Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 3 сәуiрдегi N 3895 Жарлығын iске асыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 8 сәуiрдегi N 298

      "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы Заңын және "Белгiленген әскери қызмет мерзiмiн өткерген мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 1998 жылдың сәуiр-маусымында мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 3 сәуiрдегi N 3895 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Облыстар мен Ақмола және Алматы қалаларының әкiмдерi:
      Шақыру комиссиясының жұмысын ұйымдастырсын және 1998 жылдың сәуiр-маусымында азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруды қамтамасыз етсiн;
      темiр жол стансаларында, әскерге шақырылушылардың жас легiн жинау және әскерге жөнелту орындарында күшейтiлген кезекшiлiк белгiлесiн;
      командаларды жинау және қызмет атқару орындарына жөнелту мен алып баруды қамтамасыз етсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi әскерге шақыру пункттерiн медициналық қамтамасыз етудi, сондай-ақ шақырылғандарға медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң өтiнiшi бойынша мерзiмдi әскери қызметтен запасқа шығарылған және әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi әскерге шақырылған жастардың арасында "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын сақтау және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 3 сәуiрдегi N 3895 Жарлығының талаптарын орындау жөнiндегi түсiндiру және алдын алу жұмыстарын жандандырсын.
      5. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi, Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiмен бiрлесiп азаматтарды мерзiмдi әскери қызметке шақыруға дайындалу мен оның жүргiзiлуiн көрсетсiн, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында қызмет өткерудi кеңiнен түсiндiрсiн, азаматтардың өздерiнiң конституциялық борышын орындауы жөнiнде насихат жұмыстарын жүргiзсiн.
      6. Некеде тұратын және бiр баласы бар әскерге шақырылушыларға мерзiмдi әскери қызметке шақыруды кейiнге қалдыруға рұқсат берiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады