Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 30 қыркүйектегі N 1004 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) <*>
      2) <*>
      3) "ҚазАлкоОрталық" республикалық мемлекеттiк кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 30 сәуiрдегi N 396  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., N 13, 114-құжат):
      2-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын.
       ЕСКЕРТУ. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N  1119  қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.29. N  1127  қаулысымен.

      2. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін темекі өнімдерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу бөлігіндегі ережелерді қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады