Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Кувейт Мемлекетiнiң Үкiметi арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 22 мамырдағы N 470


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     1. 1997 жылғы 31 тамызда Эль-Кувейт қаласында қол қойылған
Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Кувейт Мемлекетiнiң Үкiметi
арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiм бекiтiлсiн.
     2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан
Республикасының Үкiметi қабылдаған шешiм туралы Кувейт тарапын
хабардар етсiн.


     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi

             Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Кувейт
         Мемлекетiнiң Үкiметi арасындағы сауда-экономикалық
                        ынтымақтастық туралы
                            КЕЛIСIМ



      Бұдан әрi "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Кувейт Мемлекетiнiң Үкiметi,
      сауда-экономикалық ынтымақтастықтың екi Уағдаласушы Тараптар мен олардың халықтарының арасындағы өзара сенiм мен тұрақты ұзақ мерзiмдi негiздегi екi жақты қарым-қатынастарды дамытудың маңызды да қажеттi құрамдас бөлiгi болып табылатынын мойындай отырып,
      экономиканың тұрақты дамуын, өз азаматтарының тұрмыс деңгейiн жақсартуды, сондай-ақ өздерiнiң табиғи және еңбек ресурстарын тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету мақсатын басшылыққа ала отырып,
      өз халықтарының мүддесiмен екi жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытып, одан әрi нығайту ниетiмен, мыналар туралы келiстi:

                                1-бап

      Уағдаласушы Тараптар тиiстi шаралар қабылдау арқылы экономикалық, техникалық және сауда ынтымақтастығын дамытатын болады.

                                2-бап

      Ынтымақтастықтың осы Келiсiмде аталған салаларында, атап айтқанда тек бұлармен шектелмей, кiретiн, бағыттар:
      1. Екi ел арасында экономика, қаржы, сауда, банк iсi, өнеркәсiп, туризм және қызмет көрсету салаларындағы даму жобаларын сондай-ақ техникалық ынтымақтастық жобаларын жүзеге асыруды қолдау;
      2. Ғылыми және техникалық зерттеулерге қатысты ақпарат алмасуды

ынталандыру;
     3. Екi Уағдаласушы Тарап арасында әртүрлi тауарлар мен қызмет
көрсетiп, алысуды ынталандыру;
     4. Ынтымақтастықтың арнайы бағдарламалары үшiн қажеттi мамандар
даярлауды және алысуды ынталандыру.

                               3-бап

     Уағдаласушы Тараптар ынтымақтастықтың әр түрлi саласында
өздерiнiң тиiстi институттары арасында олардың заңды тұлғаларын
және бiрлескен кәсiпорындар мен компаниялар құруды қосқанда,
сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытатын болады.

                               4-бап



      Уағдаласушы Тараптар, тиiстi елдер арасында қолданылатын заңдарға сәйкес, капитал мен инвестиция, тауар мен қызмет түрлерiнiң ағымын ынталандырып отыратын болады.

                                5-бап

      Уағдаласушы Тараптар өздерiнiң әрқайсысына қатысты, олардың әрбiрi жөнiнде қолданылатын заңдар мен ережелерге сәйкес өз араларындағы экономикалық, сауда, техникалық өкiлдер мен делегациялар алмасуды және сауда-экономикалық, техникалық ынтымақтастықты нығайту үшiн көрмелер ұйымдастыруды ынталандыратын болады.

                                6-бап

      Қажет болған жағдайда, Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiмнiң негiзiнде Уағдаласушы Тараптардың арасында келiсiле алатын ынтымақтастықтың жоғарыда аталған және басқа да арнайы жобаларына қатысты арнайы келiсiмдер жасасады.

                                7-бап

      1. Осы Келiсiмнiң жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында құрамына екi Уағдаласушы Тараптың өкiлдерi енетiн Бiрлескен комиссия құрылады. Комиссияның кездесулерi әрбiр Уағдаласушы Тараптың өтiнішi бойынша Уағдаласушы Тараптардың астаналарында алма-кезек өткiзiлiп тұратын болады.
      2. Inter аliа, Бiрлескен комиссиясы:
      а) Уағдаласушы Тараптардың арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты ынталандыру мен үйлестiруге;
      ә) Осы Келiсiмнiң және одан туындайтын басқа да келiсiмдердiң жүзеге асырылуына бағытталған ұсыныстарды зерделеуге;
      б) Осы Келiсiмге сәйкес жасалған қандай болса да бiр жобаны орындау кезiнде туындауы мүмкiн кедергiлердi жою жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеуге;
      в) Осы Келiсiмнiң ережелерiн қолдану немесе түсiндiру жөнiнде туындайтын дауларды шешуге өкiлеттi.

                                8-бап

      1. Бұл Келiсiм Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы осы Келiсiмнiң күшiне кiруi үшiн конституциялық талаптардың орындалғандығы туралы бiр-бiрiне хабар берiлген соңғы күнi күшiне кiредi.
      2. Бұл Келiсiм 5 жыл iшiнде қолданыста болады және Уағдаласушы Тараптардың бiрi екiншi Тарапқа осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтатқысы келетiн ниетi жөнiнде оның бастапқы немесе келесi қолданыс мерзiмi бiткенге дейiн 6 ай бұрын жазбаша түрде хабарлағанша, оның қолданысы келесi осындай уақыт кезеңiнде дереу жаңартылатын болады.
      3. Осы Келiсiмнiң күшiнiң жойылуы 6-бапта аталған арнайы

келiсiмдерге ықпалын тигiзбейдi.
     1997 жылғы 31 тамызда Кувейтте қол қойылған және әрқайсысы
қазақ, араб және ағылшын тiлдерiнде екi данамен жасалды. Барлық
мәтiндердiң күшi бiрдей.
     Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiнуге байланысты пiкiр алшақтығы
туған жағдайда Уағдаласушы Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiндi
басшылыққа алатын болады.

     Қазақстан Республикасының               Кувейт Мемлекетiнiң
          Үкiметi үшiн                           Үкiметi үшiн
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады