Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 тамыздағы N 1262 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 30 қаңтардағы N 56. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.07.25. N 773 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      "Адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн, адвокаттық және нотариалдық қызметтер көрсетудi, жылжымайтын мүлiктi бағалауды лицензиялау мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 тамыздағы N 1262  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 37, 359-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      2-тармақтағы "1 қаңтарына дейiн" деген сөздер "1 сәуiрiне дейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақтағы "бiр ай мерзiм iшiнде" деген сөздер алынып тасталынсын;
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн лицензиялаудың тәртiбi туралы ережеде:
      1-тармақтағы "мен оның аумақтық органдары" деген сөздер алынып тасталсын.
      IХ тарау алынып тасталсын.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады