Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервтiк қорынан қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 14 мамырдағы N 435

      "Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 20 қазандағы N 3700 U973700_ Жарлығының 2-тармағын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Астана қаласының әкiмiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервтiк қорынан астана объектiлерiн қайта жаңартуға 150 (жүз елу) млн. теңге, оның iшiнде қазақ және орыс драма театрларын қайта жаңартуға - 60 (алпыс) млн. теңгеден және облыстық тарихи-өлкетану мұражайын күрделi жөндеуден өткiзуге - 30 (отыз) млн. теңге бөлiнсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қаржы-бақылау комитетi бөлiнетiн қаражаттың мақсатты пайдалануына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады