Оңтүстiк Қазақстан облысының электр энергетикалық объектiлерiнiң қызметiн жандандыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 3 ақпандағы N 72

      Оңтүстiк Қазақстан облысының кәсiпорындары мен халқын электр энергиясымен қамтамасыз етудi қалпына келтiру мақсатында және 1997-2000 жылдарға арналған электр энергиясы рыногын одан әрi дамыту бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Бiрыңғай технологиялық тiзбектi бұзбастан "Оңтүстiк Қазақстан бөлушi электр желiлерi компаниясы" акционерлiк қоғамының мүлкiн бөлудiң мүмкiндiктерiн айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының мына министрлiктерi мен ведомстволарының:
      Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң;
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң;
      Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментiнiң өкiлдерiнен комиссия құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi:
      белгiленген тәртiппен, одан, көрсетiлген комиссия айқындаған мүлкiмен "Түркiстанэнерго" акционерлiк қоғамын бөлу жолымен "Оңтүстiк Қазақстан бөлушi электр желiлерi компаниясы" акционерлiк қоғамын қайта ұйымдастыру мәселесiн қарасын;
      "Түркiстанэнерго" акционерлiк қоғамының жарғысында оның қызметiнiң мәнi ретiнде 1997-2000 жылдарға арналған электр энергиясы рыногын одан әрi дамыту бағдарламасына сәйкес Оңтүстiк Қазақстан облысында бөлiнiстi электр желiлерiн пайдалануды ұйымдастырудың оңтайлы құрылымын әзiрлеудi көздесiн;
      "Түркiстанэнерго" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және пайдалану құқығын "KEGOC" электр желiлерiн басқару жөнiндегi Қазақстан компаниясы акционерлiк қоғамына берсiн.
      3. Осы қаулының 1-тармағында аталған Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары, он күндiк мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментiне комиссия мүшелерiнiң кандидатурасын ұсынсын.
 

     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады