Ауыл шаруашылығында лизингтi ұйымдастырудың тәртiбi мен шарттары туралы ереженi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 15 сәуiрдегi N 341


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     Қоса берiлiп отырған Ауыл шаруашылығында лизингтi
ұйымдастырудың тәртiбi мен шарттары туралы ереже бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                        1998 жылғы 15 сәуiрдегi
                                        N 341 Қаулысымен
                                              бекiтiлген

            Ауыл шаруашылығында лизингтi ұйымдастырудың
                    тәртiбi мен шарттары туралы
                               ЕРЕЖЕ

                         I. Жалпы ережелер



      1. Осы Ереже "1998 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 9 желтоқсандағы N 201-1 Z970201_ Заңында көзделген қаражатты (бұдан әрi - қаражат) ауыл шаруашылығында 1.000.000.000 (бiр миллиард) теңге сомасында лизингтi ұйымдастыру бағдарламасына (бұдан әрi - Бағдарлама) пайдаланудың негiзгi ережелерiн айқындайды.
      2. Қаражатты, әдетте, қазақстандық өндiрiстiң жаңа ауыл шаруашылығы техникасын (бұдан әрi - лизингтехника) сатып алуға және пайдалануға, ауыл шаруашылығы өндiрушiлерi қаражаттың республикалық бюджетте қайтарылымы қамтамасыз етiлетiн лизингтiк негiзде бөлiнедi.
      3. Бағдарламаны iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi (бұдан әрi - Қаржыминi) мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Ауылшарминi) Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау мемлекеттiк қорын (бұдан әрi - Қор) агент ретiнде тартып, онымен тиiстi келiсiмге қол қояды.
      Қор лизинг субъектiлерiмен қатынаста Қаржыминi мен

Ауылшарминiнiң өкiлi ретiнде болады және олардың қаржылық әрi
өндiрiстiк-технологиялық саясатын жүргiзедi, қаражаттың мақсатты
пайдаланылуын және қайтарылымын бақылайды.
     4. Лизингтiң негiзгi субъектiлерi мыналар:
     инвестор ретiндегi Қор;
     ауыл шаруашылығы техникасын өндiрушiлер мен берушiлер (бұдан
әрi - берушiлер);
     лизинг берушiлер - заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының
резиденттерi;
     лизинг алушылар - ауыл шаруашылығы өндiрушiлерi;
     инвесторлар, гаранттар, кредиторлар, кепiлдiк берушiлер,
кепiлдiк ұстаушылар ретiндегi екiншi деңгейдегi банктер;
     лизингтiң қосалқы субъектiлерi мыналар болуы мүмкiн:
     сақтандыру компаниялары;
     көлiк компаниялары;
     ауыл шаруашылығы техникасына қызмет көрсету және жөндеу
жөнiндегi компаниялар.
     Лизинг берушi ретiнде дайындаушы-зауыттың өзi де бола алады.
     5. Қаржыминi бюджеттiк қаражатты Қордың "эскроу" арнайы шотына
аударады.


      6. Бағдарламаны орындау жөнiндегi жұмысты үйлестiру үшiн Ауылшарминi жанынан лизингтiк комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылады. Комиссияның құрамын Ауыл шаруашылығы министрi бекiтедi.
      7. Комиссия конкурстық негiзде уәкiлеттi лизинг берушiлердi (бұдан әрi - лизинг берушiлер) iрiктеудi жүзеге асырады.
      Лизинг берушiлердi таңдап алудың неғұрлым маңызды өлшемдерi:
      а) қаражаттың бюджетке қайтарылуының кепiлдемесiн;
      б) лизингтiк операцияларды қоса қаржыландыруды және несие берудi;
      в) лизингтiк төлемдердiң уақытында жасалуын қамтамасыз ететiн әрiптес-банктiң (бұдан әрi - Банк) болуы деп саналады.
      8. Қор мен лизинг берушi лизингтiң негiзгi қаржылық және техникалық шарттары, тараптардың мiндеттерi мен құқықтары туралы Бас лизингтiк келiсiмдi жасайды.
      9. Қордың алдында берешегi бар лизинг берушiлер 1998 жылғы лизинг Бағдарламасына қатысуға құқығы жоқ.

           II. Машина жасау өнiмiн берудiң номенклатурасын
                         және көлемiн анықтау

      10. Бағдарламаның негiзгi бағыттарын, пайдаланылуы лизингтiк негiзде жүзеге асырылатын машина жасау өнiмiн берудiң номенклатурасы мен көлемдерiн (бұдан әрi - номенклатурасы мен көлемдерiн) және жобалар шығыстарының сметасын комиссия айқындайды және бекiтедi. Комиссия шешiмдерiнiң iске асырылуы Қор арқылы жүргiзiледi.
      11. Номенклатура мен көлемдердi лизинг берушiлер агроөнеркәсiп кешенiн материалдық-техникалық жабдықтау жөнiндегi ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң, ұйымдардың тапсырыстары бойынша құрады және Комиссия оларды мынадай негiзгi өлшемдердiң негiзiнде бекiтедi:
      а) ауыл шаруашылығы техникасының нақты түрлерiн беруге арналған ең аз бағалар мен ең аз көлiк шығындары.
      Комиссия лизингтехниканың тiркелген бағаларын ұзақ уақыт, кемiнде үш ай бойы, қолдау мақсатында бұл мәселелердi шешу бойынша қорытындылар жасауды және ұсыныстар әзiрлеудi лизинг берушiлерге тапсырады. Тоқсанның басталуына дейiн он күннен кешiктiрмей, берушi-зауыттар есептемелердiң негiзiнде бағалардың деңгейiн өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi. Он күннiң iшiнде комиссия лизинг берушiлердi қатыстыра отырып, оларды қарайды және тиiстi шешiм қабылдайды;
      б) лизингтiк шарттың қолданылуының бүкiл мерзiмi iшiнде лизингтiк төлемдердiң есебi үшiн лизингтехниканың құнына индекстеу жүргiзiлмейдi;
      в) осы түрдiң машиналармен және жабдықтармен қамтамасыз етiлуiнiң деңгейi (нормативтермен салыстырғанда). Импорттық машина жасау өнiмi Комиссияның келiсiмi бойынша сатып алынады;
      г) машина жасау өнiмiнiң сапасы және оның озық ғылыми-техникалық жетiстiктерге сәйкестiгi;
      д) кооперация принципiнде ауыл шаруашылығы техникасын шаруашылықаралық пайдаланудың жағдайларын жасау.
      12. Қор әрбiр лизинг берушi үшiн қаражат, номенклатура, көлемдер негiзiнде квоталар (бұдан әрi - квоталар) жасайды, олар Бас келiсiмдерде тiркеледi және орындау үшiн мiндеттi болып саналады.

                 III. Лизингтiк операцияларды жүргiзу

      13. Лизинг берушi мен лизинг алушы, қажеттiлiк бойынша Банк қатысқан кезде, квоталар мен тапсырыстардың негiзiнде лизингтiк келiсiм жасасады, онда лизингтiң, кепiлдеменiң, тараптар мiндеттемелерiнiң және құқықтарының қаржылық және техникалық ережелерiн бекiтедi.
      14. Лизинг берушi квотаның негiзiнде:
      1) Қажеттiлiк бойынша Банктi қатыстыра отырып,
      а) машина жасау өнiмiн берушiлермен (өндiрушiлермен);
      б) лизинг берушiнiң немесе лизинг алушының базасына дейiн машина жасау өнiмiн тасымалдау туралы - көлiк компанияларымен;
      в) сақтандыру компанияларымен шарттар жасасады;
      2) осы өнiмнiң жiберiлуi мен тасымалдануын ұйымдастырады және бақылайды;
      3) мыналарды өз қаражатынан төлейдi:
      а) берушiге - машина жасау өнiмiнiң құнын;
      б) көлiк компаниясына - көлiк қызметтерiнiң құнын;
      в) сақтандыру компанияларына - сақтандыру қызметтерiнiң құнын.
      4) Өз қаражаты жетпеген немесе болмаған жағдайда, 3-тармақшаны орындау үшiн, лизинг берушi бұл мақсаттар үшiн Банкпен тиiстi несиелiк келiсiм жасасып, одан несие ала алады.
      15. Лизинг берушi алынған жабдықтардың сапасы мен құралымы жөнiнен ГОСТ пен ТУ-дың және берушiнiң жiберiлетiн құжаттарды рәсiмдеуiнiң талаптарына сәйкес келетiнiн растаған соң, Банк берушiнiң есеп айырысу шотына қаражаттарды, машиналар мен жабдықтардың құнын берушiге төлеу үшiн лизинг берушi тапсырған шот-фактураға сәйкес аударады (не берушiнiң келiсiмiмен төлем кепiлдемесiн бередi).
      16. Лизинг алушы машина жасау өнiмiн қабылдауды лизинг алушы мен лизинг берушiнiң өкiлдерi қол қойған қабылдау-тапсыру актiсiмен рәсiмдейдi. Машина жасау өнiмiн лизинг алушы тек акт бойынша қабылдағанда ғана, Қор оны лизинг объектiсi деп таниды және лизингтехника деп саналады.
      Ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне пайдалануға түспеген машина жасау өнiмi лизингтехника деп саналмайды және қаражат төленбейдi.
      17. Лизинг берушi мен Банк, берушiнiң шот-фактурасын, лизингтехниканы қабылдау-тапсыру актiсi мен лизингтiк және соған сәйкес операциялар бойынша барлық төлем құжаттарын Қорға тапсырады.
      18. Қор 5 банк (бес) күнiнiң iшiнде лизингтехниканың және соған iлеспе қызметтердiң құнына тең қаражатты Банктегi лизинг берушiнiң шотына аударады.
      19. Берушiлердiң тұтынушылармен тiкелей келiсiмдерi немесе шарттары бойынша лизинг берушiлердiң құжаттарынсыз жiберiлген машина жасау өнiмi лизингтехника деп есептелмейдi және қаражат төленбейдi.
      20. Лизинг берушi Қорға тапсырылған шот-фактураға сәйкес дайындаушы-зауыттың есеп-айырысу шотына қаражат аударылған сәттен бастап лизингтехниканы өзiнiң балансына есепке алады.
      21. Лизинг алушы өз кезегiнде келген лизингтехниканы, лизингке алынған ретiнде өзiнiң баланстан тыс шотына кiргiзедi, сол бойынша заңда белгiленген тәртiппен тозымды есептейдi және лизингтiк шартта белгiленген мерзiмде лизингтiк төлемдердi өтейдi.
      22. Автокөлiк құралдары - МАИ органдарында, ал ауыл шаруашылығы техникасы - Мемлекеттiк техникалық қадағалау органдарында лизингтiң қолданылуы мерзiмiнде уақытша есепке қойылуға жатады. Автомобильдер мен ауыл шаруашылығы техникасын лизингке берген кезде және лизингтiң қолданылу мерзiмi бiткен соң тiркеу және қайтадан тiркеу, сондай-ақ оның қолданылуы кезеңiнде кез келген тiркеу операцияларын жүргiзу қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жасалады.
      23. Бiреуiнiң құны 0,5 млн. теңгеге дейiнгi машина жасау өнiмi жөнiндегi лизингтiк келiсiм - 3-4 жылға дейiнгi мерзiмге, ал 0,5 млн. теңгеден асатын 5 жылға дейiнгi мерзiмге жасалады және мыналар болуы тиiс:
      кепiлдiк, кепiлдемелер және сақтандыру полистерi түрiндегi лизингтi қамтамасыз етудiң шарттары;
      төлемдердiң (алғашқы және кейiнгi) мөлшерлерi, қайтарылым кезеңдерi, сондай-ақ лизингтiк төлемдердiң мерзiмдерi.
      Лизингтiк төлемдердiң төлеу мерзiмi өткен кезде, лизинг алушылар төлемнiң сомасына Ұлттық Банктiң орындау күнi қолданылған 1,2 қайта қаржыландыру ставкасы мөлшерiнде өсiм қосады;
      лизинг алушы шартта көрсетiлген барлық төлемдердi енгiзген соң лизингтехниканың тiкелей лизинг алушының меншiгiне мiндеттi түрде өтуiн;
      дайындаушы-зауыттармен (берушiлермен), жөндеу-техникалық кәсiпорындармен, агрожабдықтаушылармен, техникалық орталықтармен және басқа ұйымдармен кепiлдемелi және кепiлдемеден кейiнгi кезеңде келiсiмдi негiзде техникалық қызмет көрсетудi және жөндеудi жүргiзу

жөнiндегi жұмысты ұйымдастыруды қамтиды.
     24. Лизинг алушы мынадай лизингтiк төлемдердi төлейдi:
     Қорға сыйақы - лизингтiк техника құнының 1 %-iне дейiн -
техника алу кезiндегi бiр жолғы төлем;
     лизинг берушiге үстеме баға - лизингтiк техника құнының 7 %-iне
дейiн - техника алу кезiндегi бiр жолғы төлем.
     25. Жыл сайынғы лизингтiк төлемдер, мына формула бойынша
есептеледi:
        Б+Н+С+Ж-Қ        Б - Қ
     Л=------------- = ----------+н+с+ж, мұндағы:
           м               м
     Л - жыл сайынғы лизингтiк төлем;
     Б - лизинг объектiнiң сатып алу бағасы;
     Н - несие үшiн төлемдердiң сомасы;
     С - сақтандыру жарналарының сомасы;
     Ж - жөндеу мен қызмет көрсету үшiн төлемдердiң сомасы;
     Қ - объектiнiң жалдау мерзiмi аяғындағы қалдық құны;
     м - жалдаудың жылмен есептелген мерзiмi;
     с - жыл сайынғы сақтандыру төлемi;
     н - несие үшiн жыл сайынғы төлем;
     ж - жөндеу мен қызмет көрсету үшiн жыл сайынғы төлем.

           IV. Ауыл шаруашылығында лизингтi қаржыландыру
               үшiн бөлiнген қаражаттың пайдаланылуын
                              бақылау

     26. Қор қаражатының мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге
асырады.
     Лизинг берушiнiң қаражатты Қорға қайтаруының ережелерi мен
мерзiмдерi Бас келiсiмде қарастырылады.


      27. Лизингтiк шарттардың қолданылуы мерзiмi iшiнде лизинг алушыдан лизинг берушiге түскен төлемдердi лизинг берушi үш күндiк мерзiмде Қордың шотына аударуға тиiстi.
      Лизинг алушылардан алынған қаражатты лизинг берушi уақытында аудармаған жағдайда, одан аударылмай қалған, Қордың шотына аударылатын қаражат сомасынан Ұлттық Банктiң қолданылып жүрген 1,2 қайта қаржыландыру ставкасы мөлшерiнде айыппұл алынады.
      28. Лизинг берушi мақсатсыз пайдаланған қаражат толық көлемiнде, мiндеттеменiң орындалуы күнгi Ұлттық Банктiң 1,2 қайта қаржыландыру ставкасы мөлшерiндегi айыппұлды төлеттiрумен бiр мезгiлде Қорға қайтарылады.
      29. Қор лизинг берушiлер тапсырған деректердiң негiзiнде есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 15-i күнiнен кешiктiрмей Ауылшарминi мен Қаржыминiне лизингтiк операцияларды жүргiзуге бөлiнген қаражаттың пайдаланылуы және төлемдердiң түсуi туралы тоқсан сайын есеп бередi.
      30. Лизинг субъектiлерi банкрот болған жағдайда талаптар "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Ауыл шаруашылығы ұйымдары үшiн банкроттықтың рәсiмдерiн қолданудың ерекшелiктерi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 желтоқсандағы N 1816 P971816_ қаулысына сәйкес шешiлуге тиiс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады