Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 наурыздағы N 382 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 7 сәуiрдегi N 292. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.12.24 N 1695 қаулысымен. ~P011695

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Балалы отбасыларына әлеуметтiк көмек көрсету туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 наурыздағы N 382 P970382_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 13, 91-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Балалы отбасыларына әлеуметтiк көмек көрсету туралы ережеде:
      3-тармақта:
      үшiншi абзацтағы "жұмыс iстемейтiн" деген сөздерден кейiн "көп балалы" деген сөздермен толықтырылсын;
      алтыншы абзацтағы "бала кезiнен" деген сөздер алынып тасталсын;
      10-тармақтағы "зейнетақысының" деген сөз алынып тасталсын;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Асыраушысынан айрылған отбасына жәрдемақы тағайындау туралы мәселе асыраушысынан айырылуы жағдайы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы белгiленгеннен кейiн шешiледi, ал асыраушысының жалақысының орнына отбасының жиынтық кiрiсiнде асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша отбасына тағайындалған мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы ескерiледi.";
      17-тармақта:
      бiрiншi абзацтағы "мүгедек баланың тұратын жерiне қарай қалалық (аудандық) халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерi" деген сөздер алынып тасталсын;
      екiншi абзацтағы "үйде" деген сөзден кейiн "тәрбиелеу немесе" деген сөздермен толықтырылсын;
      үшiншi абзацтағы "әлеуметтiк зейнетақы" деген сөздер "мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы" деген сөздермен ауыстырылсын";
      18-тармақтың екiншi абзацындағы "зейнетақы" деген сөз "мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы" деген сөздермен ауыстырылсын; "ерлер үшiн алпыс жасқа толған, әйелдер үшiн елу бес жасқа толған" деген сөздер "зейнетақы жасындағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      19-тармақтың бесiншi абзацындағы "Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң" деген сөздер алынып тасталсын;
      21-тармақтағы "зейнетақы" деген сөз алынып тасталсын;
      24-тармақтағы "зейнетақы тағайындалған" деген сөздер "мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы тағайындалған" деген сөздермен ауыстырылсын;
      27-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Балалы отбасыларына жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiш

жәрдемақыға құқығы бар адамдардың тұратын жерi бойынша аудандық
(қалалық) халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмiне берiледi.";
     үшiншi абзац алынып тасталсын;
     28-тармақта:
     "а" тармақшадағы төртiншi абзац мынадай мазмұндағы сөйлеммен
толықтырылсын:
     "жұмыс iздеп жүрген жұмыссыздар, жұмыссыздығы бойынша жәрдемақы
төлеу тоқтатылған сәттен бастап, мұндай анықтаманы жұмыссыздығы
бойынша жәрдемақының мөлшерiн көрсетпестен ұсынады";
     мынадай мазмұндағы "д" тармақшамен толықтырылсын:
     "д) үйде тәрбиеленетiн және оқитын мүгедек балаларға арналған
жәрдемақы үшiн:
     облыстық бiлiм басқармасының жанындағы Ведомствоаралық
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық комиссияның
мүгедек баланы үйде тәрбиелеудiң немесе оқытудың қажеттiлiгi туралы
анықтамасы";
     29-тармақ алынып тасталсын;
     30,31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
     "30. Балалы отбасыларына жәрдемақылардың барлық түрлерiн
аудандық (қалалық) халықты әлеуметтiк қорғау бөлiмдерi құратын
жәрдемақылар тағайындау жөнiндегi комиссия (бұдан әрi - Комиссия)
тағайындайды.
     31. Жәрдемақылардың барлық түрi жәрдемақы тағайындау туралы
өтiнiш берiлген айдан бастап, бiрақ өтiнiш жасалған күннен бастап 12
айдан аспайтын мерзiмге тағайындалады.";
     32-тармақтағы "одан көп балалары бар" деген сөздерден кейiн
"жұмыс iстемейтiн" деген сөзбен толықтырылсын;
     33-тармақтағы "тиiстi комиссияларға" деген сөздер "Комиссияға"
деген сөзбен ауыстырылсын;
     34-тармақтағы "тиiстi комиссия" деген сөздер "Комиссия" деген
сөзбен ауыстырылсын;
     35-тармақтағы "балаларға арналған жәрдемақы тағайындау
жөнiндегi комиссия" деген сөздер "Комиссия" деген сөзбен
ауыстырылсын;
     21-тармақтағы "жұмыс iстемейтiн" деген сөздерден кейiн "көп
балалы" деген сөзбен толықтырылсын;
     43-тармақтағы "Экономика және сауда министрлiгi" деген сөздер
"Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда
министрлiгiнiң Статистика және талдау жөнiндегi комитетi" деген
сөздермен ауыстырылсын;
     30-43-тармақтар тиiсiнше 29-42-тармақтар болып есептелсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады