Зейнеткерлердi және халықтың табысы аз жiктерiн әлеуметтiк қорғау жөнiндегi аймақтық қайырымдылық қорларын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1994 жылғы 15 шiлде N 1805. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001.09.04. N 677 Жарлығымен. ~U010677

      Зейнеткерлердi, еңбекке жарамсыздарды және табысы аз азаматтарды әлеуметтiк қорғау мақсатында қаулы етемiн:
      1. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi жанынан зейнеткерлердi және халықтың табысы аз жiктерiн әлеуметтiк қорғау жөнiнде жалпы мөлшерi қосымшаға сәйкес 50 млн. АҚШ долларына барабар аймақтық қайырымдылық қорлары (бұдан былай қорлар) құрылсын, оның iшiнде 25 млн. доллар орталықтандырылған көздер есебiнен iздестiрiлсiн.
      Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетi мен облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi аталған қорлардың қаржысын қалыптастыруды 1994 жылғы 1 қарашадан кешiктiрмей аяқтайтын болсын.
      Облыстардың, Алматы, Ленинск қалаларының әкiмдерi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қорларға қаржы бағыттап отырсын.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жергiлiктi көздерден қорларға түсетiн қаржыға пропорциялы түрде республикалық бюджеттен қорларға қаржы аударатын болсын.
      2. Былай деп белгiленсiн:
      қорлардың қаржысы банктiк депозиттерге немесе мемлекеттiк бағалы қағаздарға орналастырылады, ал олардан түскен табыс қорлардың қаржысын еселей түсу үшiн пайдаланылады; <*>
      қорлардың табысы халыққа қайырымдылық көмек көрсетуге бағытталатыны ескерiлiп, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi қорлардың қаржысын комиссиялық сыйақы төлеуiнсiз мемлекеттiк бағалы қағаздарға орналастырылсын; <*>
      қорға басшылықты әкiммен бiрлесiп құрылатын Басқарма жүзеге асырады. Басқарманың құрамына ардагерлер ұйымдарының, халықты әлеуметтiк қорғау органдарының өкiлдерi. <*>
      Жәрдемақы мен көмек адамдарға Қор басқармасының шешiмi анықтаған мөлшерде аталып берiледi.
      Ескерту. 2-тармақтың 2-шi,3-шi және 4-шi абзацтарына өзгерiстер
               енгiзiлген - ҚР Президентiнiң 1995.06.28. N 2349
               Жарлығымен.
      3. Қор қызметiнiң негiзгi бағыттары:
      - зейнеткерлерге және азаматтардың табысы аз және еңбекке жарамсыз өзге де санаттарына арнаулы қаржы және материалдық қолдау көрсету;
      - денсаулық сақтау мекемелерiнде емдеу және сауықтыру қызметiн көрсету ақысын төлеуге көмек көрсету;
      - ерекше мұқтаж азаматтарға тегiн түстiк беретiн асханалар ұйымдастыру деп анықталсын.
      4. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi "Зейнеткерлер мен мүгедектердiң арасындағы жалғыз тұратын жұмыс iстемейтiн азаматтарды әлеуметтiк қолдау жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 18 қаңтардағы N 1509 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1994 ж., N 4, 30-бап) орындалуы туралы 1994 жылғы 15 тамызға қарай баяндайтын болсын.
      5. Осы Жарлықтың орындалуына бақылау жасау Қазақстан

Республикасының Президентi жанындағы Бас бақылау инспекциясы мен
республика Президентiнiң аймақтар бойынша өкiлдерiне жүктелсiн. 
     6. Жарлық жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. 
     
     Қазақстан Республикасының
             Президентi 
     
     
                                       Қазақстан Республикасы
                                           Президентiнiң
                                       1994 жылғы 15 шiлдедегi
                                          N 1805 Жарлығына
                                              Қосымша 
     
            Зейнеткерлердi және халықтың табысы аз жiктерiн
           әлеуметтiк қорғау жөнiндегi аймақтық қайырымдылық
                          қорларының
                            Мөлшерi
                                       (барабарлығы-мың АҚШ
                                                   доллары)
--------------------------------------------------------------------
 Облыстар және республикалық  ! Барлығы ! Оның iшiнде республикалық
 бағыныстағы қалалар          !         ! бюджет есебiнен
--------------------------------------------------------------------
1. Ақмола                        2562              1200
2. Ақтөбе                        2023               994
3. Алматы                        2768              1700
4. Атырау                        1200               600
5. Шығыс Қазақстан               3856              1800
6. Жамбыл                        2784              1400
7. Жезқазған                     1360               600
8. Батыс Қазақстан               2000              1000
9. Қарағанды                     4096              1900
10. Қызылорда                    1648               824
11. Көкшетау                     2128              1084
12. Қостанай                     3488              1700
13. Маңғыстау                     592               300
14. Павлодар                     2768              1200
15. Солтүстiк Қазақстан          2080              1100
16. Семей                        2832              1420
17. Талдықорған                  2208              1200
18. Торғай                        768               438
19. Оңтүстiк Қазақстан           4384              2200
20. Алматы қаласы                4366              2300
21. Ленинск қаласы                 80                60

     Жиыны                      50000             25000 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады