Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 мамырдағы N 562 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 10 наурыздағы N 192. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Әлеуметтiк сала объектiлерiн жекешелендiру мен қайта құрылымдаудың секторлық бағдарламасын iске асыруды жеделдету, бюджеттiк мекемелердiң мемлекеттiк мүлкiн сату жөнiнде саудаластық жүргiзумен байланысты қызметтi реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      "Жекешелендiру объектiлерiнiң құнын бағалау жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 мамырдағы N 562  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 19, 166-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      аталған қаулымен бекiтiлген Жекешелендiру объектiлерiнiң құнын бағалау жөнiндегi ережеде: 
      "Мүлiктiк кешендер мен мүлiктi бағалау" деген II бөлiмде: 
      мынадай мазмұндағы 6-iшкi бөлiммен толықтырылсын: 
      "6. Жекешелендiру объектiсi ретiнде бюджеттiк мекеменiң бағасын анықтау 
      21. Мүлiктiк кешен ретiндегi бюджеттiк мекеменiң бастапқы бағасы шығыстар сметасының атқарылу балансы деректерiнiң негiзiнде анықталады. Мекеменiң балансы мемлекеттiк мүлiкке билiк етуге уәкiлеттi мемлекеттiк орган жекешелендiру туралы шешiм қабылдаған күнге берiледi. 
      Мекеменiң бастапқы бағасы (МекББ) мынадай формула бойынша анықталады: 
      МекББ= МекА-МекШ-МекМ-Нқт+МекК, мұнда 
      МекА - мекеме активтерiнiң жалпы құны (шығыстар сметасының атқарылу балансының 440 жолы); 
      МекШ - мекеменiң шығыстары (шығыстар сметасының атқарылу балансы Активiнiң "Шығыстар" деген 7-бөлiмi жолдарының қосындысы); 
      МекМ - мекеменiң мiндеттемелерi (шығыстар сметасының атқарылу балансы Пассивiнiң "есептер" деген 3-бөлiмi жолдарының қосындысы); 
      Нқт - негiзгi құралдардың тозуы (шығыстар сметасының атқарылу балансы Пассивiнiң "Қорлар және мақсаты арналымды құралдар" деген 2-бөлiмi жолдарының қосындысы); 
      МекК - мекеменiң арнайы құралдары бойынша кiрiстерi (шығыстар сметасының атқарылу балансының 720 және 360 жолдарының оң айырмасы). 
      Жекешелендiру сәтiндегi жұмсалмай қалған бюджет қаражатының жұмсалуына арналған лимиттiң бос қалдығы тиiстi бюджеттiң кiрiсiне есептелуге тиiс. 
      22. Жер учаскесiне деген меншiк немесе тұрақты жер пайдалану құқығының құнын бағалау осы Ереженiң 2-iшкi бөлiмiне сәйкес жүргізiледi. 
      23. Жекешелендiрiлген мекеменiң Сатып алушысының азаматтық құқықтары мен мiндеттемелерiнiң құқықтық мұрагерлiгi сатып алу-сату шартына қол қойылған сәттен басталады.
      Мекеме Сатып алушының меншiгiне кредиторлық және дебиторлық берешегiмен бiрге сатылады.
      24. Мекеменiң жекешелендiру объектiсi ретiндегi бағасы мекеменiң саудаластық барысында белгiленген сату бағасынан және мекеменiң үй-жайлары немесе ғимараттары алып жатқан бүкiл жер учаскесiне немесе оның белгiлi бiр бөлiгiне деген меншiк немесе тұрақты жер пайдалану құқығының бағалау құнынан құралады";
      6-iшкi бөлiм 7-iшкi бөлiм болып есептелсiн;
      21-30-тармақтар тиiсiнше 25-34-тармақтар болып есептелсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады