"Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 31 желтоқсандағы N 3811 U973811_ Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының аппараты (бұдан әрi - Комиссияның аппараты):
заңдарда белгiленген тәртiппен Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына орналастыруға қатысты объектiлер бойынша сәулет-қала құрылысын бақылау республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын ("Ақмолақұрылысбақылау" МК) әкiмiнiң шешiмi бойынша коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорын етiп қайта тiркеу арқылы Ақмола қаласы әкiмiнiң коммуналдық меншiгiне берсiн;
"Астананы Ақмола қаласына көшiрудiң алғашқы кезеңiнде орналастыруға жататын жоғары және орталық мемлекеттiк органдардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1887 қаулысына P951887_ сәйкес Алматы қаласынан Ақмола қаласына көшiп келген Комиссия аппаратының қызметкерлерiн тұрғын үймен қамтамасыз етсiн;
белгiленген тәртiппен Комиссия аппаратының балансындағы ғимарат пен мүлiктi Қазақстан Республикасының Президентi Iс Басқармасының балансына берсiн.
2. Осы қаулының 1-тармағында көзделген шаралар аяқталған соң Комиссияның аппараты таратылсын, ол үшiн қосымшаға сәйкес құрамда тарату комиссиясы құрылсын.
Тарату комиссиясы заңдарда белгiленген тәртiппен Комиссияның аппаратын таратуды жүзеге асырсын.
3. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң Кеңсесi таратылған Комиссия аппаратының қызметкерлерiн еңбекке орналастыруға жәрдем көрсетсiн.
4. "Ақмола қаласын дамытудың бас жоспарын және оның ықпал ету аймақтары бойынша қала реттеу құжаттарын әзiрлеу мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 17 наурыздағы N 332 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
3-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының аппараты" деген сөздер "Ақмола қаласының әкiмi" деген сөздермен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 11 ақпандағы
N 98 Қаулысына
қосымша
Тарату комиссиясының
ҚҰРАМЫ
Б.Ф.Досмағамбетов - Комиссия аппаратының жетекшiсi,
тарату комиссиясының төрағасы
Комиссия мүшелерi:
Т.Ж.Асанов - Комиссия аппаратының бөлiм
меңгерушiсi
К.С.Аманғалиева - Комиссия аппаратының бас бухгалтерi
С.Е.Ержанов - Комиссия аппаратының бөлiм
меңгерушiсi
А.Д.Мулькина - Қазақстан Республикасының Президентi
Iс Басқармасының аға
референт-бухгалтерi (келiсiм
бойынша)
Л.Т.Оспанғалиева - Комиссия аппаратының референтi,
Комиссияның хатшысы
Н.М.Ыбырайым - Қазақстан Республикасының
Президентi Iс Басқармасының аға
референтi (келiсiм бойынша)