Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 24 маусым N 934

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) "Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкінің Бағдарламалық займын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 22 қаңтардағы N 74 P960074_ қаулысына:
      2, 5 және 9-тармақтардың күші жойылды деп танылсын;
      6-тармақтағы "Сатып алу процедурасын сақтауды бақылау жасау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Сырттан қарыз алу жөніндегі комитетіне жүктелсін" деген сөздер алынып тасталсын;
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен;
      3) "Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкінің Бағдарламалық займын жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 17 наурыздағы N 227 P980227_ қаулысына: 1-тармақтың екінші абзацының және 3-тармақтың күші жойылды деп танылсын; аталған қаулыға 2-қосымшада: 3-тармақтағы "20" деген сан "60" деген санмен ауыстырылсын; 4-тармақ "3 (үш) айдан аспайтын мерзімге" деген сөздермен толықтырылсын; 7-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігімен (бұдан әрі - Агенттік)" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен" деген сөздермен ауыстырылсын; 8-тармақтағы "және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың" деген сөздер алынып тасталсын; 10-тармақта: екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "заңдарда белгіленген тәртіппен құны 200 000 (екі жүз мың) АҚШ долларынан асатын жобалар бойынша - Қордың Директорлар кеңесінің"; үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын: "заңдарда белгіленген тәртіппен құны 200 000 (екі жүз мың) АҚШ долларынан аспайтын жобалар бойынша - Қор басқармасының"; 12-тармақтағы "Қордың Байқаушы кеңесінің және Үйлестіру кеңесінің" деген сөздер "Қордың Директорлар кеңесінің" деген сөздермен ауыстырылсын; 15-тармақтағы "Үйлестіру кеңесі" деген сөздер "Қордың Директорлар кеңесі" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қасымбеков Б.А. Орынбекова Д.Қ.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады