуы мүмкiн өзiнiң мүлкiнiң шектерiнде ғана жауапкершiлiкте болады.
      2.4. Мемлекет, оның органдары мен ұйымдары Қордың мемлекеттiң,

 

оның органдары мен ұйымдарының мiндеттемелерi бойынша жауап

бермейтiнi секiлдi Қордың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

     2.5. Қордың заңды тұлға құқығындағы бөлiмшелерi Қордың оның

заңды тұлға құқығы бар бөлiмшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап

бермейтiнi секiлдi Қордың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

     2.6. Қор Құрылтайшыларының мiндеттемелерi бойынша жауап

бермейтiнi секiлдi Құрылтайшыларының мiндеттемелерi бойынша жауап

бермейдi.


                                3-бап


              ҚЫЗМЕТIНIҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ, МАҚСАТТАРЫ

                            МЕН НЫСАНАСЫ


     3.1. Қор қызметiнiң негiзгi бағыттары мыналар болып табылады:

     тұрмысы төмен азаматтарға материалдық және қаржы ресурстарын

беру;

     тұрмысы төмен азаматтарға қызмет көрсету (жұмыстар жүргiзу);

     әлеуметтiк бағдарламаларды iске асыруға жәрдемдесу;

     тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi аймақтық қорлардың

қызметiн үйлестiру және бақылау.


 
       3.2. Қор тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтiк қолдауды күшейту және "Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi Жалпыұлттық қор құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 желтоқсандағы N 3791 Жарлығын iске асыру мақсатында құрылады.
      3.3. Қор қызметiнiң нысанасы мыналар болып табылады:
      қаржы қаражатын, сондай-ақ ерiктi қайырмалдықтар мен iзгiлiк көмегi түрiнде берiлетiн басқа да мүлiктi жинақтау;
      тұрмысы төмен, кедей және қараусыз қалған азаматтарды қолдау жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлеуге қатысу;
      мейлiнше тұрмысы төмен азаматтарға шағын несие беру;
      Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен, барлық деңгейдегi әкiмдермен тұрмысы төмен азаматтарды қолдау мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасау;
      жалғыз басқа кедейлер мен үйсiз адамдар үшiн қайырымдылық түстiктерiн ұйымдастыру;
      қаржы қаражатын жинау үшiн қайырымдылық кештерiн және басқа да шараларды ұйымдастыру;
      тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi аймақтық қорлардың қызметiн үйлестiру және бақылау;
      халықаралық және шетелдiк ұйымдармен, қазақстандық мемлекеттiк ұйымдармен және қоғамдық бiрлестiктермен тұрмысы төмен азаматтарды қолдау тұрғысында ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      бизнес-орталықтарды және шағын кәсiпкерлiктiң инкубаторларын, консультациялық, оқу-әдiстемелiк, лизингтiк және шағын кәсiпкерлiк саласындағы өзге де нарықтық инфрақұрылымдарды дамытуға жәрдемдесу;
      шағын несие берудi ұйымдастыру үшiн тұрмысы төмен азаматтарды кәсiптiк бағдарлау, даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру жөнiнде жұмыс жүргiзу;
      тұрмысы төмен азаматтарды қолдау мәселелерi жөнiнде қолданылып

 

жүрген заңдарға қайшы келмейтiн басқа да шараларды жүзеге асыру.

     3.4. Қор өз қызметiнiң мақсаттарымен және нысанасымен тiкелей

немесе жанама байланысты немесе осындай қызмет мақсаттары мен

нысанасына, не ол қатыса алатын кез келген ұйымның мақсаты мен

нысанасына қол жеткiзуге жәрдемдесетiн барлық операциялармен және

мәмiлелермен айналыса алады.

     3.5. Қордың қызмет мерзiмi шектелмейдi.


                                4-бап


                          ҚОРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ


     4.1. Қор Қазақстан Республикасының заңдарында қоғамдық қорлар

үшiн көзделген барлық құқықтарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының

заңдарымен тыйым салынбаған Қордың кез келген қызметiн жүзеге асыру

үшiн қажеттi немесе тиiстi барлық құқықтарға ие.

     4.2. Қордың Қазақстанның аумағында және одан тыс жерлерде

өкiлдiктер, филиалдар мен басқа да бөлiмшелер құруға құқығы бар.


                                5-бап


                           ҚОРДЫҢ МЕНШIГI



 
       5.1. Қор өзiне Құрылтайшылары берген мүлiктiң (жарғы капиталы),

 

ерiктi қайырмалдықтар түрiнде берiлген мүлiктiң, сондай-ақ

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алынған басқа да

мүлiктiң меншiк иесi болып табылады.

     5.2. Қордың жарғы капиталы Құрылтайшылары құрады және ол Қордың

меншiгiне iс жүзiнде берiлген (есептелген) сәтке дейiн ғана болады.

     5.3. Қордың Құрылтайшыларының жарғы капиталын қоса алғанда,

қордың мүлкiне мүлiктiк құқықтары жоқ.


                                6-бап


                        ҚОРДЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫЛАРЫ


     Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкi мен Қазақстан

Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және

жекешелендiру департаментi Қордың Құрылтайшылары болып табылады.


                                7-бап


                      ҚОРДЫҢ ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСI



 
       7.1. Қамқоршылық кеңесi Қордың және тұрмысы төмен азаматтарды

 

қолдау жөнiндегi аймақтық қорлардың жоғары органы болып табылады.

     7.2. Қамқоршылық кеңесiнiң құрамы:

     Қазақстан Республикасының Президентi Қамқоршылық кеңесiнiң

төрағасы болып табылады;

     Қамқоршылық кеңесiнiң жеке құрамы Қазақстан Республикасы

Президентiнiң өкiмiмен бекiтiледi.

     7.3. Қамқоршылық кеңесiн шақыру және кворум:

     Қамқоршылық кеңесiнiң отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ

тоқсанына кемiнде бiр рет шақырылады;

     Қамқоршылық кеңесiнiң отырыстары егер оларға Қамқоршылық кеңесi

мүшелерiнiң кемiнде үштен екiсi қатысса құқықтық өкiлеттi деп

саналады;

     Қамқоршылық кеңесiнiң отырыстарын оның төрағасы немесе орынбасары

жүргізедi;


 
       Қамқоршылық кеңесi отырысының кезiнде хаттама жүргiзiледi, оған Қамқоршылық кеңесiнiң барлық қатысушы мүшелерi қол қояды.
      7.4. Дауыс беру:
      Қамқоршылық кеңесiнiң әрбiр мүшесi бiр дауысқа ие;
      Қорды тарату немесе қайта ұйымдастыру туралы мәселелердi шешу үшiн Қамқоршылық кеңесi мүшелерiнiң бiрауызды шешiм қабылдауы талап етiледi;
      шешiмдер отырысқа қатысушы Қамқоршылық кеңесi мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады;
      дауыс беру кезiнде дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешушi болып табылады.
      7.5. Қамқоршылық кеңесiнiң осы Жарғының ережелерiне сәйкес, егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған жағдайда мынадай мәселелердi шешуге құқықтық өкiлеттiгi бар:
      1) Қордың және тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi аймақтық қорлар қызметiнiң нәтижелерi туралы жылдық есептердi және өзге де есептердi қарау және бекiту;
      2) Қордың Атқарушы директорын, тұрмысы төмен азаматтарды қолдау

 

жөнiндегi аймақтық қорлардың атқарушы директорларын қызметке

тағайындау және қызметтен босату;

     3) Қордың төрағасын және Тексеру комиссиясының мүшелерiн сайлау;

     4) Қордың аппаратының және тұрмысы төмен азаматтарды қолдау

жөнiндегi аймақтық қорлар аппараттарының құрылымын, штат санын,

еңбекақы қорын, сондай-ақ Тексеру комиссиялары мүшелерiнiң еңбекақы

қорын бекiту;

     5) Қордың Жарғысын өзгерту;

     6) Қордың және тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi

аймақтық қорлардың қызметiн тоқтату туралы мәселелердi шешу, тарату

комиссиясын тағайындау, тарату балансын бекiту;

     7) Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да

мәселелер.


                                8-бап


                          АТҚАРУШЫ ДИРЕКЦИЯ


     8.1. Атқарушы дирекция Қордың атқарушы органы болып табылады.


 
       8.2. Осы Жарғының 7-бабында көзделген Қамқоршылық кеңесiнiң құзыретiне кiретiн мәселелердi қоспағанда, Атқарушы дирекция Қордың қызметiне байланысты барлық мәселелердi шешедi, оның iшiнде:
      1) кедейлер мен үйсiздерге көмек беру бағдарламаларын iске асыруға қатысады;
      2) Қордың және тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi аймақтық қорлардың перспективалық және кезектi мiндеттерiн белгiлейдi;
      3) Қордың қаржылары мен материалдық құралдарына билiк етедi;
      4) Қор қызметiнiң нәтижелерi туралы жылдық есептердi және тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi аймақтық қорлар қызметiнiң нәтижелерi туралы жиынтық есептердi әзiрлеп, оларды Қамқоршылық кеңесiнiң бекiтуiне ұсынады;
      5) өз құзыретiнiң шегiнде Қордың және тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi аймақтық қорлардың қызметiне жататын мәселелер бойынша қажеттi ережелер мен нұсқаулықтарды әзiрлейдi және бекiтедi;
      6) ұйымдармен Қордың құзыретiне жататын мәселелер бойынша белгiленген тәртiппен ынтымақтастық жасайды;
      7) тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi аймақтық қорлардың қызметiн үйлестiрудi және олардың қаражатының жұмсалуын бақылауды қоса алғанда, олардың қызметiне ағымдағы бақылауды жүзеге асырады.
      Қамқоршылық кеңесi өз құзыретiнiң шегiндегi кез келген мәселелердi Атқарушы директордың және/немесе сарапшылар тобының және/немесе Қордың басқа да лауазымды адамдарының шешуi үшiн беруге құқылы.
      8.3. Атқарушы дирекцияны Қордың құрылтай отырысында бес жыл мерзiмге тағайындалатын Атқарушы директор басқарады. Атқарушы директорды жаңа мерзiмге қайта тағайындау немесе жаңа Атқарушы директорды тағайындалуы осы Жарғының ережелерiне сәйкес Қамқоршылық кеңесi жүзеге асырады.
      8.4. Қордың Атқарушы директоры:
      1) арнайы сенiмхатсыз Қордың атынан iс-қимыл жасайды, барлық

 

отандық және шетелдiк органдар мен ұйымдарда оның мүдделерiн

бiлдiредi;

     2) Қордың мүлкi мен қаражатына билiк етедi, шаруашылық шарттарын

жасайды, сенiмхаттар бередi, банктерде есеп айырысу шоттарын және

өзге де шоттар ашады, штат кестесiн бекiтедi, бұйрықтар шығарады;

     3) шаруашылық қызметiнiң бағыттары бойынша еңбек шарттары мен

келiсiм-шарттарын жасайды;

     4) Қордың қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi өзге де

өкiлеттiктердi орындайды.


                                9-бап


                         ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ


     9.1. Тексеру комиссиясы Қордың бақылаушы органы болып табылады,

ол:


 
       1) Қордың және тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi аймақтық қорлар атқарушы дирекцияларының қаржы және шаруашылық қызметiн бақылайды;
      2) материалдық құндылықтардың жай-күйiне және есебiне тексеру жүргiзедi;
      3) Қордың және тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi аймақтық қорлардың атқарушы органдарындағы iстердiң жүру барысы мен қаралуының мерзiмi мен дұрыстығын, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiмен олардың жұмысының жай-күйiн тексередi;
      4) Қордың қызметiне байланысты мәселелер бойынша бақылаушы органдарға әдiстемелiк көмек көрсетедi;
      5) Қордың Қамқоршылық кеңесiне жүргiзiлген тексерiстердiң нәтижелерiн табыс етедi.
      9.3. Тексеру комиссиясы бес мүшеден тұрады.
      9.4. Тексеру комиссиясының отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жылына кемiнде бiр рет өткiзiледi. Тексеру комиссиясының отырыстары, егер оған мүшелерiнiң кемiнде төртеуi қатысатын болса, құқықтық күшi бар.
      9.5. Тексеру комиссиясының отырыстарын Төраға жүргiзедi.
      9.6. Тексеру комиссиясы отырыстарының кезiнде хаттама

 

жүргiзiледi, оған отырысқа қатысушы Тексеру комиссиясының барлық

мүшелерi қол қояды.

     9.7. Тексеру комиссиясының шешiмдерi жай көпшiлiк дауыспен ашық

дауыс беру арқылы қабылданады. Тексеру комиссиясының әрбiр мүшесi бiр

дауысқа ие. Егер дауыс беру кезiнде дауыстар тең болған жағдайда

Тексеру комиссиясы төрағасының дауысы шешушi болып табылады.


                               10-бап.


                        ҚОРДЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРI,

                      ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТI



 
       10.1. Қордың қызметкерлерi конкурстық-шарттық негiзде қалыптасады. Қордың қызметкерлерiн жалдау және жұмыстан босату, еңбекақы төлеу және материалдық ынталандыру нысандары мен оның мөлшерлерi мәселелерiн Атқарушы дирекция шешедi.

 

     Қор жекелеген мiндеттердi орындау үшiн штаттан тыс

қызметкерлердi, сарапшылар мен мамандарды тартуға, сондай-ақ уақытша

шығармашылық ұжымдарын құруға құқылы. Мұндай адамдардың еңбегiне ақы

төлеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте

жүргiзiледi.

     10.2. Қордың мақсаттарына жету және Қордың қызметiнiң нысанасын

қамтамасыз ету үшiн Қор Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес

қаржы-шаруашылық қызметiн жүзеге асырады.


                               11-бап


                   ҚАРЖЫ ЖЫЛЫ, ЕСЕП ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРУ


     11.1. Қордың қаржы жылы Қазақстан Республикасының заңдарында

өзгеше көзделмесе, қызметiнiң бiрiншi жылы Қорды тiркеу күнiнен

басталып, осы жылдың отыз бiрiншi желтоқсанында аяқталатынын

қоспағанда, әрбiр күнтiзбелiк жылдың бiрiншi қаңтарынан басталады

және отыз бiрiншi желтоқсанында аяқталады.

     11.2. Қордың есеп және есеп беруi Қазақстан Республикасы

заңдарының талаптарына сәйкес жүргiзiледi.

     11.3. Қор өзiнiң мүлкiн пайдалану туралы есептi Қазақстан

Республикасының заңдарына сәйкес жариялайды.


                               12-бап


                       ҚОРДЫҢ ҚЫЗМЕТIН ТОҚТАТУ



 
       12.1. Қордың қызметi Қамқоршылық кеңесiнiң шешiмi бойынша немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзгеде жағдайларда тоқтатылады. Мұндай тоқтату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайта ұйымдастыру (қосу, қосылу, қайта құру және т.б.) немесе тарату жолымен жүргiзiледi.
      12.2. Қорды таратуды Қамқоршылық кеңесi тағайындайтын тарату комиссиясы немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот жүргiзедi.
      12.3. Тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап Қордың iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тарату комиссиясына көшедi. Тарату комиссиясы қордың мүлкiн бағалайды, несие берушiлердi анықтайды және олармен есеп

 

айырысады. Қордың үшiншi тұлғалардың алдындағы борыштарын төлеуге

шаралар қолданады, тарату балансын жасайды және оны бекiтуге

Қамқоршылық кеңесiне немесе, соттың шешiмi бойынша таратылған жағдайда

Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекеттiк органына табыс етедi.

     12.4. Қорды таратқан соң, қалған мүлiк Жарғыда көзделген

мақсаттарға жолданады.


     Атқарушы директор



                                       Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                      1998 жылғы 22 қаңтардағы

                                          N 32 қаулысымен

                                            бекiтiлген 




     ТIРКЕЛГЕН                       Құрылтайшылар жиналысы

                                     БЕКIТКЕН

     1998 жылғы "___"_________       (1998 жылғы "___"_________

     N__________ куәлiк              N__________ хаттама)


             Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi

             аймақтық қордың (қоғамдық Қор нысанындағы)


                            ҮЛГI ЖАРҒЫСЫ



                            Ақмола, 1998


                                1-бап


                           ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


     1.1. Қоғамдық қордың атауы:

     Орыс тiлiнде: "Фонд по поддержке малообеспеченных граждан"

     Қазақ тiлiнде: "Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi қор"

     1.2. Қоғамдық қордың заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы,

Ақмола қаласы, ___________________


                                2-бап


                       ҚОРДЫҢ ЗАҢДЫҚ МӘРТЕБЕСI



 
       2.1. Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi қор (бұдан әрi - Қор) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiне және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына сәйкес қоғамдық қордың ұйымдастыру-құқықтық нысанында құрылған мүшелiгi жоқ дербес, коммерциялық емес ұйым болып табылады.
      Қор "Зейнеткерлердi және халықтың табысы аз жiктерiн әлеуметтiк қорғау жөнiндегi аймақтық қайырымдылық қорларын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнің 1994 жылғы 15 шiлдедегi N 1805 U941805_ Жарлығының негiзiнде құрылған аймақтық қайырымдылық қорының құқықтық мұрагерi болып табылады.
      2.2. Қор Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзiнiң мемлекеттiк тiркелген сәтiнен бастап заңды тұлға құқығына ие болады. Дербес балансы, банктiк шоттары, өзiнiң атауы жазылған дөңгелек мөрi, мөртаңбалары, бланкiлерi мен эмблемасы бар.
      2.3. Қор өзiнiң мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өндiрiп алу қолданылуы мүмкiн өзiнiң мүлкiнiң шектерiнде ғана жауапкершiлiкте болады.
      2.4. Мемлекет, оның органдары мен ұйымдары Қордың мемлекеттiң,

 

оның органдары мен ұйымдарының мiндеттемелерi бойынша жауап

бермейтiнi секiлдi Қордың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

     2.5. Қордың заңды тұлға құқығындағы бөлiмшелерi Қордың оның

заңды тұлға құқығы бар бөлiмшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап

бермейтiнi секiлдi Қордың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.

     2.6. Қор Құрылтайшыларының мiндеттемелерi бойынша жауап

бермейтiнi секiлдi Құрылтайшыларының мiндеттемелерi бойынша жауап

бермейдi.


                                3-бап


              ҚЫЗМЕТIНIҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ, МАҚСАТТАРЫ

                            МЕН НЫСАНАСЫ


     3.1. Қор қызметiнiң негiзгi бағыттары мыналар болып табылады:

     тұрмысы төмен азаматтарға материалдық және қаржы ресурстарын

беру;

     тұрмысы төмен азаматтарға қызмет көрсету (жұмыстар жүргiзу);

     әлеуметтiк бағдарламаларды iске асыруға жәрдемдесу.


 
       3.2. Қор тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтiк қолдауды күшейту және "Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi Жалпыұлттық қор құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 желтоқсандағы N 3791 Жарлығын iске асыру мақсатында құрылады.
      3.3. Қор қызметiнiң нысанасы мыналар болып табылады:
      қаржы қаражатын, сондай-ақ ерiктi қайырмалдықтар мен iзгiлiк көмегi түрiнде берiлетiн басқа да мүлiктi жинақтау;
      тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлеуге қатысу;
      Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен, өкiмдермен, тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi Жалпыұлттық қормен тұрмысы төмен азаматтарды қолдау мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасау;
      жалғыз басты, кедейлер мен үйсiз адамдар үшiн қайырымдылық түстiктерiн ұйымдастыру;
      қаржы қаражатын жинау үшiн қайырымдылық кештерiн және басқа да шараларды ұйымдастыру;
      бизнес-орталықтарды және шағын кәсiпкерлiктiң инкубаторларын, консультациялық, оқу-әдiстемелiк, лизингтiк және шағын кәсiпкерлiк саласындағы өзге де нарықтық инфрақұрылымдарды дамытуға жәрдемдесу;
      тұрмысы төмен азаматтарды кәсiптiк бағдарлау, даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру жөнiнде жұмыс жүргiзу;
      тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi Жалпыұлттық қорға Қордың қаражатының мақсатты пайдаланылуы туралы есептер беру;
      тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi Жалпыұлттық қордың аймақтағы өкiлдiгiн жүзеге асыру;
      тұрмысы төмен азаматтарды қолдау мәселелерi жөнiнде қолданылып

 

жүрген заңдарға қайшы келмейтiн басқа да шараларды жүзеге асыру.

     3.4. Қор өз қызметiнiң мақсаттарымен және нысанасымен тiкелей

немесе жанама байланысты немесе осындай қызмет мақсаттары мен

нысанасына, не ол қатыса алатын кез келген ұйымның мақсаты мен

нысанасына қол жеткiзуге жәрдемдесетiн барлық операциялармен және

мәмiлелермен айналыса алады.

     3.5. Қордың қызмет мерзiмi шектелмейдi.


                                4-бап


                          ҚОРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ


     Қор Қазақстан Республикасының заңдарында қоғамдық қорлар үшiн

көзделген барлық құқықтарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының

заңдарымен тыйым салынбаған Қордың кез келген қызметiн жүзеге асыру

үшiн қажеттi немесе тиiстi барлық құқықтарға ие.


                                5-бап


                           ҚОРДЫҢ МЕНШIГI



 
       5.1. Қор өзiне Құрылтайшылары берген мүлiктiң (жарғы капиталы),

 

ерiктi қайырмалдықтар түрiнде берiлген мүлiктiң, сондай-ақ

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сатып алынған басқа да

мүлiктiң меншiк иесi болып табылады.

     5.2. Қордың жарғы капиталы Құрылтайшылары құрады және ол Қордың

меншiгiне iс жүзiнде берiлген (есептелген) сәтке дейiн ғана болады.

     5.3. Қордың Құрылтайшыларының жарғы капиталын қоса алғанда,

қордың мүлкiне мүлiктiк құқықтары жоқ.


                                6-бап


                      ҚОРДЫҢ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ



 
       6.1. Қордың жоғары басқару органы Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi Жалпыұлттық қордың Қамқоршылық кеңесi болып табылады, оның құрамы мен өкiлеттiктерi оның Жарғысымен белгiленген.
      6.2. Атқарушы директор Қордың дара атқарушы органы болып табылады.
      6.3. Қамқоршылық кеңесiнiң құзыретiне кiретiн мәселелердi қоспағанда Атқарушы Директор Қордың қызметiне байланысты барлық мәселелердi шешедi, оның iшiнде:
      1) кедейлер мен үйсiздерге көмек берудiң аймақтық бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысады;
      2) Қордың қаржы және материалдық құралдарына билiк етедi;
      3) Қордың қызметiнiң нәтижелерi туралы жылдық есептердi әзiрлейдi және оларды Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi Жалпыұлттық қордың Атқарушы Дирекциясына бередi.
      6.4. Қордың Атқарушы директорын Қамқоршылық кеңесi үш жыл мерзiмге тағайындайды. Атқарушы директорды жаңа мерзiмге қайта тағайындау немесе Атқарушы директоры тағайындауды Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi Жалпыұлттық қордың Жарғысына сәйкес Қамқоршылық кеңесi жүзеге асырады.
      6.5. Қордың Атқарушы директоры:
      1) сенiмхатсыз Қордың атынан iс-қимыл жасайды, барлық отандық және шетелдiк ұйымдарда оның мүдделерiн бiлдiредi;
      2) Қордың мүлкiне және қаражатына билiк етедi, шаруашылық шарттарын жасайды, сенiмхаттар бередi, банктерде есеп айырысу шоттарын және өзге де шоттарды ашады, штат кестесiн бекiтедi, бұйрықтар шығарады;
      3) шаруашылық қызметiнiң бағыттары бойынша еңбек шарттарын және

 

келiсiм-шарттарын жасайды;

     4) Қордың қызметiн жүзеге асыру үшiн қажеттi өзге де

өкiлеттiктердi орындайды.

     6.6. Қордың қызметiн бақылауды Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау

жөнiндегi Жалпыұлттық қордың Тексеру комиссиясы жүзеге асырады, оның

құрамы мен өкiлеттiктерi Жарғымен белгiленедi.


                                7-бап


                        ҚОРДЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРI,

                      ҚАРЖЫ-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТI



 
       7.1. Қордың қызметкерлерi конкурстық-шарттық негiзде қалыптасады. Қордың қызметкерлерiн жалдау және жұмыстан босату, еңбекақы төлеу және материалдық ынталандыру нысандары мен оның мөлшерлерi мәселелерiн Атқарушы дирекция шешедi.
      Қор жекелеген мiндеттердi орындау үшiн штаттан тыс қызметкерлердi, сарапшылар мен мамандарды тартуға, сондай-ақ уақытша шығармашылық ұжымдарын құруға құқылы. Мұндай адамдардың еңбегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте жүргiзiледi.
      7.2. Қордың мақсаттарына жету және Қордың қызметiнiң нысанасын қамтамасыз ету үшiн Қор Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қаржы-шаруашылық қызметiн жүзеге асырады.
 

                                8-бап



 
 
                     ҚАРЖЫ ЖЫЛЫ, ЕСЕП ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРУ
 
      8.1. Қордың қаржы жылы, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, қызметiнiң бiрiншi жылы Қорды тiркеу күнiнен басталып, осы жылдың отыз бiрiншi желтоқсанында аяқталатынын қоспағанда, әрбiр күнтiзбелiк жылдың бiрiншi қаңтарынан басталады

 

және отыз бiрiншi желтоқсанында аяқталады.

     8.2. Қордың есеп және есеп беруi Қазақстан Республикасы

заңдарында көзделген талаптарына сәйкес жүргiзiледi.

     8.3. Қор өзiнiң мүлкiн пайдалану туралы есептi Қазақстан

Республикасының заңдарына сәйкес жариялайды.


                               9-бап


                       ҚОРДЫҢ ҚЫЗМЕТIН ТОҚТАТУ



 
       9.1. Қордың қызметi Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi Жалпыұлттық қордың шешiмi бойынша немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге жағдайларда тоқтатылады. Мұндай тоқтату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қайта ұйымдастыру (қосу, қосылу, қайта құру және т.б.) немесе тарату жолымен жүргiзiледi.
      9.2. Қорды таратуды Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi Жалпыұлттық қордың Қамқоршылық кеңесi тағайындайтын тарату комиссиясы немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот жүргiзедi.
      9.3. Тарату комиссиясы тағайындалған сәттен бастап Қордың iстерiн басқару жөнiндегi өкiлеттiктер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тарату комиссиясына көшедi. Тарату комиссиясы қордың мүлкiн бағалайды, несие берушiлердi анықтайды және олармен есеп айырысады. Қордың үшiншi тұлғалардың алдындағы борыштарын төлеуге шаралар қолданады, тарату балансын жасайды және оны бекiтуге Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөнiндегi Жалпыұлттық қордың Қамқоршылық кеңесiне немесе, соттың шешiмi бойынша таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының тиiстi мемлекеттiк органына табыс етедi.
      9.4. Қорды таратқан соң, қалған мүлiк, Жарғыда көзделген мақсаттарға жолданады.
 
      Атқарушы директор
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады