Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 ақпандағы N 148 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 3 сәуiрдегi N 286. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 10 шілдедегі N 685 қаулысымен.

      Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарды және акционерлiк қоғамдардағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн басқаруды жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Мемлекеттiк кәсiпорындар мен акциялардың мемлекеттiк пакетi бар акционерлiк қоғамдардың қызметiн басқаруға контрактi жүйесiн енгiзу жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 ақпандағы N 148 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 7, 40-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      3-тармақ мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi (оның iшiнде зейнетақы қорларына), сондай-ақ кәсiпорынның қызметкерлерiне жалақыны уақытылы төлеуге";
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Басшы осы контрактi бойынша мiндеттемелердiң орындалмағаны үшiн қолданылып жүрген заңдарда көзделген жауапкершiлiкте болады";
      23-тармақтың қазақша мәтiнi дұрыс;
      26-тармақтағы "қылмыстық" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген" деген сөздермен ауыстырылсын;
      31-тармақтың үшiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "кәсiпорынның басшысы еңбек туралы заңдарда белгiленген тәртiптi сақтай отырып осы контрактiде көзделген мiндеттемелердi орындамаған жағдайда, Жалдаушының бастамашылығы бойынша";
      31-тармақ мынадай редакцияда жазылып, 32-тармақ болып есептелсiн:
      "32. Жалдаушы:
      жұмыстан босатуды бұйрықпен ресiмдеуге және Басшының еңбек кiтапшасындағы жазбаны дұрыс ресiмдеуге;
      жұмыстан босатылатын Басшыға еңбек кiтапшасын босатылған күнi беруге және онымен түпкiлiктi есеп айырысуды жүргiзуге;
      контракт тоқтатылған кезде 31-тармақтың үшiншi абзацында көзделген тоқтатылу жағдайларынан басқа, белгiленген мөлшерде шығу жәрдемақысын төлеуге";
      32-35-тармақтар 33-36-тармақтар болып есептелсiн.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармағының 17-24 абзацтарының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.30. N 1504 қаулысымен .

      2. Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты уәкiлеттi орган болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары осы қаулыға сәйкес мемлекеттiк кәсiпорындардың басшыларын жалдау туралы жасалған келiсiм-шарттарға өзгерiстер енгiзсiн.
      3.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармағының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.30. N 1504 қаулысымен.
      4. Мемлекеттiк органдардың басшыларына бұрын банкрот деп танылған кәсiпорындардың басшыларымен жалдау келiсiм-шарттарын жасаспау ұсынылысын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады