Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола қаласының тұсаукесерiн өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi, қоғамдық және жол қауiпсiздiгiн күзетудi, мүмкiн болатын құқық бұзушылыққа жедел мән берудi, сондай-ақ шақырылған мемлекет басшылары мен делегациялардың автокөлiктерiне ерiп жүрудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне астана
Ақмола қаласының тұсаукесерi жөнiндегi шараларды өткiзуге Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң резерв қоры қаражатының есебiнен 34528 (отыз
төрт миллион бес жүз жиырма сегiз мың) теңге сомасында қаржы бөлiнсiн
(шығыстардың сметасы қоса берiлiп отыр).
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы бақылау
комитетi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауды
қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 6 мамырдағы
N 410 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының астанасы Ақмола қаласының
тұсаукесерiне дайындалуға және оны өткiзуге
арналған шығыстардың сметасы
(мың теңге)
_____________________________________________________________
Шара | Сома
___________________________________|_________________________
Барлығы 34528
оның iшiнде:
1. Автомотокөлiк сатып алуға 15306
2. Нысанды киiм-кешек сатып алуға 5000
және тiктiруге
3. Турникеттер дайындауға 5000
4. Байланыс құралдарын сатып алуға 9222