Лицензиялық органның жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беруге арналған рұқсатын беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 16 маусымдағы N 540

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 27 мамырдағы N 484 P980484_ қаулысымен бекiтiлген Жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беруге рұқсат берудiң тәртiбi туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "АБС Балхаш"Тау-кен-руда компаниясы" ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамына "Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкi жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамына "АБС Балхаш" Тау-кен-руда компаниясы" ашық үлгiдегi акционерлiк қоғамына Жезқазған облысының Үшшоқы алтын-руда кен руда кен орнын игеруге арналған 1995 жылғы 22 мамырдағы

 

МГ сериялы N 143 лицензиямен берiлген жер қойнауын пайдалану құқығын

кепiл ретiнде беруге рұқсат етiлсiн.

     Бұл рұқсаттың күшiнде болу мерзiмi алты ай.

     2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан

Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне

жүктелсiн.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады