Республикалық балалар сауықтыру-оңалту орталығын қаржыландыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 21 сәуiрдегi N 356

      "Финтракс" фирмасымен Алматы қаласында Республикалық балалар сауықтыру-оңалту орталығын салу келiсiм-шарты бойынша мiндеттемелердi орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Республикалық балалар сауықтыру-оңалту орталығын салу келiсiм-шарты бойынша Қазақстан Республикасының негiзгi борышын өтеуге Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылға арналған резерв қорынан Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiне 115485 (бiр жүз он бес мың төрт жүз сексен бес) АҚШ долларына баламды сомада қаражат бөлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi 1998 жылға арналған республикалық бюджетте "Денсаулық сақтау" 05 функционалдық тобы бойынша көзделген қаражаттың есебiнен Республикалық балалар сауықтыру-оңалту орталығын салу келiсiм-шарты бойынша 1238929 (бiр миллион екi жүз отыз сегiз мың тоғыз жүз жиырма тоғыз) АҚШ долларына баламды сомада сақтандыру төлемдерiн, Түрiк Эксимбанкi мен аралық банктiң операциялық баждарын, ҚҚС төлеу жөнiндегi шығыстарды және кеден баждарын төлесiн.
 

     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады