Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғалардың үлгiлiк жарғысы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 29 қыркүйектегi N 1382 P971382_ қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: көрсетiлген қаулыға 3-қосымшада: 2-тараудың 2.5-тармақшасындағы "Серiктестiктiң мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда, оның қатысушылары өздерiне тиесiлi барлық мүлiкпен оның мiндеттемелерi бойынша бiрлесiп жауап бередi" деген сөздер алынып тасталсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 29 қыркүйектегi N 1382 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 9 сәуiр N 308. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.09.21. N 928 қаулысымен. ~P980928
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз