"Мемлекеттiк кәсiпорындар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес алкоголь өнiмдерiн өндiру мен оның айналымына мемлекеттiк бақылау жасауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "ҚазАлкоОрталық" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы болып белгiленсiн.<*>
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1999.01.19. N 31 қаулысымен .
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2003.01.22. N 72
қаулысымен.
Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2003.09.30. N 1004 қаулысымен .
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi комитетi бiр айлық мерзiм iшiнде Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн, оны белгiленген тәртiппен тiркесiн және осы қаулыға сәйкес Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiне толықтыру енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныс енгiзсiн.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1999.01.19. N 31 қаулысымен .
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi