"Қазақ Аджанта Фарма Лимитед" "Алматы қаласында фармацевтiк зауыттың құрылысын салу" бiрлескен кәсiпорнының жобасын iске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 3 сәуiрдегi N 282

      "Қазақ Аджанта Фарма Лимитед" "Алматы қаласында фармацевтiк зауыттың құрылысын салу" бiрлескен кәсiпорнының жобасын iске асыру және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Үндiстан Республикасының несиесiн одан әрi пайдалану туралы" 1997 жылғы 14 шiлдедегi N 109 P970109_ және "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 4 ақпандағы N 148 қаулысына толықтыру енгiзу туралы" 1997 жылғы 13 қазандағы N 1406 P971406_ қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      Үндiстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен үндi несие желiсiнiң бiрiншi траншы бойынша негiзгi борыш пен сыйақының (мүдденiң) бiрiншi төлемiнiң күнiн келiссiн;
      "1998 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 9 желтоқсандағы Заңымен бекiтiлген мемлекеттiк кепiлдiк лимитiнiң шегiнде "Алматы қаласында фармацевтiк зауыттың құрылысын салу" жобасы жөнiндегi несиелiк келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiн берсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi:
      Үндiстан Республикасының Мемлекеттiк банкiмен "Алматы қаласында фармацевтiк зауыттың құрылысын салу" жобасы жөнiнде несиелiк келiсiм жасассын;
      осы несие бойынша түпкiлiктi заемшы ретiнде "Қазақ Аджанта Фарма Лимитед" қазақ-үндi бiрлескен кәсiпорнымен несиелiк келiсiм жасассын.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады