Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Электр және пошта байланысы саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту жөнiнде

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 21 сәуiр N 365

 


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     1997 жылғы 2 маусымда Алматыда қол қойылған Қазақстан

Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң

арасындағы Электр және пошта байланысы саласындағы ынтымақтастық

туралы келiсiм бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi

       Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы

                Үкiметiнiң арасындағы электр және пошта

               байланысы саласындағы ынтымақтастық туралы

                               КЕЛIСIМ


     (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 1999 ж., N 4, 68-құжат)

       (1998 жылғы 7 мамырда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж.,

           Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 72 бет)

     Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасының

Үкiметi бұдан былай "Жақтар" деп аталады,


 
       Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы халықтарының арасында теңдестiк және өзара пайда көру ынтымақтастығына негiзделген бұрыннан бар байланысқа ұмтылысты басшылыққа ала отырып,
      байланыс саласындағы екiжақты қатынастың Әлемдiк пошта одағы Актiлерiнiң қағидаларына және Халықаралық электр байланысы одағының кепiлдемелерiне, сондай-ақ өзге халықаралық шарттарға сай қатаң қалыптасуын ескере отырып,
      байланыс саласында өзара әрекеттесу мен ынтымақтасу өзара көмек беру негiзiнде дамуын ескере отырып,
      Жақтар арасында үздiксiз байланыспен жұмыс атқарылуын қамтамасыз ету үшiн құқылық, экономикалық және технологиялық тығыз қарым-қатынастарды орнатуға ынталана отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:
 
                                1-бап
 
      Жақтар Бүкiләлемдiк Пошта Одағы Актiлерiнiң қағидалары мен Халықаралық Электрбайланысы Одағының кепiлдемелерiндегi жалпы қабылданған нормалар мен халықаралық құқылық принциптерге сай, өздерiнiң өкiлеттiктерi мен мүмкiншiлiктерiнiң көлемiнде әрекет жасай отырып, электр және пошта байланысы саласында ынтымақтастықты жалғастыратын және кеңейтетiн болады.
 
                                2-бап
 
      Пошта мен электрбайланысын ұйымдастырудағы бар өзгерiстер туралы, сондай-ақ байланыс қызметi үшiн өзара есеп-қисап тәртiбi туралы Жақтар осы өзгерiстер басталар күннен 3 ай бұрын алдын ала бiр бiрiне хабарлайтын болады.
      Жақтар өз мемлекетiнiң аумағы арқылы пошта жiберiлiмдерiнiң, арнайы байланыстың барлық түрлерiн, сондай-ақ электрбайланысы өзара пайдалы жағдайда теледидар және радиохабар бағдарламаларының хабарын жүзеге асырады.
 
                                3-бап
 
      Осы Келiсiмдi орындау бойынша Жақтардың өкiлеттенген атқарушы органдары мыналар:
      Қазақстан Республикасынан - "Қазақтелеком" (ААҚ) Ашық акционерлiк қоғам және Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Республикалық мемлекеттiк пошта байланысы кәсiпорны (РМПБК);
      Өзбекстан Республикасынан - Өзбекстан Республикасы Байланыс министрлiгiнiң халықаралық есеп-қисап және шарттар Орталығы (ХЕҚжШО).
      Байланыс қызметiн көрсету жөнiнде барлық есеп-қисаптар Жақтар мемлекеттерiнде қолданылып жүрген заңдарға сай жүзеге асырылатын болады.
 
                                4-бап
 
      Жақтар үшiншi мемлекеттерде және тиесiлi халықаралық ұйымдарда байланыс әкiмшiлiгiнiң қызметiне кедергi жасайтын немесе қиындататын кемсiту шараларын бiр-бiрiне қатысты қолданбайтын болады.
 
                                5-бап
 
      Жақтар екi өкiметтiң немесе тиiстi ведомстволардың арасындағы шарттармен және келiсiмдермен белгiленген көлемде, өз мемлекетiнiң аумағында екiншi Жақтың кезеңдi шығармалар мен радио және теледидар бағдарламаларын жаздыру және бөлшек саудамен ұйымдарда тарату жағдайында бiр-бiрiне көмек көрсетедi.
 
                                6-бап
 
      Жақтар қызмет көрсетуге қатысатын барлық байланыс кәсiпорындары тұтынушыларға дер кезiнде және сапалы қызмет көрсетуге тең жауапты болатындығы туралы келiстi. Халықаралық байланыстарда сапасыз жұмыс атқару шағымын қарау тәртiбi Бүкiләлемдiк пошта одағы және Халықаралық электрбайланысы одағының актiлерiмен анықталады.
 
                                7-бап
 
      Жақтар байланыс кәсiпорындарындағы телефонистер, телеграфшылар, техникалық персоналдар, пошта қызметкерлерiнiң арасында қызметтiк ақпараттармен алмасу үшiн, сондай-ақ қызметтiк құжаттармен айырбастау үшiн орыс тiлiн пайдалануға келiстi.
      Жақ елдерiндегi жөнелтiлетiн пошта жiберiлiмдерi мен жеделхаттардың мекен-жайлары орыс тiлiнде ресiмделедi, сондай-ақ латын әрiптерiмен жазылған пошта жiберiлiмдерiн жөнелтуге рұқсат етiледi.
      Жеделхат мәтiндерi латын әрiптерiмен қабылдануы және тапсырылуы мүмкiн.
 
                                8-бап
 
      Мемлекетаралық қатынастар хабары мен ақпараттарды мәлiмдеу кезiнде Жақтар байланыс кәсiпорындарында бiрыңғай мәскеу есеп беру-уақытысын пайдаланады.
 
                                9-бап
 
      Жақтар қолданылып жүрген технологиялық процесстерге сай

 

оперативтi-техникалық басқару жүйесiн өзара әрекеттестiруге

уағдаласты.

     Жақтар төтенше жағдайлар болғанда байланыс құралдары арқылы

басымдық хабарлар қатынасын қамтамасыз етедi.

     Жақтар мемлекетаралық байланыс желiлерiндегi апат зардабын жою

кезiнде өзара көмек көрсетедi.

     Қайта қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу кезiнде өзара әрекет

жасау тәртiбi Жақтардың байланыс әкiмшiлiгiмен әзiрленедi және

келiсiледi;

     Қазақстан Республикасынан - Көлiк және коммуникациялар

министрлiгi,

     Өзбекстан Республикасынан - Байланыс министрлiгi.

                               10-бап

     Жақтар мемлекетаралық маңызы бар байланыс объектiлерiн салу

және пайдалану нормалары мен ережелерiн үйлестiруге келiстi.

                               11-бап

     Жақтар арасындағы келiсiмдерде, байланыс саласындағы байланыс

мекемелердiң қарым-қатынастарында пайда болған даулы мәселелердi

реттеу тәртiбi белгiленбесе, бұл тәртiптi олар жасалған келiсiмдерде

өздерi белгiлейдi.

                               12-бап


 
       Жақтар қажет болған жағдайда, өзаралық уағдаласу бойынша Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын хаттамамен осы Келiсiмдi өзгертуi және толықтыруы мүмкiн.
 
                                13-бап
 
      Осы Келiсiм дипломатиялық арналар бойынша олардың мемлекет iшiнiң процедураларын орындағаны туралы соңғы мәлiмдеме алған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Осы Келiсiм Жақтардың бiрi дипломатиялық арналар бойынша жазбаша нысанмен соның күшiн тоқтататыны туралы өзiнiң ниетiн екiншi Жаққа мәлiмдегенге дейiн күшiнде болады. Осы Келiсiмге қатысуға қарсылық бiлдiрiлгенi және оның мiндеттемелерiнiң толық орындағаны жөнiнде мәлiмдеме алынған күннен соң алты ай өткенде осы Келiсiм

 

күшiн жоятын болады.

     1997 жылы 2 маусымда Алматы қаласында екi данада, әрқайсысы

қазақ, өзбек және орыс тiлдерiнде, әрi барлық мәтiндердiң күшi заң

жүзiнде бiрдей жасалды.

     Осы Келiсiмнiң қағидаларын түсiндiруде кез келген өзгешелiктер

болған жағдайда, негiз ретiнде орыс тiлiндегi мәтiн қабылданады.

     Қазақстан Республикасының          Өзбекстан Республикасының

           Үкiметi үшiн                      Үкiметi үшiн






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады