1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 Жарлығын iске асыру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1551 P971551_ қаулысына:
көрсетiлген қаулының 1-қосымшасына:
"Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi" деген жолдар алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Авторлық құқықтар жөнiндегi агенттiгi" деген жолдардан кейiн мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi";
көрсетiлген қаулының 2-қосымшасына:
"Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi" деген жолдағы "525" деген сан "503" деген санмен ауыстырылсын;
"Энергетика, индустрия және саудаминi" деген жолдағы "235" деген сан "257" деген санмен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң мәселелерi, "Қазпатент" және "Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Статистика және талдау жөнiндегi комитетiнiң Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1552 P971552_ қаулысына:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi туралы ережеге:
7-тармақтың оныншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"стандарттау саласында стратегиялық жоспарлау жасау, "Қазақстан-2030" Стратегиясын жүзеге асыру үшiн қажеттi әлемдiк деңгейдегi мемлекеттiк стандарттарды жасауды үйлестiру және олардың енгiзiлуiн және қолданылуын бақылау";
8-тармақтың он сегiзiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан-2030" Стратегиясын iске асыру үшiн қажеттi әлемдiк деңгейдегi мемлекеттiк стандарттарды жасау тапсырмаларын қалыптастырады, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың оларды енгiзуiн және қолдануын бақылайды";
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң құрылымына:
"Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитет (заңды тұлға құқығында) деген жолдар алынып тасталсын;
"Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 қарашадағы N 1642 P971642_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 51, 470-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi туралы ережеге:
7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"стандарттау, метрология және сертификаттау саласында мемлекеттiк саясат жүргiзу";
8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың әлеуметтiк - экономикалық және техникалық ақпаратты халықаралық, мемлекетаралық және мемлекеттiк стандарттау, сертификаттау және өлшем, жiктеу және кодтау бiрлiгi, өнiмдердi штрихпен кодтау және каталогтау жұмысын үйлестiредi, ұйымдастыру және әдiстемелiк басшылық жүргiзедi, мемлекеттiк қару-жарақ кадастрын жүргiзудi қамтамасыз етедi";
көрсетiлген қаулының 1-қосымшасында:
Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда
министрлiгiнiң құрылымы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитет (заңды тұлға құқығында)". 2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Үкiметiне, "Қазақстан-2030" Стратегиясында көзделген стандарттауға, метрологияға және сертификаттауға қойылатын талаптар ескерiлген Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi туралы ереженi ұсынсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi