Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Ресей Федерациясынан Қырғыз Республикасына "гранипор" жарылғыш затын транзиттеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 18 маусымдағы N 557

      "Қару-жараққа, әскери техникаға және екi ұдай мақсаттағы өнiмге экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Нитро-Взрыв" акционерлiк қоғамы (Мәскеу қаласы) мен "Кумтор Оперейтинг Компани" компаниясы арасында жасалған 1997 жылғы 23 желтоқсандағы N 21/98-НВ келiсiм-шартқа сәйкес Ресейден Қырғыз Республикасына "Кумтор Голд Компани" қырғыз-канада бiрлескен кәсiпорны үшiн "Нитро-Взрыв" акционерлiк қоғамы (Мәскеу қаласы) шығаратын "гранипор" жарылғыш затын 1000 (бiр мың) тонна көлемiнде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен тасымалдауға рұқсат етiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар

 

министрлiгi Халықаралық темiр жол жүк қатынасы туралы келiсiмге

сәйкес жүктiң Қазақстан аумағы арқылы өтуiне қауiпсiздiк пен

бақылаудың ерекше шараларын қамтамасыз ете отырып, тасымалды жүзеге

асырсын.

     3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кеден комитетi

транзиттi тасымалдарға заңдарда белгiленген тәртiппен бақылауды

қамтамасыз етсiн.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады