Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Литва Республикасы Үкiметiнiң арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 25 мамыр N 478

 


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     1. 1997 жылғы 7 наурызда Алматы қаласында қол қойылған

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Литва Республикасы Үкiметiнiң

арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келiсiм

бекiтiлсiн.

     2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан

Республикасының Үкiметi қабылдаған шешiм туралы Литва тарапын

хабардар етсiн.

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi

            Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Литва

                 Республикасы Үкiметiнiң арасындағы

              сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы

                              КЕЛIСIМ


      (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 1999 ж., N 4, 81-құжат)

     (1998 жылғы 1 қыркүйекте күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж.,

          Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 71 бет)


 
       Бұдан әрi "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Литва Республикасының Үкiметi,
      Уағдаласушы Тараптардың арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамыту үшiн қолайлы жағдайларды жасаудың қажеттiлiгiне сүйене отырып,
      Уағдаласушы Тараптардың арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды теңдiк, өзара пайдалылық пен халықаралық құқық принциптерiнiң негiзiнде дамыту мен нығайту iсiне көмектесуге тiлек бiлдiре отырып,
      Сауда саласындағы өз қатынастарын Дүниежүзiлiк сауда ұйымының (ДСҰ) принциптерiне сәйкес дамытуға ұмтыла отырып,
      Төмендегiлер жайында келiстi:
 
                                1-бап
 
      Уағдаласушы Тараптар тең құқылық, өзара пайдалылық пен өзара мүдделiлiктiң принциптерiн басшылыққа ала отырып, Уағдаласушы Тараптардың мемлекеттiк органдары мен меншiк нысандарына қарамастан шаруашылық қызмет субъектiлерiнiң арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды дамыту және кеңейте түсу үшiн екi мемлекетте қолданылып жүрген заң актiлерiн сақтауменен қажеттi шараларды қолданады.
 
                                2-бап
 
      Сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшiн өзара пайдалы жағдай жасау мақсатында Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап мына төмендегiлерге, атап айтқанда:
      - импорт пен экспорт жөнiнде қолданылатын кедендiк баж салықтары, салықтар мен алымдарға, соның iшiнде осындай баж салықтарының, салықтар мен алымдардың алыну тәсiлдерiне;
      - тауарларды кедендiк ресiмдеуге, транзитпен өткiзуге, оларды

 

қоймалау мен қайта тиеуге және сол секiлдi басқа да көрсетiлетiн

қызметтерге қатысты ережелерге;

     - тiкелей немесе жанамалап алынатын салықтар мен басқа да iшкi

алымдардың кез келген түрлерiне;

     - төлем тәсiлдерiне және осындай төлемдердi аудару тәсiлдерiне;

     - тауарларды iшкi нарықта сатуға, сатып алуға, тасымалдауға,

бөлу мен пайдалануға қатысты ережелерге;

     - импорттық және экспорттық лицензияларды беруге қатысты

бiр-бiрiне барынша қолайлы жасайтын болады.

                               3-бап

     2-баптың ережелерi:


 
       - Уағдаласушы Тараптардың бiрi шекара бойындағы сауда мен шекара бойындағы тасымалдауды жеңiлдету үшiн көршi елдерге берген артықшылықтарға;
      - Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң қазiргi уақытта немесе келешекте кедендiк одақтарға, еркiн сауда аймақтарына немесе сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басқа да нысандарына қатысуына байланысты үшiншi елдерге берiлетiн артықшылықтарға;
      - Артықшылықтардың жалпы жүйелерi бойынша берiлген артықшылықтарға қолданылмайды.
 
                                4-бап
 
      Уағдаласушы Тараптардың арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық екi мемлекетте қолданылып жүрген заңдарды және халықаралық жеке құқық нормаларын сақтауменен меншiк нысанына қарамастан шаруашылық қызмет субъектiлерiнiң арасында контрактiлер жасау жолымен жүзеге асырылады.
 
                                5-бап
 
      Уағдаласушы Тараптардың шаруашылық қызмет субъектiлерiнiң арасындағы барлық есеп айырысулар мен төлемдер еркiн айналыстағы валютамен немесе шаруашылық қызмет субъектiлерiнiң арасындағы шарттармен (контрактiлермен) белгiленген валюта арқылы жүзеге асырылады.
 
                                6-бап
 
      Уағдаласушы Тараптар мемлекетаралық сауда-экономикалық қатынастарды ретке келтiретiн заң актiлерiн қабылдау туралы ақпаратты өзара беру мен Уағдаласушы Тараптардың арасындағы сауда-экономикалық қатынастарға ықпал етуi мүмкiн статистикалық ақпарат алмасуды ұйымдастыратын болады.
 
                                7-бап
 
      Уағдаласушы Тараптар екi жақты сауда-экономикалық қатынастардың тарифтiк және тарифтiк емес реттелуiн, статистикалық ақпарат алмасуды және кедендiк процедуралардың жүргiзiлуiн жүзеге асыру үшiн европалық экономикалық қоғамдастықтың Тауарларды сипаттау мен кодтандырудың қиыстырылған жүйесiне негiзделген сыртқы экономикалық қызметтiң Тауар номенклатурасын пайдаланатын болады.
 
                                8-бап
 
      1. Әрбiр Уағдаласушы Тарап мемлекеттердiң қолданылып жүрген ұлттық заңдарына сәйкес екiншi Уағдаласушы Тараптың және/немесе үшiншi бiр елдердiң кедендiк аумағында шығарылған және екiншi Уағдаласушы Тараптың я кез келген үшiншi бiр елдiң кедендiк аумағына арналған тауарларды өз мемлекетiнiң аумағы арқылы транзитпен өткiзу үшiн жағдай туғызып отыратын болады.
      2. Осы Келiсiмнiң ережелерi Қазақстан Республикасы немесе Литва Республикасының заңдарымен әкелiнуi мен әкетiлуiне, сондай-ақ транзитiне тыйым салынған я шектеу қойылған белгiлi бiр заттардың, бұйымдар мен тауарлардың әкелiнуi мен әкетiлуiне, сондай-ақ транзитiне қолданылмайды.
 
                                9-бап
 
      Уағдаласушы Тараптар жүк тасымалдаудың, көлiк қозғалысының, соның iшiнде транзиттiк жүк және жолаушылар тасымалдаудың тәртiбi мен шарттары, сондай-ақ көлiк жүйелерiнiң өзара iс-қимыл жасауы тасымалдаудың халықаралық ережелерiне сәйкес реттелетiн болады және/немесе Уағдаласушы Тараптардың арасындағы жекелеген келiсiмдермен белгiленедi деп келiстi.
 
                                10-бап
 
      Уағдаласушы Тараптар инвестициялардың, озық технологияларды өндiрудiң маңыздылығын мойындай отырып, сондай-ақ экономикалық пайдалылықтың принциптерiне сүйене отырып, инвестициялар үшiн, бiрлескен кәсiпорындар мен шетелдiк капиталы бар кәсiпорындар, осындай кәсiпорындардың өкiлдiктерi мен банктер үшiн қолайлы жағдай

 

жасауға жәрдемдесетiн болады.

                               11-бап

     Әрбiр Уағдаласушы Тарап өз заңдары мен халықаралық

мiндеттемелерiне сәйкес екiншi Уағдаласушы Тараптың шаруашылық

қызмет субъектiлерiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiнiң құқық

тұрғысынан, соның iшiнде сот тұрғысынан да қорғалуына мүмкiндiк

беретiн болады.

                               12-бап

     Осы Келiсiмнiң ережелерi Тараптардың әрқайсысының мыналарға

бағытталған тауарларды экспорттауға, импорттауға және транзитпен

өткiзуге тыйым салу немесе шектеу жөнiнде шаралар қабылдау құқығын

шектемейдi:

     а) ұлттық қауiпсiздiктi қорғау;

     ә) адамдардың өмiрi мен денсаулығын сақтау, жануарлар мен

өсiмдiктер ауруларының алдын алу;

     б) өнеркәсiптiк және санаткерлiк меншiктi қорғау;

     в) ұлттық көркем, тарихи және археологиялық мұрағаттарды қорғау;

     г) табиғи ресурстардың таусылуына жол бермеу;

     ғ) қоғамдық моральды қорғау;

     д) отандық өндiрiсшiлердi қорғау.


 
       Тыйым салу және шектеу жөнiндегi мұндай шаралар кемсiтпеушiлiк негiзiнде және нарықты қорғау жөнiндегi шаралар туралы Келiсiмдер басшылыққа алына отырып қолданылады.
 
                                13-бап
 
      Уағдаласушы Тараптар өз мемлекетiнiң аумағында сауда жәрмеңкелерiн, көрмелер мен техникалық-экономикалық семинарларды ұйымдастырып өткiзуге көмектесетiн болады. Уағдаласушы Тараптар әрбiр Уағдаласушы Тараптың мемлекетiнде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес көрмелерге және сол секiлдi басқа да экспозициялық мақсаттарға арналып, екiншi Уағдаласушы Тараптан әкелiнетiн экспонаттар мен тауарлардың үлгiлерi кедендiк баж салықтары мен ықпал жағынан соларға тең басқа да салықтардан "уақытша" босатылады. Мұндай экспонаттар мен үлгiлердi олар көрмеге қойылған елде сатуға (бiреуге беруге, сыйға тартуға) осы елдiң құзыреттi органдарының бұған деген келiсiмiнсiз, сондай-ақ импорт жөнiндегi кедендiк баж салықтары мен салықтар төленбейiнше болмайды.
 
                                14-бап
 
      Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiмнiң мақсаттарына сүйене отырып, екi мемлекеттiң арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты жетiлдiру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу үшiн екi жақты комиссия құруға келiстi.
      Аталған комиссияның негiзгi мiндеттерi мына төмендегiлер болып табылады:
      - осы Келiсiмдi түсiнуге және қолдануға қатысты мәселелердi қарау;
      - екi жақты сауда-экономикалық байланыстардың дамытылуын талдау;
      - екi мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жағдайын жақсарту және оны одан әрi дамытудың перспективалары жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      - осы Келiсiмдi жүзеге асырудың барысын қарау және тиiстi ұсынымдар әзiрлеу.
      Комиссияның отырыстары Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасында кезекпен өткiзiлiп тұратын болады.
 
                                15-бап
 
      Осы Келiсiмге, қажет болған жағдайда, Уағдаласушы Тараптардың өзара келiсуi бойынша жазбаша түрде өзгертулер немесе толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн. Өзгертулер немесе толықтырулар Уағдаласушы Тараптар бұл үшiн қажеттi барлық заңды процедуралардың орындалғаны туралы бiр-бiрiн хабардар еткен күннен бастап күшiне енедi.
 
                                16-бап
 
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiну немесе қолдану жөнiнде даулар туа қалған жағдайда Уағдаласушы Тараптар оларды халықаралық құқық нормаларын ескере отырып, келiссөз жүргiзу жолымен шешетiн болады.
 
                                17-бап
 
      1. Осы Келiсiм оның күшiне енуiне қажеттi талаптардың жүзеге асырылғаны туралы Уағдаласушы Тараптар бiрiнен бiрi Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысының заңдарына сәйкес жазбаша хабарлама алған сәттен кейiнгi үшiншi айдың бiрiншi күнi күшiне енедi.
      2. Осы Келiсiм 5 (бес) жылға жасалады. Егер Уағдаласушы Тараптардың бiрi осы Келiсiмнiң қолданысын тоқтатқысы келетiн ниетi туралы оның тиiстi қолданыс мерзiмi бiткенге дейiн 6 ай бұрын екiншi Уағдаласушы Тарапқа жазбаша түрде хабарламаса, онда оның қолданылуы келесi 1 жылдық мерзiмдерге әркез өздiгiнен ұзартылып отыратын болады.
      Осы Келiсiмнiң қолданысы тоқтатылғаннан кейiн оның ережелерi өздерi бойынша алынған мiндеттемелер осы Келiсiм қолданыста болған кезде туындап, Келiсiмнiң қолданыс мерзiмi тоқтатылған сәтке дейiн орындалмаған барлық контрактiлерге қолданылатын болады, бiрақ бiр жылдан аспайтын мерзiмде.

 

     Алматы қаласында 1997 жылғы 7 наурызда екi түпнұсқа данада,

әрқайсысы қазақ, литван және орыс тiлдерiнде жасалады, сондай-ақ

барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Келiсiмдi түсiнуге, қолдануға

немесе орындауға байланысты Уағдаласушы Тараптардың арасында пiкiр

алшақтықтары туа қалған жағдайда Уағдаласушы Тараптар Келiсiмнiң

орыс тiлiндегi мәтiнiн басшылыққа алатын болады.

     Қазақстан Республикасының         Литва Республикасының

          Үкiметi үшiн                     Үкiметi үшiн






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады