"Қазтемiржолжабдықтау" Қазақ мемлекеттiк кәсiпорын мен "Вагонбау Аммендорф ГМБХ" фирмасы арасындағы темiр жол көлiгi үшiн вагондар беру жөнiнде жасалған келiсiм-шарттарға сәйкес немiс несие берушi банктерi берген несиенi өтеу жөнiндегi мiндеттемелердiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң "Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорын герман несие желiсi шеңберiндегi "Қазақстан Республикасының темiр жол көлiгi үшiн вагондар сатып алу" жобасы бойынша мiндеттемелердi орындау жөнiндегi түпкiлiктi заемшы деп белгiлеу туралы Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен келiсiлген ұсынысына келiсiм берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi:
"Қазақстан темiр жолы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнымен
герман несиесiн өтеу жөнiндегi мiндеттемелердi орындау туралы
келiсiм жасассын;
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен агенттiк келiсiм
жасассын және несиеге қызмет көрсету жөнiндегi агент-банктiң
функцияларының орындалуын қамтамасыз етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар
министрлiгi аталған несиенiң уақтылы өтелуiн бақылауды қамтамасыз
етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi