Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 3 шiлдедегi N 635

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Астана қаласындағы әуежайды қайта жаңарту жобасын қаржыландыру үшiн қаражат тарту жөнiндегi шаралар туралы" 1998 жылғы 1 сәуiрдегi N 278 P980278_ және "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемды қайта қаржыландыру туралы" 1998 жылғы 12 маусымдағы N 529 P980529_ қаулыларына сәйкес тартылған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiмен сыртқы мемлекеттiк емес заемды алудың рәсiмiн жеделдету мақсатында, сондай-ақ дефолт фактiлерiн болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      "Астана қаласындағы әуежайды қайта жаңарту жобасын қаржыландыру үшiн қаражат тарту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 1 сәуiрдегi N 278 қаулысына:
      2-тармақтың 2) тармақшасы мынандай редакцияда жазылсын;
      "2) Ақмола қоры" жабық акционерлiк қоғамы осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетiлген заемшы және заемға қызмет көрсету жөнiндегi агент болып белгiленсiн;
      "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемды қайта қаржыландыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 12 маусымдағы N 529 қаулысында:
      4-тармақтың 3) тармақшасындағы "қаулысында айқындалған шарттарда банкпен" деген сөздер "қаулысымен белгiленген агентпен" деген сөздермен ауыстырылсын.
 

     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады