Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі Мәдениет комитетінің мәселелері

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Yкіметінің ҚАУЛЫСЫ »1998 жылғы 9 маусым N 525. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.04.29. N 500 қаулысымен. ~P990500

      "Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың пәрменділігін одан әрі арттыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 U973655_ Жарлығына ( Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 45, 410-құжат) және "Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 Жарлығын іске асыру мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1997 жылғы 12

қарашадағы N 1551  

P971551_

  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының 
Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау 
министрлігінің Мәдениет комитеті туралы ереже;
      Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау 
министрлігі Мәдениет комитетінің құрылымы;
      Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау 
министрлігінің Мәдениет комитетіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың 
тізбесі бекітілсін.
     2. "Қазақстан Республикасының Білім және мәдениет министрлігі 
Мәдениет департаментінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы 
Yкіметінің 1997 жылғы 30 шілдедегі N 1189 қаулысының күші жойылған деп 
танылсын.
     
      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     


                                         Қазақстан Республикасы 

Yкіметінің»1998 жылғы 9 маусымдағы N 525 қаулысымен бекітілген


              Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық

          сақтау министрлігінің Мәдениет комитеті (Білім, мәдениет
            және денсаулықминінің Мәдениет комитеті) туралы
                               ЕРЕЖЕ
     
                              МИССИЯСЫ
     
     Мәдениет комитеті қоғамның мәдени-рухани дамуына жәрдемдесуге қызмет 
етеді.
     
                         I. Жалпы ережелер
     


      1. Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі - Комитет) мәдениет пен өнер саласында атқарушылық және бақылау функцияларын дербес жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы болып табылады.
      2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзгеде нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
      3. Аппаратты ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігін ұстауға көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады.
      4. Комитет заңды тұлға болып табылады, банкте өзінің шоттары, оқшауланған мүлкі және өз атауы мемлекеттік тілде жазылып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі болады.
      5. Комитеттің құрылымын және оның құзыретін, Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігімен өзара іс-қимылының тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. Комитеттің штат санын Министр белгілейді.

                       II. Басымдықтары

      6. Комитет қызметінің негізгі басымдықтары мыналар болып табылады:
      Қазақстан Республикасында тұратын халықтар мен этностардың ұлттық мәдениетін сақтау және өркендету;
      тарихи-мәдени мұраны сақтау және қорғау;
      Қазақстанның мәдени-рухани дамуының ең үздік жетістіктері мен үлгілерін насихаттауға бағытталған кең ауқымды мәдени акциялар жүргізу;
      жақын, сондай-ақ алыс шет елдермен халықаралық мәдени ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету;
      мәдени өнім мен қызмет көрсетулердің отандық рыногын қалыптастыру.

                 III. Комитеттің міндеттері мен функциялары

      7. Комитеттің негізгі міндеттері мыналар:
      мәдениет саласында әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын іске асыру, саланы реформалауды жүзеге асыру;
      ағымдағы және перспективалық бағдарламаларды, қазақтың ұлттық мәдениетін, Қазақстан Республикасы халықтарының мәдениетін өркендетудің негізгі бағыттарын әзірлеу;
      өз қызметі саласында заңдардың қолданылу практикасын талдау және қорыту, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу, мәдениет саласындағы заң жобаларын және өзге де нормативтік құқықтық актілерді дайындауға қатысу;
      мәдениет саласындағы өнім мен қызмет көрсетулердің отандық рыногын зерделеу, талдау және болжамдау;
      кино,-бейнефильмдерді жасау үшін ұйымдастырушылық, өндірістік және экономикалық жағдайлар туғызу, оны Қазақстан Республикасы аумағында және шетелде тарату, кино, бейнешығармалардың жоғары кәсіби және көркемдік деңгейін қамтамасыз ету;
      кітапханалардың пайдалануындағы жиналған және тапсырылған ақпараттар мен мәдени құндылықтардың жаппай қол жетімділігі үшін жағдайлар жасау;
      тарихи және мәдени оның ішінде жазба ескерткіштерді қорғау, сақтау, және пайдалану, қалпына келтіру және өз қалпында сақтау ісінде жалпы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыруда мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу жіне оларға қатысу, кино,-бейнешығармаларының тізілімін жасау, Қазақстан Республикасының аумағында ұйымдардың жасаған кино, бейнефильмдеріне тіркеу куәліктерін беру;
       мәдениетті өркендетуге бағытталған фестивальдар, байқаулар, конкурстар, айтыстар және басқа да шараларды өткізу.
       8. Комитет негізгі міндеттеріне сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
       өнер шығармаларын жасауға конкурстық негізде мемлекеттік әлеуметтік- шығармашылық тапсырыстарды қалыптастырады және оларды береді, көркемдігі жоғары кино, драмалық, музыкалық, хореографиялық, бейнелеу өнері, бедерлік-қолданбалы өнер, эстрадалық және цирк өнері туындыларының жасалуын қамтамасыз ететін конкурстар мен басқа да шараларды ұйымдастырады;
       тарихи, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау, қалпына келтіру, пайдалану және насихаттау бойынша басшылықты жүзеге асырады, белгіленген тәртіппен тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану мәселелері жөніндегі ережелерді, нұсқаулықтар мен тәртіптерді жасайды және бекітеді;
       мәдениет, өнер және кинематография қайраткерлеріне белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының құрметті атақтарын, марапаттарын беру туралы ұсыныстар енгізеді;
       Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігіне ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнінде ұсыныстар енгізеді;
      халыққа мәдени қызмет көрсетуді жетілдіру, олардың материалдық- техникалық базасын дамыту мен нығайту бойынша аудандық, қалалық, облыстық, республикалық мәдениет органдарының қызметін үйлестіреді.

                        IV. Комитеттің құқықтары

      9. Комитет өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыруы кезінде:
      өз құзыретінің шегінде белгіленген тәртіппен нормативтік құқықтық актілер (бұйрықтар, нұсқаулықтар, шешімдер және т.б.) шығаруға;
      басқа мемлекеттік органдармен бірлескен актілер шығаруға;
      өзінің функцияларын орындауы үшін белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан, қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
      көптарапты халықаралық мәдени байланыстарды дамытуға;
      кино,-бейнешығармаларын қарау және қорытындылар беру жөнінде сарапшылар комиссияларын құруға;
      республикада фестивальдар өткізуге және шетелде өтетін фестивальдарға қатысуға, кәсіби және көркемөнерпаздар шығармашылығы күндерін, көркемдік ұжымдар мен орындаушылардың конкурстарын, Қазақстан Республикасы мәдениетінің жетістіктерін көрсетуге байланысты байқаулар мен басқа да шараларды ұйымдастыруға;
      тарих және мәдениет ескерткіштерінің археологиялық және қайта қалпына келтіру жұмыстарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкетілетін мәдени құндылықтарға сараптама жүргізуге;
      кәсіби шығармашылық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға, сондай-ақ мәдениет мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың қызметін өз құзыреті шегінде үйлестіруге;
      халықтың ұлттық рухани байлығы мен оның мәдени мұрасының бір бөлігі ретінде мәдениет шығармаларының қорын іріктеу, жинақтау және сақтау бойынша мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға;
     мәдениетті дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламасын әзірлеуге және жүзеге асыруға, республикалық бюджеттен мақсатты бағдарламалар мен жобаларға бөлінетін қаражатты бөлуге, оның тиімді пайдаланылуын бақылауға;
       Қазақстан Республикасының тиісті министрліктерімен және ведомстволарымен келісім бойынша мәдениет объектілерін жобалау мен салу жөнінде ұсыныстар енгізуге және оларды қарауға, белгіленген тәртіппен осы объектілердің құрылысына арналған титулдық тізімдерді, жобалар мен сметаларды әзірлеуге және бекітуге, клуб, кітапхана, кинотеатр және басқа да мәдениет объектілерінің үлгілік жобаларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар дайындауға және оларды қарауға, республикалық мәдениет ұйымдарының техникалық базасының құрылысын салу және олардың кеңейтілуіне бақылау жасауды жүзеге асыруға;
      ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметіне басшылықты жүзеге асыруға;
      заңдарда көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

            V. Комитеттің қызметін ұйымдастыру

      10. Комитетті Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Yкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады.
      11. Төрағаның Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екі орынбасары болады.
      12. Төраға:

     Комитеттің қызметін ұйымдастырады және оған басшылық жасайды;
     Комитет қызметкерлерін, Комитетке ведомстволық бағыныстағы 
ұйымдарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
     өз құзыретінің шегінде Комитеттің барлық бөлімшелері атқаруы міндетті 
бұйрықтар шығарады, нұсқаулар мен өкімдер береді;
     бекітілген адам саны мен еңбекақы қорнының шегінде Комитеттің штат 
кестесін, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың ережелерін
(жарғыларын) бекітеді.
     13. Комитет заңдарда белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылады және 
таратылады.

                   VI. Жауапкершілігі
     
     14. Комитет Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының 
сақталуы үшін, сондай-ақ Қазақстанды мәдени-рухани дамыту саласында өзінің 
функцияларын лайықты дәрежеде атқаруы үшін жауапкершілікте болады.
     15. Комитетке жүктелген міндеттер мен функциялардың орындалуы үшін 
Комитеттің төрағасы жеке жауапкершілікте болады.
     


                                                Қазақстан Республикасы 

Yкіметінің 1998 жылғы 9 маусымдағы N 525 қаулысымен бекітілген


            Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық

                 сақтау министрлігінің Мәдениет комитетіне
                     ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың
                                 ТІЗБЕСІ
     
     Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры
     
     М. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театры
     
     М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры
     
     Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер 
театры
     
     Н.Сац атындағы мемлекетттік академиялық орыс балалар мен 
жасөспірімдер 
театры
     
     Республикалық мемлекеттік ұйғыр музыкалық комедия театры
     
     Республикалық мемлекеттік корей музыкалық комедия театры
     
     Республикалық неміс драма театры
     
     Мемлекеттік қуыршақ театры
     
     Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясы
     
     "Қазақконцерт" мемлекеттік гастрольдік-концерттік қазақ бірлестігі
     
     Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар 
оркестрі
     
     Қазақстан Республикасының "Салтанат" мемлекеттік би ансамблі
     
     "Қазақстан камератасы" мемлекеттік классикалық музыка ансамблі
     
     Республика Сарайы
     
     "Қазақ мемлекеттік циркі" қазыналық кәсіпорны
     
     Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау 
министрлігі Мәдениет комитетінің жанындағы Қазақ мәдениеті мен өнертану 
ғылыми-зерттеу институты
     
     Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі
     
     Ә.Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі
     
     Алтын және бағалы металдар музейі
     
     Ықлас атындағы республикалық музыкалық халық аспаптар музейі
     
     Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы
     
     Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Астана қаласындағы 
С.Сейфуллин атындағы филиалы
     
     Жамбыл атындағы республикалық мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы
     
     С. Бегалин атындағы республикалық мемлекеттік балалар кітапханасы
     
     Республикалық зағип және нашар көретін азаматтар кітапханасы
     
     Республикалық кітап музейі
     
     Көрмелер мен аукциондар дирекциясы
     
     Республикалық және халықаралық мәдени бағдарламалар дирекциясы
     
     "Материалдық мәдени ескерткіштерді ғылыми-зерттеу және жобалау 
институты" қазыналық кәсіпорны
     
     Республикалық мемлекеттік құрылыс-жөндеу және қайта қалпына келтіру 
басқармасы (шаруашылық жүргізу құқығында)
     
     "Саз" үнтаспа фирмасы

      Ұлттық продюсерлік орталығы

      Ш. Айманов атындағы қазақ кинофабрикасы
     
      "Қазкинопрокат" республикалық өндірістік бірлестігі

      Қазақ фильмдері қоры

      Ғимараттар мен құрылыстар басқармасы

      "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі
 
      Отырар мемлекеттік археологиялық қорығы

      "Ордабасы" ұлттық тарихи-мәдени қорығы

       Абай атындағы "Жидебай-Бөрлі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-
мемориалдық қорық-музейі
    
      "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғат қорығы
      
      Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы

      "Көне Тараз ескерткіштері" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі
     
     
     


                                           Қазақстан Республикасы 

Yкіметінің»1998 жылғы 9 маусымдағы N 525 қаулысымен бекітілген


               Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және

            денсаулық сақтау министрлігі Мәдениет комитетінің 
                              ҚҰРЫЛЫМЫ
     
     
     Басшылық
     
     Экономика және қаржы бөлімі
     
     Ұйымдастыру-кадр жұмысы және бақылау бөлімі
     
     Ақпараттық-талдау жұмысы бөлімі
     
     Мәдени-демалыс жұмысы секторы
     
     Музыка өнері және шетелдермен байланыс бөлімі
     
     Мәдени ескерткіштерді қорғауды инспекциялау бөлімі
     
     Театр өнері және кинематография бөлімі
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады