Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемды қайта қаржыландыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 12 маусымдағы N 529

      "Кең дала" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемы бойынша дефолт фактiлерiне жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң "Кең дала" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк емес сыртқы заемы бойынша алдағы төлемдерiн 30 млн. АҚШ доллары көлемiнде ұзақ мерзiмдi мемлекеттiк емес заемды тарту, тиiстi келiсiмдер жасасу және Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 23 қыркүйектегi N 002 мемлекеттiк кепiлдiгiн қайта ресiмдеу жолымен қайта қаржыландыру жүргiзу туралы ұсынысы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi заем тартудың мүмкiн қорытындысын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне ұсынсын.
      3. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi аталған қарыз

 

алу шарттарының Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген

заңдарына сәйкестiгi туралы қорытындыны Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлiгiне ұсынсын.

     4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Стратегиялық

жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi мен Әдiлет

министрлiгiнiң қорытындылары оң болған жағдайда:

     1) тартылған сыртқы заемның рәсiмдерiне байланысты шығыстарды

        қысқарту мен комиссиялық сыйақы деңгейiн азайту мақсатында

        заемның жалпы сомасын 50 млн. АҚШ долларына дейiн ұлғайту

        жолымен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 1

        сәуiрдегi N 278 


P980278_


  қаулысына сәйкес тартылатын заем

        шеңберiнде қарыз алу жүргiзсiн;

     2) тартылатын заем бойынша Қазақстан Республикасының кепiлдiгi

        бар мiндеттемелерiн қажеттi қайта ресiмдеудi жүзеге асырсын;

     3) тартылатын сыртқы заемға қызмет көрсету бойынша Қазақстан

        Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 1 сәуiрдегi N 278

        қаулысымен белгiленген агентпен агенттiк келiсiм жасассын.



     Ескерту. 4-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.07.03. N 635 қаулысымен.



P980635_



     5. "Кең дала" акционерлiк қоғамы 30 млн. АҚШ долларына дейiнгi

сомада сыртқы заемды тарту жөнiндегi түпкi заем алушы болып

белгiленсiн.

     6. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының

Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады