"Қазақстан Республикасының Парламентi Iс Басқармасының Автошаруашылығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 11 ақпандағы N 95

      Ақмола қаласындағы Қазақстан Республикасы Парламентiнiң басшылары мен депутаттарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi аппараттарының қызметкерлерiне автокөлiк қызметiн көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Шаруашылық жүргiзу құқығында "Қазақстан Республикасының Парламентi Iс Басқармасының Автошаруашылығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функциясын жүзеге асыратын уәкiлеттi орган болып айқындалсын.
      3. Кәсiпорынның негiзгi мiндетi:
      Қазақстан Республикасы Парламентiнiң басшылары мен депутаттарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламентi аппараттарының қызметкерлерiне автокөлiк қызметiн көрсетуге байланысты қызметтi жүзеге асыру болып табылады деп белгiленсiн.
      4. Уәкiлеттi орган бiр ай мерзiмде Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн және Кәсiпорынды әдiлет органдарында тiркесiн.
      5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Кәсiпорын мемлекеттiк тiркеуден өткен соң белгiленген тәртiппен Кәсiпорынды Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiне енгiзу туралы қаулының жобасын әзiрлесiн және оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады