Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 4 ақпандағы N 76 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 3 наурыздағы N 163

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Шардара ГЭС-i" акционерлiк қоғамын құру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 4 ақпандағы N 76 P980076_ қаулысына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      5-тармақтағы "тиiмдi жұмыс iстеуiн" деген сөздерден кейiн

 

"Шардара су қоймасы мен оның құрылыстарын ұстауды, Оңтүстiк Қазақстан,

Қызылордда облыстарын кепiлдендiрiлген сумен жабдықтауды" деген

сөздермен толықтырылсын;

     мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

     "6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су

ресурстары жөнiндегi комитетi экологиялық талаптарды ескере отырып

аймақта су ресурстарын реттеудi және кешендi пайдалануды қамтамасыз

етсiн".


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады