Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация қызметi жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 26 ақпан N 151. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.12.07. N 1249 қаулысымен. ~P981249

      "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация қызметi жөнiндегi комитетi туралы ереже;
      Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi

Әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация қызметi жөнiндегi
комитетiнiң құрылымы бекiтiлсiн.
     2. "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi жанындағы Әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация
қызметi жөнiндегi комитет туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1996 жылғы 19 желтоқсандағы N 1563  

P961563_

  қаулысының 2, 
4-тармақтарының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 52, 
500-құжат) күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                       1998 жылғы 26 ақпандағы
                                          N 151 қаулысымен
                                             бекiтiлген

         Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар
       министрлiгiнiң Әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық
              авиация қызметi жөнiндегi комитетi туралы

                                ЕРЕЖЕ

                              Миссиясы



      Экономика мен қоғамның әуе тасымалдауларына деген өскелең мұқтаждықтарын қанағаттандыру және Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын дамыту үшiн жағдайлар жасау.

                           1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар жөнiндегi министрлiгiнiң Әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация қызметi жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) өзiне жүктелген мiндеттерi мен функцияларды дербес орындайтын, әуе кеңiстiгiн пайдалану және Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясы мен эксперименттiк авиациясы саласындағы мемлекеттiк басқару, реттеу, үйлестiру және бақылау органы болып табылады.
      2. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, халықаралық шарттар мен келiсiмдердi, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Комитеттiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiн ұстауға көзделген қаржының есебiнен жүзеге асырылады.
      4. Комитет заңды тұлға болып табылады, банк мекемелерiнде

шоттары, өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған Қазақстан
Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген мөрi, сондай-ақ
тиiстi бланкiлерi мен мөртаңбалары бар.

                          II. Басымдықтары

     5. Қазақстан Республикасының әуе көлiгiнде тиiмдi мемлекеттiк
реттеудi ұйымдастыру.
     6. Әуе кеңiстiгiн пайдалану, әуе қозғалысына қызмет көрсету және
азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында нормативтiк
база жасау.
     7. Әуе көлiгiн дамыту үшiн жағдайлар жасау.
     8. Ұшуларды қауiпсiз жүргiзу және басқару жөнiндегi талаптар
кешенiнiң орындалуын қамтамасыз ету.

             III. Мiндеттерi, функциялары мен құқықтары

     9. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:


      әуе тасымалдаулары мен әуе көлiгi қызметiн көрсетулер рыногын қалыптастыру, әуе көлiгiнде мемлекеттiк экономикалық және қаржы саясатын жүргiзу;
      азаматтық және эксперименттiк авиацияның қызметiн, әуе кеңiстiгiн пайдалану мен әуе қозғалысын ұйымдастыруға мемлекеттiк басқаруды, реттеудi үйлестiру мен бақылауды жүзеге асыру;
      азаматтық және эксперименттiк авиацияның қызметiн, әуе кеңiстiгi мен әуе қозғалысын реттейтiн, халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн нормативтiк құқықтық база жасау болып табылады.

      10. Комитеттiң негiзгi функциялары:
      азаматтық және эксперименттiк авиацияның қызметiн, әуе кеңiстiгiн пайдалану мен әуе қозғалысын ұйымдастыруды мемлекеттiк басқару, реттеу, үйлестiру мен бақылау;
      азаматтық және эксперименттiк авиацияның қызметiн, әуе кеңiстiгi мен әуе қозғалысын реттейтiн нормативтiк құқықтық база әзiрлеу;
      өз құзыретiнiң шегiнде әуе көлiгi саласында мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
      әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi саласында заңдардың сақталуын бақылау болып табылады.

      11. Жүктелген мiндеттерге сәйкес Комитеттiң:
      әуе көлiгiнiң қызметiн мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыруға (нормалар мен нормативтер белгiлеу, сертификаттар, лицензиялар мен арнаулы рұқсаттарды ұйымдастыру, беру, сондай-ақ олардың шарттарының сақталуын бақылау) және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тиiстi шаралар қолдануға;
      белгiленген тәртiппен мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты

уәкiлеттi мемлекеттiк басқару органының функциясын жүзеге асыруға,
сондай-ақ әуе көлiгiнде шаруашылық жүргiзушi серiктестiктердiң
мемлекеттiк үлестерi мен акцияларының пакеттерiн иелену және
пайдалану жөнiндегi функцияны жүзеге асыруға;
     өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн
барлық пайдаланушылар, сондай-ақ азаматтық авиацияның шаруашылық
жүргiзушi субъектiлерi үшiн мiндеттi ведомстволық актiлер шығаруға
құқығы бар.

                         IV. Жауапкершiлiгi

     12. Комитет осы Ережеде көзделген мiндеттер мен функциялардың
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тиiстi түрде орындалуы үшiн
жауапкершiлiкте болады.

                V. Комитет қызметiнiң ұйымдастырылуы

     13. Комитеттi Комитет Төрағасы басқарады.


      14. Комитет Төрағасын Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      15. Комитет Төрағасының оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады.
      16. Комитет Төрағасы дара басшылық негiзiнде Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Комитетке жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы және оның өз функциясының орындалуы үшiн жеке жауап бередi.
      17. Комитет Төрағасы осы мақсатта:

     Комитеттi орталық және жергiлiктi атқарушы органдарда және
халықаралық ұйымдарда бiлдiредi;
     өз орынбасарларының мiндеттерiн, өкiлеттiктер шеңберiн және
жауапкершiлiк дәрежесiн белгiлейдi;
     Комитет аппаратының қызметкерлерi мен Комитеттiң құрылымдық
бөлiмшелерiнiң басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен
босатады;
     Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы Ереженi және Комитет
аппараты қызметкерлерiнiң лауазымдық нұсқаулықтарын бекiтедi;
     өзiнiң өкiлеттiктерiнiң шегiнде бұйрықтар шығарады және
нұсқаулар бередi, олардың орындалуын бақылайды.
     18. Комитет өзiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн басқармалар мен
бөлiмдерден тұрады.
     19. Комитеттiң штат кестесiн Қазақстан Республикасының Көлiк
және коммуникациялар министрi бекiтедi.

                                         Қазақстан Республикасы
                                               Үкiметiнiң
                                         1998 жылғы 26 ақпандағы
                                            N 151 қаулысымен
                                               бекiтiлген

                Қазақстан Республикасының Көлiк және
             коммуникациялар министрлiгi Әуе кеңiстiгiн
        пайдалану және азаматтық авиация қызметi комитетiнiң

                              ҚҰРЫЛЫМЫ

     Басшылық
     Азаматтық авиация қызметiн реттеу басқармасы
     Халықаралық қатынастар бөлiмi
     Нормативтiк-құқықтық қамтамасыз ету бөлiмi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады