Ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау үшiн Қазақстан Республикасына радиоактивтi сәулелену көзiн әкелу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 25 мамырдағы N 476

      "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 266-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының Д.В.Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институтына ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу үшiн Мәскеу қаласындағы "ИЗОТОП" Бүкiлаймақтық бiрлестiгiмен жасалған 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 39/02/98 келiсiм-шартқа сәйкес Ресейден Қазақстан Республикасына белсендiлiгi 0,0675 Ки МИКХ-3 үлгiсiндегi радиоактивтi сәулелену көзiн (хромдағы 57-кобальт) әкелуге рұқсат

 

етiлсiн.

     2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

министрлiгi белгiленген тәртiппен лицензия берсiн.

     3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Ғылым министрлiгi -

Ғылым академиясының Атом энергиясы жөнiндегi агенттiгiне жүктелсiн.



Қазақстан Республикасының

  Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады