Адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн, адвокаттық және нотариалдық қызметтер көрсетудi лицензиялау мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 15 тамыздағы N 1262. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.07.25. N 773 қаулысымен

      ЕСКЕРТУ. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 330  қаулысымен
      ЕСКЕРТУ. Атауы өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.02. N 1389  қаулысымен
     "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi  Заңына , "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Лицензиялау туралы" заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 сәуiрдегi  Заңына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:<*> 
      1. Қоса берiлiп отырған: 
      Адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн көрсетудi лицензиялаудың тәртiбi туралы ереже; 
      <*> 
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.02. N 1389 
қаулысымен .  
      2. "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 сәуiрдегi Заңы қабылданғанға дейiн Адвокаттық қызметпен байланысты емес заң қызметiн көрсетудi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар 1998 жылдың 1 сәуiрiне дейiн мұндай қызметтер көрсету құқығына арналған лицензия алуы тиiс деп белгiленсiн.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.01.30. N 56  қаулысымен
      3. Қоса берiлiп отырған: 
      адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметтерiн көрсету құқығына арналған мемлекеттiк лицензияның (заңды тұлғаларға арналған) (1-қосымша); 
      адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн көрсету құқығына арналған мемлекеттiк лицензияның (жеке тұлғаларға арналған) (2-қосымша); 
      4-абзац<*> 
      5-абзац<*> 
      жылжымайтын мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтердi жүзеге асыру құқығына арналған мемлекеттiк лицензияның (заңды тұлғаларға арналған) (5-қосымша); 
      жылжымайтын мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтердi жүзеге асыру құқығына арналған мемлекеттiк лицензияның (жеке тұлғаларға арналған) (6-қосымша) нысандары бекiтiлсiн. 
       ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың 4,5 абзацтары күшiн жойды - ҚРҮ-нiң
1998.12.23. N   1325   және 2001.11.02. N   1389   қаулыларымен. 
      4. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Банкнот фабрикасына лицензиялардың бланкiлерiн дайындауға арналған тапсырыстарын орналастырсын.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 330  қаулысымен .  
      5. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894 
қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат) мынадай толықтыру енгiзiлсiн: 
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада: 
      3-бағандағы реттiк саны 17 жолдағы "сот-сараптау қызметi" деген сөздерден кейiн "нотариалдық және адвокаттық қызметпен байланысты емес" ақылы заң қызметiн көрсету және жылжымайтын мүлiктi бағалау" деген сөздермен толықтырылсын. 
      6. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бөлiнген қаржы қаражаты мен қолда бар штат санының шегiнде адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн көрсетуге арналған лицензияларды, адвокаттық және нотариалдық қызметтер көрсету құқығына арналған лицензияларды, мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензияларды берудi ұйымдастыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.<*>
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақтан сөзде алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1998.01.30. N 56 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.02. N 1389 
қаулысымен .        

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң           
1997 жылғы 15 тамыздағы     
N 1262 қаулысымен        
бекiтiлген            

       ЕСКЕРТУ. Мәтініндегі сөздер ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 330   қаулысымен

           Адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң
              қызметiн лицензиялаудың тәртiбi туралы
                              ЕРЕЖЕ

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңына сәйкес әзiрленген осы Ереже ақылы заң қызметiн көрсетудi лицензиялау субъектiлерiн, оларға лицензия алу кезiнде ұсынылатын бiлiктiлiк талаптарын, адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн көрсетуге арналған лицензияларды берудiң, олардың қолданылуын тоқтата тұрудың және тоқтатудың, сондай-ақ керi қайтарып алудың тәртiбi мен шарттарын айқындайды. 

       I. Жалпы ережелер  

      1. Адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн лицензиялауды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнiң Тiркеу қызметi комитетi (бұдан әрi - лицензиар) жүзеге асырады.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1998.01.30. N 56   қаулысымен .  
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.11.02. N 1389 
қаулысымен .  
      2. Осы Ережеге сәйкес лицензиялауға Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiк азаматтарға, азаматтығы жоқ адамдарға, олардың ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында қызмет iстейтiн заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына, шетелдiк заңды тұлғаларға (бұдан әрi - Лицензиат) көрсетiлетiн адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметкерi жатады. <*> 
       ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 330 
қаулысымен .  
      3. Мемлекеттiк органдардың құрылымындағы заң қызметтерiнiң, адвокаттар алқаларының, сондай-ақ ақылы заң қызметтерiн көрсетумен байланысты емес өзге де заң қызметтерiнiң қызметi лицензиялауға жатпайды. <*> 
       ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 330 
қаулысымен .  
      4. Лицензияны белгiленген нысан бойынша Лицензиар бередi. 
      Адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн көрсетуге арналған лицензия заңды тұлғалардың (филиалдардың), сондай-ақ заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы жеке тұлғалардың қызметтiң осы түрiмен айналысуға арналған құқығын куәландыратын құжат болып табылады. 
      5. Лицензия басқа заңды немесе жеке тұлғаға берiлмейдi. 
      6. Осы Ережеге сәйкес жеке адамға берiлген лицензияны оның иесi адвокаттық немесе нотариалдық қызметтердi жүзеге асыру үшiн пайдалана алмайды. 
      7. Лицензия басты, тұрақты болып табылады және оның қызметi Қазақстан Республикасының барлық аумағына қолданылады. <*> 
       ЕСКЕРТУ. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 330  қаулысымен .  
      8. Лицензиялар бланкiлерiн дайындауды, есепке алуды және сақтауды Лицензиар жүзеге асырады. 
      9. Лицензиар лицензиаттар туралы, сондай-ақ берiлген, қолданылуын тоқтатқан және керi қайтарылып алынған лицензиялар және қолданылуы тоқтатыла тұрған лицензиялар туралы мәлiметтер енгiзiлетiн лицензиялардың тiзiлiмiн жүргiзедi. Тiзiлiмдi жүргiзудiң нысаны мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлейдi. 

       II. Лицензиаттарға қойылатын бiлiктiлiк талаптары 

      10. Жеке адам: 
      Қазақстан Республикасы бiлiм беру мекемесiнiң жоғары заң бiлiмi туралы дипломы немесе шетелдiк мемлекет бiлiм беру мекемесiнiң Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде немесе Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген тәртiппен және талаптарда Қазақстан Республикасында танылған жоғары заң бiлiмi туралы дипломы; 
      заң мамандықтары бойынша кемiнде екi жылғы жұмыс стажы Қазақстан Республикасының аумағында; <*> 
      Шетелдiк мемлекеттiк бiлiм беру мекемесiнiң жоғары заң бiлiмi туралы дипломы бар адам осы дипломды берген мемлекеттiң заңдары бойынша консультациялар түрiнде ақылы заң қызметiн көрсетуге құқылы. 
       ЕСКЕРТУ. 10-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 330  қаулысымен
      11. Заңды тұлғалар: 
      заңды тұлғаларды, шетелдiк заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгi; 
      сауда тiзiлiмiнiң көшiрмелерi немесе өз елiнiң заңдары бойынша осындай болып табылатындығын растайтын басқа да құжаты;<*> 
      қызметтiң лицензияланатын түрi олардың жарғыларында (коммерциялық емес ұйымдар үшiн)" бекiтiлуi; <*> 
      оларда осы Ереженiң 10-тармағының талаптарына жауап беретiн, заң қызметтерiн көрсету жөнiндегi заңды тұлғаның атынан қызметкердiң (қызметкерлердiң) немесе қатысушының (қатысушылардың) болуы кезiнде адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметтерiн көрсетуге арналған лицензиялар алуға өтiнiш беруге құқылы. <*> 
      Егер шетелдiң қатысуымен заңды тұлғаның, атынан адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметтерiн көрсететiн екi және одан да көп тұлғалар қатысқан жағдайларда, олардың кемiнде жартысы осы Ереженiң 10-тармағының талаптарына жауап беретiн, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылуы қажет. <*>
       ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 330
қаулысымен .    

       III. Лицензияларды берудiң шарттары мен тәртiбi 

     12. Жеке адамдар лицензиялар алу үшiн лицензиялық органға:
     Лицензиар белгiлеген нысан бойынша өтiнiш;
     лицензиялық алымды төлегендiгi туралы квитанция немесе төлем тапсырмасының көшiрмесiн;
     жоғары заң бiлiмi туралы дипломының көшiрмесiн;
     еңбек кiтапшасының немесе заңгерлiк мамандығы бойынша талап етiлетiн жұмыс стажын растайтын құжаттың нотариалдық расталған  көшiрмесiн; <*> 
      ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 330 
қаулысымен .
     13. Заңды тұлғалар (шетелдiк заңды тұлғалардың филиалдары) лицензиялар алу үшiн лицензиялық органға: 
     заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң (шетелдiк заңды тұлғаның филиалының есептiк тiркелуi туралы куәлiктiң) нотариалдық расталған көшiрмесiн; 
     заңды тұлғаның жарғысының (шетелдiк заңды тұлғаның филиалы туралы ереженiң) нотариалдық расталған көшiрмесiн; 
     тiкелей адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн көрсететiн тұлғалардың тiзiмiн; 
     заңды тұлғалардың (шетелдiк заңды тұлғаның филиалының) сонда жұмыс iстейтiн немесе оның атынан қатысатын қызметкерiнiң жоғары заң бiлiмi туралы дипломының көшiрмесiн; 
     заңды тұлғаның (шетелдiк заңды тұлғаның филиалының), заңгерлiк мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс iстейтiн немесе оның атынан қатысатын қызметкерiнiң жұмыс стажын растайтын еңбек кiтапшасының немесе құжаттарының нотариалдық расталған көшiрмесiн; <*> 
     лицензиялық алымды төлегендiгi туралы квитанцияны немесе төлем тапсырмасының көшiрмесiн ұсынады. 
      ЕСКЕРТУ. 13-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 330 
қаулысымен .  
     14. Шетелдiк өкiметтердiң қатысуымен шетелдерде жасалған немесе олардан шыққан құжаттар қазақ немесе орыс тiлiндегi нотариалдық расталған аудармасымен, егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, оларды Қазақстан Республикасының консулдық мекемелерi заңдастыру талаптарымен ұсынылуы тиiс. 
     15. Лицензиар өтiнiштердi қараудың нәтижелерi бойынша барлық қажеттi құжаттармен бiрге өтiнiш берiлген күннен бастап бiр айлық мерзiмнен, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - он күн мерзiмнен кешiктiрмей лицензияларды беру немесе беруден бас тарту туралы шешiм қабылдайды. <*> 
      ЕСКЕРТУ. 15-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 330 
қаулысымен .  
     16. Лицензиатқа берiлген лицензияларға ол лицензиялардың тiзiлiмiне енгiзiлетiн тiркеу нөмiрi берiледi. 
     17. Лицензиат жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты, заңды тұлғаның атауы өзгерген жағдайда бiр ай мерзiмде, оған көрсетiлген өзгерiстi растайтын құжатты қоса беру арқылы, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi. 
     Лицензияны қайта ресiмдеу үшiн осы Ереженiң 33-тармағында көзделген тәртiппен лицензиялық алым алынады.
     Лицензия жоғалған кезде Лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша 10 күннiң iшiнде лицензияның көшiрмесi берiледi. Лицензияның көшiрмесiн бергенi үшiн осы Ереженiң 33-тармағында көзделген тәртiппен лицензиялық алым төленедi. <*>
      ЕСКЕРТУ. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 330   қаулысымен .     

       IV. Лицензияларды беруден бас тарту 

     18. Лицензияларды беруден "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңының 19-бабында көзделген негiздер бойынша бас тартылуы мүмкiн. 
     19. Лицензиялар беруден бас тартылған кезде өтiнiш берушiге лицензияларды беру үшiн белгiленген мерзiмдерде, бас тартудың себептерi көрсетiле отырып, жазбаша түрде дәлелдi жауап тапсырылады. 
     20. Бас тарту туралы шешiм сотқа шағымдалуы мүмкiн.  

       V. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе
        тоқтату. Лицензияларды керi қайтарып алу 

     21. Лицензияның қолданылуын Лицензиар:
     Лицензиаттың лицензия беру үшiн негiз болып табылатын құжаттарда анық емес немесе әдейi бұрмаланған ақпараттар ұсынуы фактiсi анықталған; 
     Лицензиат заңды тұлға атауының немесе төлқұжаттық мәлiметтердiң өзгергендiгi туралы мәлiметтi лицензиарға бiр ай мерзiм iшiнде хабарламаған; 
     Лицензиаттың (заңды тұлғаның) тарату процесiнде болуы; <*> 
     прокуратура органдары және салық қызметтерi Лицензиардың лицензиялайтын қызметтерiн тексерудiң нәтижесiнде анықталған заңдар нормаларының бiрнеше мәрте бұзылуы; 
     Лицензиат Лицензиарға осы Ережеде белгiленген мәлiметтердi беруден бас тартуы жағдайларында алты айға дейiн мерзiмге тоқтата тұруы мүмкiн. 
      ЕСКЕРТУ. 21-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 330   қаулысымен
     22. Лицензиар лицензияның қолданылу мерзiмiн тоқтата тұру туралы лицензиаттарға оның себептерiн көрсете отырып, мұндай шешiм қабылдағаннан кейiнгi бiр апталық мерзімде жазбаша түрде хабарлайды. 
     23. <*> 
      ЕСКЕРТУ. 23-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 330   қаулысымен
     24. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, тоқтата тұру кезеңiнде адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметiн көрсетуге тыйым салуға әкеп соқтырады. 
     25. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы Лицензиардың шешiмiне сотқа шағым жасалуы мүмкiн. 
     26. Лицензияның қолданылуы "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңының 21-бабында көзделген жағдайларда да тоқтатыла тұруы мүмкiн. 
     27. Лицензияның қолданылуының мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы Лицензиардың шешiмiмен ресiмделедi және ол туралы лицензияның тiзiлiмiне тиiстi жазба енгiзiледi. 
     28. Лицензияның қолданылуы мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайда Лицензиат лицензияны он күндiк мерзiмде оның iшiнде соттың шешiмiн атқару тәртiбiмен оны берген органға қайтаруы тиiс. 
     29. <*> 
      ЕСКЕРТУ. 29-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 330   қаулысымен
     30. Лицензия "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңының 22-бабында көзделген жағдайларда сот тәртiбiмен керi қайтарылып алынуы мүмкiн. 

       VI. Лицензиаттардың құқықтары мен мiндеттерi 

      31. Лицензиаттар: 
      шарттық талаптарға адвокаттық қызметпен байланысты емес ақылы заң қызметтерiн көрсетуге; 
      лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату мәселесi жөнiндегi барлық материалдармен танысуға, сондай-ақ лицензиар бұл материалдарды қараған кезде қатысуға құқылы. 
      32. Лицензиаттар: 
      Қазақстан Республикасы заңдарының нормалары мен талаптарын сақтауға; 
      Лицензиарға Лицензиатқа лицензияларды беру кезiнде қойылған талаптардың сақталуына бақылау жасауы үшiн қол жеткiзудi қамтамасыз етуге;
      Лицензиардың сұратуы бойынша анықтамалық және лицензияланатын қызметтер көрсетуiмен байланысты басқа да мәлiметтер ұсынуға; 
      заңды тұлғаны тарату туралы қабылданған шешiм туралы, мұндай шешiмдi қабылдаған органға қарамастан, Лицензиарға хабарлауға мiндеттi.<*>
      Лицензиарға орналасқан жерiнiң өзгергенi туралы хабарлауға  мiндеттi.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 32-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 330 
қаулысымен

       VII. Лицензиялық алым 

      33. Лицензиат қолданылып жүрген заңдарға сәйкес лицензиялық алым төлейдi.
     Лицензияларды қайта ресiмдеу үшiн заңдарда белгiленген лицензиялық алымның негiзгi ставкасынан 50 процент мөлшерiнде ақы алынады. <*>
     Лицензиялардың көшiрмесiн бергенi үшiн лицензияларды беру кезiнде қолданылып жүрген заңдарда белгiленген мөлшерде лицензиялық алым алынады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 33-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 330  қаулысымен
     34. Лицензиялық алым лицензиялар алынғанға дейiн енгiзiледi. 
     Квитанция немесе төлем тапсырмасының көшiрмесi Лицензиарға берiледi. 
     35. Егер Лицензиат лицензияның қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн ақылы заң қызметiн көрсетуге кiрiспесе немесе оны тоқтатса, лицензиялық алымды қайтару немесе оның мөлшерiн қайта есептеу жүргiзiлмейдi. 

      VIII. Лицензиаттың Қазақстан Республикасының заңдары 
           мен осы Ережеде белгiленген талаптарды сақтауына 
           бақылау жасау 

     36. Лицензиаттың Қазақстан Республикасының заңдары мен осы Ережеде белгiленген талаптарды сақтауына бақылау жасауды Лицензиар жүзеге асырады. 
     Тексерулердi жүргiзудiң, олардың тұрақтылығының және мерзiмдердiң тәртiбiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Лицензиар айқындайды.  

      IХ. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен оның
         аумақтық органдарының арасындағы ақылы заң қызметiн
         лицензиялау жөнiндегi функцияларды шектеу 

       ЕСКЕРТУ. IХ-тарау алып тасталды - ҚРҮ-нiң 1998.01.30. N 56 
қаулысымен

Қазақстан Республикасы       
Үкiметiнiң             
1997 жылғы 15 тамыздағы       
N 1262 қаулысымен          
бекiтiлген <*>           

      ЕСКЕРТУ. Мәтініндегі сөздер ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 330   қаулысымен

           Жылжымайтын мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi
                  лицензиялаудың тәртiбi туралы
                            ЕРЕЖЕ 

      "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңына сәйкес жазылған осы Ереже, жылжымайтын мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензияларды берудiң тәртiбi мен шарттарын, лицензияларды беруден бас тартудың, олардың қолданылуын тоқтата тұрудың, тоқтатудың және керi қайтарып алудың негiзiн және лицензиялар алуға үмiткерлерге бiлiктiлiк талаптарын айқындайды. 

       I. Жалпы ережелер  

      1. Жылжымайтын мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi лицензиялауды қызметтiң осы түрiн мемлекеттiк реттеу, республикада жылжымайтын мүлiк рыногын дамыту және аталған салаға инвестицияларды тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi (бұдан әрi - Лицензиар) жүзеге асырады. <*> 
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 330 
қаулысымен
      2. Лицензияны белгiленген нысан бойынша Лицензиар бередi. 
      3. Жылжымайтын мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензия, заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның қызметтiң осы түрiмен айналысуға арналған құқығын куәландыратын құжат болып табылады. 
      4. Лицензияларды беру бiрдей негiздерде және қызметтiң аталған түрі үшiн осы Ережеде белгiленген талаптарға жауап беретiн барлық тұлғаларға арналған шарттарда жүзеге асырылады. 
      5. Жылжымайтын мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға тек лицензиясы болған кезде ғана жол берiледi. 
      6. Лицензияларды басқа тұлғаларға беруге тыйым салынады. 
      7. Лицензия басты, тұрақты болып табылады және оның қызметi Қазақстан Республикасының барлық аумағына қолданылады. <*> 
       ЕСКЕРТУ. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 330  қаулысымен
      8. Лицензия бланкiсi қатаң есеп беру бланкiсi болып табылады және оның есептiк нөмiрi болады. 
      9. Лицензиялық құжаттардың бланкiлерiн, берiлген лицензиялардың көшiрмелерiн есепке алу мен сақтауды және оларды тiркеудi лицензиар жүзеге асырады. 
      10. Лицензиар лицензиаттар туралы, сондай-ақ берiлген, қолданылуы тоқтатылған немесе керi қайтарылып алынған лицензиялар және қолданылуы тоқтатыла тұрған лицензиялар туралы мәлiметтер енгiзiлетiн лицензиялардың тiзiлiмiн жүргiзедi. Тiзiлiмдi жүргiзудiң нысаны мен тәртiбiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлейдi. 

       II. Лицензиаттарға қойылатын бiлiктiлiк талаптары 

      11. Заңды тұлғалар: 
      мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгi; 
      қызметтiң лицензияланатын түрi олардың жарғысында (коммерциялық емес ұйымдар үшiн) бекiтiлген; <*> 
      оларды жылжымайтын мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар қызметкердiң (лердiң) болуы кезiнде бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензияларды алуға өтiнiш беруге құқылы. 
       ЕСКЕРТУ. 11-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 330 
қаулысымен .  
      12. Жеке адамдар: 
      Қазақстан Республикасының жоғары оқу орны берген дипломының немесе Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде немесе Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген тәртiп пен талаптарда Қазақстан Республикасында танылған шетелдiк мемлекеттiң дипломымен расталған жоғары экономикалық немесе техникалық бiлiмi; 
      кемiнде екi жыл жылжымайтын мүлiктi бағалау саласындағы жұмыс тәжiрибесi не кемiнде 2 жыл жылжымайтын мүлiк объектiлерiн техникалық түгендеу (техникалық зерттеу) жөнiндегi жұмыс тәжiрибесi; <*> 
       ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 330 
қаулысымен .  

       III. Лицензияларды берудiң шарттары мен тәртiбi 

      13. Жылжымайтын мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиялар осы Ережеде ұсынылған бiлiктiлiк талаптарына жауап беретiн заңды немесе жеке тұлғаларға берiледi. 
      14. Заңды тұлға лицензия алу үшiн Лицензиарға мынадай құжаттарды: 
      Лицензиар бекiткен нысан бойынша өтiнiш; 
      лицензиялық алымды төлегендiгi туралы квитанцияны немесе төлем тапсырмасының көшiрмесiн; 
      заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң көшiрмесiн, сауда тiзiлiмiнiң немесе шетелдiк заңды тұлғаның өз елiнiң заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатындығын растайтын басқа да құжаттың нотариалдық расталған көшiрмесiн; <*> 
      нотариалдық расталған жарғының көшiрмесiн немесе заңды тұлғаның қызметiн көрсету арқылы, одан көшiрменi; 
      лицензияның (лицензиялардың) көшiрмелерiн қоса беру арқылы жылжымайтын мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар тұлғалардың тiзiмiн ұсынады. 
      заңды тұлғаның атынан жұмыс істейтін немесе әрекет ететін қызметкер(лер)дiң еңбек кiтапшасының жылжымайтын мүлiктi бағалау саласындағы талап етiлетiн жұмыс тәжiрибесiн не жылжымайтын мүлiк объектiлерiн техникалық түгендеу (техникалық зерттеу) жөнiндегi жұмыс тәжiрибесiн растайтын немесе өзге де құжаттың нотариалдық расталған көшiрмесiн; <*> 
      заңды тұлғаның атынан жұмыс iстейтiн немесе әрекет ететiн қызметкер(лер)дiң жоғарғы экономикалық немесе техникалық бiлiмi туралы дипломының нотариалдық расталған көшiрмесiн ұсынады. <*> 
       ЕСКЕРТУ. 14-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 330 
қаулысымен .  
      15. Жеке адамдар жылжымайтын мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензияларды алу үшiн Лицензиарға мынадай құжаттарды: 
      Лицензиар бекiткен нысан бойынша өтiнiш; 
      лицензиялық алымды төлегендiгi туралы квитанцияны немесе төлем тапсырмасының көшiрмесiн; 
      еңбек кiтапшаның немесе жылжымайтын мүлiктi бағалау саласындағы талап етiлетiн жұмыс тәжiрибесiн не жылжымайтын мүлiк объектiлерiн техникалық түгендеу (техникалық зерттеу) жөнiндегi жұмыс тәжiрибесiн растайтын басқа да құжаттың нотариалдық расталған көшiрмесiн; <*> 
      төлқұжатын немесе оны алмастыратын өзге де құжатты (жеке басының куәлiгiн, әскери билетiн) ұсынады. 
       ЕСКЕРТУ. 15-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 330 
қаулысымен .  
      16. Лицензия беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешiм, барлық қажеттi құжаттармен бiрге, өтiнiш берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрмей, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - он күн мерзiмнен кешiктiрмей қабылданады. <*> 
       ЕСКЕРТУ. 16-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 330 
қаулысымен .  
      17. Лицензиатқа берiлген лицензияларға ол лицензиялар тiзiлiмiне енгiзiлетiн тiркеу нөмiрi берiледi. 
      18. Жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты, заңды тұлғаның атауы өзгерген жағдайда Лицензиат бiр ай мерзiмде лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
      Лицензияны қайта ресiмдеу үшiн осы Ереженiң 34-тармағында көзделген тәртiппен лицензиялық алым алынады.
      Лицензия жоғалған кезде Лицензиаттың жазбаша өтiнiшi бойынша 10 күннiң iшiнде лицензияның көшiрмесi берiледi. Лицензияның көшiрмесiн бергенi үшiн осы Ереженiң 34-тармағында көзделген тәртiппен лицензиялық алым алынады. <*>
       ЕСКЕРТУ. 18-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 330 қаулысымен .  

       IV. Лицензияны беруден бас тарту 

      19. Лицензияны беруден "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңының 19-бабында көзделген негiздер бойынша бас тартылуы мүмкiн. 
      20. Лицензияны беруден бас тартылған кезде өтiнiш берушiге лицензияны беру үшiн белгiленген мерзiмдегi бас тартудың себептерi көрсетiле отырып, жазбаша түрде дәлелдi жауап тапсырылады. 
      21. Егер лицензия осы Ережеде белгiленген мерзiмде берiлмесе немесе оны беруден бас тарту өтiнiш берушiге негiзсiз болып көрiнсе, оның бiр айлық мерзiм iшiнде бұл iс-әрекетке заңдарда белгiленген тәртiппен шағымдануға құқығы бар. 
      22. Лицензияны берудi: 
      алынған лицензияға сәйкес жүргiзiлетiн қызмет көрсетулердi белгiлi бiр тұтынушыларға жүзеге асыру туралы; 
      көрсетiлетiн қызметтерге күнi бұрын белгiленген бағалар бойынша белгiлi бiр тарифтер мен бағалаулар белгiлеу туралы талаптармен байланыстыруға қиындатуға тыйым салынады. 


      V. Лицензияның қолданылуын керi қайтарып алу, 
         тоқтата тұру немесе тоқтату 

       23. Лицензия "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңының 22-бабында көзделген жағдайларда сот тәртiбiмен керi қайтарылып алынуы мүмкiн. 
      24. Лицензиар мынадай негiздер бойынша: 
      егер Лицензиат лицензия алған күннен бастап алты айдың iшiнде жылжымайтын мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асырмаса; 
      егер Лицензиардың немесе құқық қорғау органдарының лицензияланатын қызметтi тексеруiнiң нәтижесiнде заңдар нормаларының бұзылғандығы анықталса; 
      егер жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң құнын дұрыс бағаламауды айқындау фактiлерi анықталса; 
      тапсырыс берушiлердiң жылжымайтын мүлiктi бағалау жөнiндегi жұмыстардың сапасыз атқарылғандығына бiрнеше мәрте және негiздi шағымдары болған кезде; 
      егер Лицензиаттың лицензия алу үшiн негiз болып табылатын құжаттарда дұрыс емес немесе әдейi бұрмаланған ақпараттар беру фактiсi анықталса; 
      егер Лицензиат (жеке тұлға) қылмыстық iс бойынша жауапкер ретiнде жауапқа тартылса немесе Лицензиат (заңды тұлға) таратылу процесiнде болса лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұруға құқылы. 
      25. Лицензиар лицензиялардың қолданылуының тоқтата тұрылуы туралы, лицензиаттарға оның себептерiн көрсете отырып, мұндай шешiм қабылдағаннан кейiнгi бiр апталық мерзiм iшiнде жазбаша түрде хабарлайды. 
      26. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жылжымайтын мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi тоқтата тұру мерзiмiнде жүзеге асыруға тыйым салуға әкеп соқтырады. 
      27. Лицензия оны тоқтата тұрудың себептерi жойылғаннан және Лицензиар 3 күндiк мерзiмнен кешiктiрмей Лицензиатқа хабарлайтын тиiстi шешiм қабылдағаннан кейiн қайта басталған болып саналады. 
      28. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы Лицензиардың шешiмiне сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн. 
      29. Лицензияның қолданылуы "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуiрдегi Заңының 21-бабында көзделген жағдайларда да тоқтатылуы мүмкiн. 
      30. Лицензияның қолданылуын мерзiмiнен бұрын тоқтату Лицензиардың шешiмiмен ресiмделедi және ол туралы лицензияның тiзiлiмiне тиiстi жазба енгiзiледi. 
      31. Лицензияның қолданылуы мерзiмiнен бұрын тоқтатылған жағдайларда Лицензиат лицензияларды, оның iшiнде сот шешiмiн атқару тәртiбiмен он күндiк мерзiм iшiнде оны берген органға қайтаруы тиiс. 

       VI. Лицензиаттардың құқықтары мен мiндеттерi 

      32. Лицензиаттар: 
      шарттық талаптарға жылжымайтын мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға; 
      лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату мәселесi жөнiндегi барлық материалдармен танысуға, сондай-ақ Лицензиар бұл материалдарды қараған кезде қатысуға құқықты. 
      33. Лицензиаттар: 
      Қазақстан Республикасы заңдарының нормалары мен талаптарын сақтауға; 
      Лицензиарға Лицензиатқа лицензияны беру кезiнде қойылатын талаптардың сақталуына бақылау жасауға қол жеткiзудi қамтамасыз етуге; 
      Лицензиардың сұратуы бойынша анықтамалық және қызмет көрсетуге байланысты басқа да мәлiметтердi беруге; 
      Лицензиарға көрсетiлетiн қызметтердiң сапасына шағымдар бойынша және кәсiби-әдеп ережелерiнiң сақталмауы мәселелерi бойынша түсiнiктеме беруге; 
     жылжымайтын мүлiктi бағалау жөнiндегi құжатты лицензияның нөмiрiн көрсете отырып өз қолымен бекiтуге (және заңды тұлғалар үшiн - ұйымның басшысының қолымен бекiтуге) мiндеттi. 
     Лицензиарға мұндай шешiмдi қабылдаған органға қарамастан заңды
тұлғаны тарату туралы қабылданған шешiм туралы хабарлауға; <*>
     Лицензиарға орналасқан (тұратын) жерiнiң өзгергенi туралы 
хабарлауға. <*>
     ЕСКЕРТУ. 33-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 330  қаулысымен .   

       VII. Лицензиялық алым

     34. Лицензия қолданып жүрген заңдарға сәйкес лицензиялық алым төлейдi.
     Лицензияларды қайта ресiмдеу үшiн заңдарда белгiленген лицензиялық алымның негiзгi ставкаларынан 50 процент мөлшерiнде ақы алынады.
     Лицензиялардың көшiрмесiн бергенi үшiн лицензияларды беру кезiнде қолданылып жүрген заңдарда белгiленген лицензиялық алым алынады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 330   қаулысымен
     35. <*>
      ЕСКЕРТУ. 35-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 330   қаулысымен .
     36. Лицензиялық алым лицензиялар алынғанға дейiн енгiзiледi.
     37. Егер Лицензиат жылжымайтын мүлiктi бағалау жөнiндегi
қызметке кiрiспеген немесе оны тоқтатқан жағдайда ақыны қайтару немесе қайта есептеу жүргiзiлмейдi. 

      VIII. Лицензиаттың Қазақстан Республикасының заңдары
           мен осы Ережеде белгiленген талаптарды орындауына
           бақылау жасау 

     38. Лицензиаттың Қазақстан Республикасының заңдары мен осы Ережеде белгiленген талаптарды орындауына бақылау жасауды Лицензиар жүзеге асырады. 
     Тексерулердi жүргiзудiң, олардың тұрақтылығы мен мерзiмдердiң тәртiбiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Лицензиар айқындайды.

      IХ. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен оның
         аумақтық әділет органдарының арасындағы жылжымайтын
            мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметті   лицензиялау
                  жөнiндегi функцияларға шек қою

      39. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi:
      бағалау қызметін лицензиялауға әдістемелік басшылықты;
      Қазақстан Республикасының бірнеше облыстарының аумағында немесе бүкіл аумағында өзінің қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға жылжымайтын мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялар беруді;
      лицензиаттар мен аумақтық әділет органдарының лицензиялау мәселелері жөніндегі қызметіне бақылау жасауды;
       лицензиаттар деректерінің бірыңғай банкін қалыптастыруды;
       аумақтық әділет органдарының лицензиялау мәселелері жөніндегі қызметіне шағымдарды қарауды жүзеге асырады.
      40. Аумақтық әділет органдары:
      тиісті облыстың (қаланың) аумақтарында өзінің қызметін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларға жылжымайтын мүлiктi бағалау жөнiндегi қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиялар беруді;
      лицензиялардың бланкілеріне есеп жүргізуді және сақтауды, лицензиялардың тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.  

Қазақстан Республикасы         
Үкiметiнiң                
1997 жылғы 15 тамыздағы         
N 1262 қаулысына            
1-қосымша <*>             

      ЕСКЕРТУ. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 330   қаулысымен .

                  Қазақстан Республикасының Елтаңбасы

                 Адвокаттық қызметпен байланысты емес
                 ақылы заң қызметін көрсету құқығына

                        Мемлекеттік лицензия

     __________________________________________________берілді
         (заңды тұлғаның, филиалдың толық атауы) 

     Мемлекеттік лицензия басты, тұрақты болып табылады
         және оның күші Қазақстан Республикасының
             барлық аумағында қолданылады.     

     Лицензияны берген мемлекеттік орган__________________________
     _____________________________________________________________
                   (мемлекеттік мекеменің толық атауы)  
     Берілген күні "__"___________      __________________жыл
     Тіркеу N_____________________
     _____________________________________________________________
           (лицензиялық орган басшысының аты-жөні мен қолы).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің     
1997 жылғы 15 тамыздағы           
N 1262 қаулысына               
2-қосымша <*>                

      ЕСКЕРТУ. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.03.01.
N 330   қаулысымен

                   Қазақстан Республикасының Елтаңбасы

                 Адвокаттық қызметпен байланысты емес
                  ақылы заң қызметін көрсету құқығына
                        Мемлекеттік лицензия      

     __________________________________________________берілді
         (заңды тұлғаның, филиалдың толық атауы)

     Мемлекеттік лицензия басты, тұрақты болып табылады
         және оның күші Қазақстан Республикасының
             барлық аумағында қолданылады.     

     Лицензияны берген мемлекеттік орган__________________________
     _____________________________________________________________
                   (мемлекеттік мекеменің толық атауы)  

     Берілген күні "__"___________      __________________жыл
     Тіркеу N_____________________
     _____________________________________________________________
           (лицензиялық орган басшысының аты-жөні мен қолы).             

                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                       1997 жылғы 15 тамыздағы
                                           N 1262 қаулысына
                                              3-қосымша 

                 Қазақстан Республикасының елтаңбасы
                        МЕМЛЕКЕТТIК ЛИЦЕНЗИЯ
                            N ___________

____________________________________________________________________
                (жеке тұлғаның толық аты-жөнi)
____________________________________________________________________
адвокаттық қызмет атқару құқығына берiлдi.

     Лицензия бас лицензия болып табылады және Қазақстан
     Республикасының бүкiл аумағында қолданылады.
 
     Лицензияны берген Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi
     Әдiлет министрi _________________________________________
____________________________________________________________________
     Лицензияның берiлген күнi "_____"_____________________ 199__
жыл.
     Лицензияның нөмiрi N _______________
     ___________________ қаласы

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң           
1997 жылғы 15 тамыздағы     
N 1262 қаулысына        
      4-қосымша            

                 Қазақстан Республикасының елтаңбасы
                        МЕМЛЕКЕТТIК ЛИЦЕНЗИЯ
                            N ___________
____________________________________________________________________
                (жеке тұлғаның толық аты-жөнi)
____________________________________________________________________
нотариалдық қызмет көрсету құқығына берiлдi. 

     Лицензия бас лицензия болып табылады және Қазақстан
     Республикасының бүкiл аумағында қолданылады. 

     Лицензияны берген Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi
     Әдiлет министрi _________________________________________
     Лицензияның берiлген күнi "_____"_____________________ 199__
жыл.
     Лицензияның нөмiрi N _______________
     ___________________ қаласы

Қазақстан Республикасы      
Үкiметiнiң            
1997 жылғы 15 тамыздағы     
N 1262 қаулысына        
5-қосымша <*>          

      ЕСКЕРТУ. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.03.01. N 330   қаулысымен .     

                 Қазақстан Республикасының Елтаңбасы

                Жылжымайтын мүлікті бағалау жөніндегі
                   қызметті жүзеге асыру құқығына 
                       Мемлекеттік лицензия      

     ______________________________________________берілді
           (жеке тұлғаның толық аты-жөні)

     Мемлекеттік лицензия басты, тұрақты болып табылады
         және оның күші Қазақстан Республикасының
             барлық аумағында қолданылады

     Лицензияны берген мемлекеттік орган____________________________
     ______________________________________________________________
                   (мемлекеттік мекеменің толық атауы)
     
     Берілген күні"___"_____________   __________________жыл
     Тіркеу N__________________________________
     ______________________________________________________________
            (лицензиялық орган басшысының аты-жөні мен қолы)     

Қазақстан Республикасы      
Үкiметiнiң           
1997 жылғы 15 тамыздағы      
N 1262 қаулысына         
6-қосымша <*>           

      ЕСКЕРТУ. 6-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.03.01.
N 330   қаулысымен

                 Қазақстан Республикасының Елтаңбасы

                Жылжымайтын мүлікті бағалау жөніндегі
                   қызметті жүзеге асыру құқығына
                       Мемлекеттік лицензия    

     ______________________________________________берілді
           (заңды тұлғаның, филиалдың толық атауы)     

     Мемлекеттік лицензия басты, тұрақты болып табылады
         және оның күші Қазақстан Республикасының
             барлық аумағында қолданылады     

     Лицензияны берген мемлекеттік орган____________________________
     ______________________________________________________________
                   (мемлекеттік мекеменің толық атауы)
     Берілген күні"___"_____________   __________________жыл
     Тіркеу N__________________________________
     ______________________________________________________________
            (лицензиялық орган басшысының аты-жөні мен қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады