Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларына қаражаттар жинауды қамтамасыз ету жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 7 мамырдағы N 413. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      "Бюджеттен тыс қорларға аударымдарды төлеушiлердiң жеке шоттарын салық органдарына беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 желтоқсандағы N 1861 қаулысына және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң бюджеттен тыс қорларға төлемдерi бойынша берешектерiн өтеудi ынталандыру жөнiндегi шараларға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. 1998 жылдың 1 мамырынан бастап заңды тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлға құрмастан кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке тұлғалар үшiн Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларына төлемдер бойынша берешектерiн өтеудiң мынадай тәртiбi енгiзiлсiн: 
      1998 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 1998 жылдың 31 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде негiзгi борыш сомасына өсiм есептеудi тоқтата тұру; 
      1998 жылдың 1 мамырындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларына төлеуге жататын өсiм сомасын есептен шығару борыштың сомасын өтеуге бара-бар жүргiзiледi. 
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы қаулының 1-тармағына сәйкес тоқтата тұру кезеңi үшiн негiзгi борыштың өтелмеген бөлiгiне 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап өсiм есептеу және өндiрiп алу көзделетiн Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларына төлемдердi уақтылы төлемегенi үшiн бұрын есептелген өсiмдi есептен шығару жөнiндегi жұмыстарды жүргiзудiң тәртiбiн әзiрлесiн және бекiтсiн.
      3. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады