Жамбыл облысын әлеуметтiк-экономикалық нығайту жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 9 сәуiрдегi N 309

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Жамбыл облысының әлеуметтiк-экономикалық жағдайы туралы Үкiмет комиссиясының қорытындыларына келiсiм берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң облыста болуының нәтижелерi бойынша енгiзiлген толықтырулар мен өзгерiстердi ескере отырып облыстың әлеуметтiк-экономикалық жағдайын нығайту жөнiндегi шаралардың жоспары бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Жамбыл облысының әкiмiмен бiрлесiп, оларға қосымша жеңiлдiктер берiлген жағдайда фосфор саласы кәсiпорындары бойынша бюджеттiң кiрiстерiнен түсетiн сомаларды өтеудiң мүмкiндiгiн қарасын.
      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi екiншi деңгейдегi уәкiлеттi банктермен бiрлесiп Ауыл шаруашылығын қоса қаржыландыру бағдарламасы бойынша жобаларды iске асыруды жеделдетсiн.
      5. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалау жөнiндегi агенттiгiнiң Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi комитетi электр энергиясы рыногында тең жағдайлар жасау және отандық өндiрушiлерге қолдау көрсету мақсатында мүдделi органдармен бiрлесiп, Орта Азия электр желiлерiне қосылатын "KEGOK" электр желiлерiн басқару жөнiндегi қазақстандық компания" акционерлiк қоғамының желiлерi бойынша электр энергиясын

 

тасымалдауға арналған тарифтер жөнiндегi ұсынысты қарасын және бiр

айлық мерзiм iшiнде ұсыныс енгiзсiн.

     6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан

Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары А.С.Павловқа жүктелсiн.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi

                                        Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                        1998 жылғы 9 сәуiрдегi

                                        N 309 Қаулысымен

                                              бекiтiлген


           Жамбыл облысын әлеуметтiк-экономикалық нығайту

                        жөнiндегi шаралардың

                              ЖОСПАРЫ

___________________________________________________________________

N |           Шаралар                   | Жауаптылар

___________________________________________________________________

1 |                 2                   |           3

___________________________________________________________________

1.|Инвестициялар                        |

___________________________________________________________________

1 |"Қазфосфор" ААҚ мүлкiн сату жөнiндегi|Қаржыминi, Әдiлетминi,

   |ашық инвестициялық тендердiң         |Стратегиялық жоспарлау

   |нәтижелерiн бекiту                   |және реформалар жөнiндегi

   |                                     |агенттiк

___________________________________________________________________

2 |Басымдықты тәртiппен тiкелей         |

   |инвестициялардың есбiнен қаржыландыру|

   |ұсынылған жобалардың тiзбесiн қарау: |

   | құны 130 млн. АҚШ долларына дейiнгi |Инвестмемком, Стратегиялық

   |Шу-Сарысу бассейнi газ-кен орнын     |жоспарлау және реформалар

   |игеру үшiн                           |жөнiндегi агенттiк, облыс

   |                                     |әкiмi

   | Қаратау қаласында құны 12,8 млн.АҚШ |Бұл да

   |долларына дейiн кальцийленген сода   |

   |өндiру жөнiндегi заводтың құрылысы   |

   |үшiн                                 |

___________________________________________________________________

3 |1998-2000 жылдарға арналған          |

   |инвестициялардың мемлекеттiк         |

   |бағдарламасына кiргiзуге арналған    |

   |жобалар жөнiндегi ұсынысты қарау:    |

   | Мойынқұм ауданында құны 125,7 млн.  |Стратегиялық жоспарлау

   |теңгелiк аурухананың құрылысын       |және реформалар жөнiндегi

   |аяқтау үшiн;                         |агенттiк, Қаржыминi, облыс

   |                                     |әкiмi

   |Тараз қаласында құны 110 млн.АҚШ     |Бұл да

   |долларына дейiн қалдық суларды       |

   |биологиялық тазарту құрылысы үшiн;   |

   |                                     |

   | 2,0 млн.АҚШ долларына дейiн сомада  |Бұл да

   |жолаушылар көлiгiн техникалық        |

   |жарақтандыру үшiн                    |

___________________________________________________________________

4 |"Порэмит" кәсiпорнында жарылғыш      |Энергетика, индустрия

   |заттарды шығаруды қаржыландыру       |және саудаминi,

   |мәселесiн шешу                       |"Қазфосфор" ААҚ

___________________________________________________________________

5 |"Жамбылбылғарыаяқкиiм" АҚ кешенiнiң  |Облыс әкiмi,

   |мүлкiн сату жөнiнде Иран             |Инвестмемком

   |компаниясымен келiсiм-шартқа қол қою |

___________________________________________________________________

6 |Қазкоммерцбанк пен Халықтық банкке   |Iшкiiсминi,

   |Iшкiiсминiнiң тас өңдеу кәсiпорнының |Қазкоммерцбанк,

   |руда базасын дамытудың жобасын       |Халықтық банк

   |несиелендiрудiң мүмкiндiгiн қарауды |

   |ұсыну                                |

___________________________________________________________________

2.|Шағын бизнес                         |

___________________________________________________________________

7 |Шағын бизнес пен фермерлiк           |Шағын кәсiпкерлiктi

   |шаруашылықты дамытуға арнап 8,0 млн. |дамыту қоры

   |теңге несие ресурстарын бөлу         |

___________________________________________________________________

8 |Жергiлiктi университеттiң базасында  |Облыс әкiмi, Бiлiм

   |Жұмыссыздарды кәсiптiк даярлау және  |мәдениет және денсаулық

   |кәсiби бағдарлау орталығын құру,     |сақтауминi

   |кәсiптiк оқытуды және қайта даярлауды|

   |ұйымдастыру                          |

___________________________________________________________________

9 |Тараз, Жаңатас, Қаратау қалаларында  |Облыс әкiмi, Стратегиялық

   |шағын бизнестi дамыту жөнiндегi      |жоспарлау және реформалар

   |ТАСIS жобасын iске асыру             |жөнiндегi агенттiк

___________________________________________________________________

3.|Шағын несиелендiру бағдарламасы      |

___________________________________________________________________

10 |Түсiндiру жұмысын, оқытуды           |Облыс әкiмi, екiншi

   |ұйымдастыру, күнкөрiсi төмен         |деңгейдегi банктер

   |адамдардың тiзiмiн жасау және шағын  |

   |несиелер беру                        |

___________________________________________________________________

11 |Шағын несиелендiру бағдарламасы      |Жұмыспен қамтуға

   |бойынша 1,0 млн. АҚШ долларына       |жәрдемдесу қоры

   |дейiн несиелiк ресурстар бөлу        |

___________________________________________________________________

4.|Ауыл шаруашылығы                     |

___________________________________________________________________

12 |Агроөнеркәсiп банкi мен Халықтық     |Ауылшарминi, Қаржыминi

   |банктiң облыстық филиалдарына Ауыл   |Халықтық банк,

   |шаруашылығы жобаларын қоса           |Агроөнеркәсiптiк

   |қаржыландыру бағдарламасында         |банкi, облыс әкiмi

   |көзделген 150 млн. теңгеден кем емес |

   |сомада несиелiк ресурстарының түсуiн |

   |қамтамасыз ету                       |

___________________________________________________________________

13 |Құс фабрикалары үшiн құрама жем      |Ауылшарминi, облыс

   |шығаруды кеңейту және құс етiн       |әкiмi

   |өндiрудi арттыру мәселелерiн қарау   |

___________________________________________________________________

14 |"Қазфосфор" ААҚ Көксу кен орны       |Ауылшарминi, Экология

   |бойынша жер бөлу туралы мәселенi шешу|және табиғи ресурсминi,

   |                                     |Жамбыл және Оңтүстiк

   |                                     |Қазақстан облыстарының

   |                                     |әкiмдерi

___________________________________________________________________

15 |Мемлекеттiк ұйымдардың ауыл          |Баға және монополияға

   |шаруашылығы өндiрушiлерiне көрсететiн|қарсы саясат жөнiндегi

   |қызмет көрсетулерiнiң бағасының      |комитет

   |негiздiлiгiн қарау                   |

___________________________________________________________________

5.|Көшi-қонның және шағын қалалардың    |

   |өзектi мәселелерi                    |

___________________________________________________________________

16 |Фосфор өнеркәсiбi кәсiпорындарында   |Облыс әкiмi, Энергетика,

   |жұмыс iстейтiндердiң санын одан әрi  |индустрия және саудаминi,

   |қысқартуды ескере отырып Жаңатас,    |Еңбекәлеуметминi, Көшi-қон

   |Қаратау қалаларынан тұрғындарды      |және демография жөнiндегi

   |көшiрудiң және күнi бұрын жаңа жұмыс |агенттiк

   |орындарын құрудың арнаулы            |

   |бағдарламасын әзiрлеу                |

___________________________________________________________________

17 |Олардың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз  |Қаржыминi, "Қазфосфор"

   |ету мәселелерiн оңтайландыру         |ААҚ облыс әкiмi,

   |мақсатында босаған тұрғын үйлер мен  |Энергетика, индустрия

   |өндiрiстiк үй-жайларды Жаңатас және  |және саудаминi

   |Қаратау қалаларының тұрғындарын      |

   |жинақы орналастыруға одан әрi        |

   |пайдалану жөнiнде бағдарлама әзiрлеу |

   |және есептеулерге сәйкес қаражат     |

   |бөлу (Жаңатас қаласына 50,0 млн.     |

   |теңгеге дейiн және Қаратау қаласына  |

   |20,0 млн. теңгеге дейiн)             |

___________________________________________________________________

18 |Көшiру және жайластыру проблемаларын |Жұмыспен қамту қоры

   |шешу үшiн қоғамдық жұмыстарды        |

   |жүргiзуге Жаңатас қаласына 25,0 млн. |

   |теңгеге дейiн және Қаратау қаласына  |

   |5,0 млн. теңгеге дейiн бөлу          |

___________________________________________________________________

6.|Энергетика және өнеркәсiп            |

___________________________________________________________________

19 |Тараз қаласындағы "Металконструкциясы|Энергетика, индустрия

   |заводы" АҚ-на сұйытылған газ         |және саудаминi,

   |тасымалдау үшiн цистерналар дайындау |"Қазкоммерцбанк",

   |және жөндеу жөнiндегi тапсырыстарды  |"Алаугазтасымалдау" АҚ

   |орналастыру мәселесiн шешу           |

___________________________________________________________________

20 |"Металконструкциясы заводы" АҚ       |"Қазақстан темiр жолы"

   |алдындағы 99,5 млн. теңге сомасындағы|МРК

   |берешектi жабу                       |

___________________________________________________________________

21 |Жамбыл ГРЭС-iнде өндiрiлетiн электр  |Энергетика, индустрия

   |энергиясын Орта Азия  елдерiнен      |және саудаминi, "KEGOK"

   |импортталатын электр энергиясының    |АҚ, облыс әкiмi

   |орнына елдiң оңтүстiк аймақтарында   |

   |тұтынуды арттыру шараларын қабылдау  |

___________________________________________________________________

22 |Жеке фирмаларға "Химпром" және       |Инвестмемком, Экология

   |"Шымкентфосфор" АҚ аумағындағы       |және табиғи ресурсминi,

   |фосфор өндiрiсiнiң қалдықтарын       |Жамбыл және Оңтүстiк

   |(фосфор уақтарын) пайдалануға        |Қазақстан облыстарының

   |лицензиялар берудiң заңдылығын қарау |әкiмдерi

___________________________________________________________________

23 |Құны 250,0 млн. теңгеге дейiнгi      |Ғылымминi-Ғылым

   |Бiрлiк-Ақсүйек-Мирный су құбырын қайта|академиясы,

   |жаңартуды кiргiзу арқылы жұмысы      |"Қазатомөнеркәсiп" ҰАҚ,

   |тоқтаған уран кен орындарын қайта    |Экология және табиғи

   |культивациялау және дезактивациялау  |ресурсминi, Инвестмемком,

   |жөнiндегi ұзақ мерзiмдiк             |Стратегиялық жоспарлау

   |бағдарламаның жобасын әзiрлеу        |және реформалар жөнiндегi

   |                                     |агенттiк, Қаржыминi,

   |                                     |облыс әкiмi

___________________________________________________________________

24 |Жаңатас қаласының тыныс-тiршiлiгiн   |Энергетика, индустрия

   |қамтамасыз ету объектiлерiн          |және саудаминi

   |электрмен сенiмдi және тоқтаусыз     |

   |қамтамасыз ету мәселесiн шешу        |

___________________________________________________________________

7.|Көлiк                                |

___________________________________________________________________

25 |Сары фосфорды Ресей Федерациясы мен  |Көлiккомминi, Экология

   |Украинаның аумақтары арқылы          |индустрия және саудаминi

   |тасымалдаудың проблемасын шешу       |

___________________________________________________________________

26 |Павлодар облысындағы Ақсу-Конечная   |Көлiккомминi,

   |темiр жол тармағының құрылысына      |Еңбекәлеуметминi,

   |Жаңатас және Қаратау қалаларынан     |облыс әкiмi

   |жұмыс күштерiн алуды ұйымдастыру     |

___________________________________________________________________

27 |Республиканың iшiндегi автомобиль    |Iшкiiсминi, Көлiккомминi,

   |жолдары бойынша жүктердiң            |Қаржыминi

   |тасымалдауына бақылау жасау рәсiмiн  |

   |оңайлатуды қамтамасыз ету            |

___________________________________________________________________

8.|Қаржы және әлеуметтiк мәселелер      |

___________________________________________________________________

28 |"Қазфосфор" ААҚ қызметкерлерiне      |Мемлекеттiк мүлiк және

   |жалақы жөнiндегi берешектердi төлеу  |жекешелендiру департаментi,

   |                                     |"Қазфосфор" ААҚ, облыс

   |                                     |әкiмi

___________________________________________________________________

29 |Жергiлiктi тұрғындардың мүддесiнде   |Облыс әкiмi, Инвестмемком,

   |Сарысу тұз кен орнын пайдалануға     |Экология және табиғи

   |арналған лицензияны ауданның         |ресурстарминi

   |әкiмiнiң қарауына беру               |

___________________________________________________________________

30 |Сарысу ауданының 1998 жылға арналған |Облыс әкiмi, Қаржыминi

   |бюджеттiң қалыптастырудың            |

   |негiздiлiгiн қарау                   |

___________________________________________________________________

31 |Сарысу ауданы бойынша балалар        |Облыс әкiмi, Қаржыминi,

   |жәрдемақысы жөнiндегi берешектердi   |Еңбекәлеуметминi

   |төлеудi ұйымдастыру                  |

___________________________________________________________________

32 |Қоныс аударушы - репатрианттарға     |Көшi-қон және демография

   |арналған жәрдемақылар бойынша        |жөнiндегi агенттiк,

   |берешектердi өтеудi ұйымдастыру      |Қаржыминi

___________________________________________________________________

33 |Қазақстанның аумағына кондициялық    |Энергетика, индустрия

   |емес (сапасыз) ауыл шаруашылығы және |және саудаминi,

   |өнеркәсiп тауарларын әкелуге кедергi |Ауылшарминi, Кеден

   |жасайтын шаралар қолдану             |комитетi

___________________________________________________________________

34 |Облыс бюджетiнiң 1996-1997 жылдар    |Қаржыминi, облыс

   |үшiн төленген балалар жәрдемақысы    |әкiмi

   |бойынша Зейнетақы қорының алдындағы  |

   |берешегiн өтеу туралы ұсыныс енгiзу  |

___________________________________________________________________

35 |12 жиынтық компьютерлiк сыныптар     |Бiлiм, мәдениет және

   |сатып алуға (оның iшiнде Жаңатас     |денсаулық сақтауминi

   |қаласына 2) арнап қаражат бөлудiң    |

   |және Саудакент селосындағы аумақтық  |

   |медициналық орталықты ұстаудың       |

   |мүмкiндiгiн қарастыру                |

___________________________________________________________________


___________________________________________________________________

N  |          Аяқтау нысаны         |    Атқару мерзiмдерi

___________________________________________________________________

1  |Үкiмет қаулысының жобасы        |1998 жылдың 10 сәуiрiне дейiн

___________________________________________________________________

2  |Пайдалануға қосу                |1998-2000 жылдарда

    |                                |

    |Өнiм шығару                     |

___________________________________________________________________

3  |175 төсекке арналған стационарды|1998-1999 жылдарда

    |пайдалануға қосу                |

    |                                |

    |Үкiмет қаулысының жобасы        |1998-2000 жылдарда

    |Көлiк сатып алу                 |1998-1999 жылдарда

___________________________________________________________________

4  |Шешiм                           |1998 жылдың 1 мамыры

___________________________________________________________________

5  |Қол қойылған келiсiм-шарт       |1998 жылдың 10 сәуiрi

___________________________________________________________________

6  |Несиелiк шарт                   |1998 жылдың 25 сәуiрiне дейiн

___________________________________________________________________

7  |Қор басқармасының шешiмi        |1998 жылдың 1 шiлдесi

___________________________________________________________________

8  |Бiрлескен шешiм                 |1998 жылдың 1 мамыры

___________________________________________________________________

9  |Бұл да                          |Жыл iшiнде

___________________________________________________________________

10 |Шешiм                           |1998 жылдың 1 маусымы

___________________________________________________________________

11 |Қор басқармасының шешiмi        |1998 жылдың 1 шiлдесi

___________________________________________________________________

12 |Облысқа несиелiк ресурстардың   |1998 жылдың 10 сәуiрi

    |түсуi                           |

___________________________________________________________________

13 |Үкiмет қаулысының жобасы        |1998 жылдың 1 маусымы

___________________________________________________________________

14 |Жер бөлу туралы шешiм           |1998 жылдың 1 мамыры

___________________________________________________________________

15 |Шешiм                           |1998 жылдың 1 мамыры

___________________________________________________________________

16 |Бағдарламаны жүзеге асыру       |1998 жылдың 1 маусымы

___________________________________________________________________

17 |Бұл да сол                      | -"-

___________________________________________________________________

18 |Қор басқармасының шешiмi,       |1998 жылдың 1 шiлдесi

    |қалалардың әкiмдерi             |

___________________________________________________________________

19 |Шешiм                           |1998 жылдың 30 сәуiрi

___________________________________________________________________

20 |Толық есеп айырысу              | -"-

___________________________________________________________________

21 |Бiрлескен шешiм                 |1998 жылдың 1 маусымы

___________________________________________________________________

22 |Шешiм                           | -"-

___________________________________________________________________

23 |Үкiметтiң қаулысы               |1998 жылдың 1 тамызы

___________________________________________________________________

24 |Шешiм                           |1998 жылдың 10 мамыры

___________________________________________________________________

25 |Шешiм                           |1998 жылдың 1 шiлдесi

___________________________________________________________________

26 |Жұмыс күшiн алу                 |1998 жылдың 30 сәуiрi

___________________________________________________________________

27 |Бiрлескен шешiм                 |1998 жылдың 1 мамыры

___________________________________________________________________

28 |Жалақы төлеу                    |1998 жылдың 1 қыркүйегi

___________________________________________________________________

29 |Шешiм                           |1998 жылдың 1 маусымы

___________________________________________________________________

30 |Шешiм                           |1998 жылдың 15 сәуiрi

___________________________________________________________________

31 |Шешiм                           |1998 жылдың 1 қыркүйегi

___________________________________________________________________

32 |Бiрлескен шешiм                 |1998 жылдың аяғына дейiн

___________________________________________________________________

33 |Үкiмет қаулысының жобасы        |1998 жылдың 1 желтоқсаны

___________________________________________________________________

34 |Берешектердi есептен шығару     |1998 жылдың 1 қазаны

    |тетiгi                          |

___________________________________________________________________

35 |Шешiм                           |1998 жылдың 15 мамыры

___________________________________________________________________





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады