Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясын құру туралы" 1997 жылғы 4 наурыздағы N 3378 U973378_ Жарлығын iске асыру және мұнай операцияларын жүргiзу кезiнде Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
"Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы" акционерлiк қоғамы
туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 24 наурыздағы
N 410
қаулысында:
аталған қаулының 1-қосымшасы мынадай мазмұндағы жолдармен
толықтырылсын:
"Атырау МӨЗ" АҚ 53,1
"Павлодар МӨЗ" АҚ 87,9
"Теңiзшевройл" ЖШС 25
"Каспий Құбыр арнасы консорциумы" АҚ КТК акцияларының
(Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң үлесi) жалпы санын
19
"Қазақстан Пайплайн Венчурз" БК 50,1
"Мұнай-Импекс" ЭИФ" ЖШС 100
"Қазақстанкаспийшельф" АҚ 90
"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ 25
"Өзенмұнайгаз" АҚ 90
"Ақтөбемұнайгаз" АҚ 20,5";
аталған қаулының 2-қосымшасында:
мынадай мазмұндағы жолдар:
"Атырау МӨЗ" АҚ, Атырау қаласы 53,2 -
"Павлодар МӨЗ" АҚ, Павлодар қаласы 87,9 -
"Теңiзшевройл" ЖШС 25 25
"Каспий Құбыр арнасы консорциумы" АҚ КТК Акцияларының
(Қазақстан Республикасы Үкiметінiң үлесi) жалпы санынан
19 19
"Каспий Құбыр арнасы консорциумы" АҚ КТК акцияларының
("Мұнайгаз" МХК үлесi - "АМОКО" мен жалпы санынан
БК) 1,75 1,75
"Мұнай-Импекс" ЭИФ", Алматы қаласы 100 100
"Қазақстанкаспийшельф" АҚ 90 90
"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ, Ақтау қаласы 90 30
"Өзенмұнайгаз" АҚ, Жаңаөзен қаласы 90 90
"Ақтөбемұнайгаз" АҚ, Ақтөбе қаласы 85,5 -"
алынып тасталсын.
"Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1716 және 1997 жылғы 24 наурыздағы N 410 қаулыларына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 17 маусымдағы N 979 P970979_ қаулысында:
1-тармақтың жиырма екiншi және жиырма үшiншi абзацтары алынып
тасталсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мемлекеттiк
мүлiк және жекешелендiру департаментi бiр ай мерзiм iшiнде осы
қаулыны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 24 наурыздағы
N 410 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1997 жылғы 24 сәуiрдегi N 650 қаулысының күшi жойылған
деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi