Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi Бiлiм комитетiнiң мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Үкiметi 1998 жылғы 19 маусым N 571. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.05.10. N 557 қаулысымен. ~P990557

      "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 U973655_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 45, 410-құжат) және "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 Жарлығын iске асыру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1551 P971551_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

     Ұсынылып отырған:
     Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау
министрлiгiнiң Бiлiм комитетi туралы ереже;
     Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау
министрлiгi Бiлiм комитетiнiң құрылымы;
     Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау
министрлiгi Бiлiм комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi
бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi

                                           Қазақстан Республикасы
                                                Үкiметiнiң
                                           1998 жылғы 19 маусымдағы
                                           N 571 қаулысымен
                                                 бекiтiлген

           Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және
       денсаулық сақтау министрлiгiнiң Бiлiм комитетi туралы
                               ЕРЕЖЕ

                            1. Миссиясы

     Ұлттық бiлiм беру жүйесiнiң тиiмдi қызметiн құру және
қамтамасыз ету.

                     2. Қызметiнiң басымдықтары

     Бiлiм берудiң жаңа ұлттық үлгiсiнiң тұжырымдамалық негiздерiн
және нормативтiк-құқықтық базасын әзiрлеу, жүйенiң тиiмдi жұмыс
iстеуi үшiн жағдай жасау.
     Бiлiм берудi оқу-әдiстемелiк және кадрлық жағынан қамтамасыз
ету.
     Бiлiм беру сапасын оның барлық деңгейi бойынша көтеру.
     Бiлiм берудi басқарудың тиiмдi жүйесiн құру.
     Бiлiм берудi жоспарлау мен қаржыландыруды жетiлдiру.
     Балалардың жалпы бiлiм беретiн мектептерге толық баруын
қамтамасыз ету.

                         3. Жалпы ережелер



      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгiнiң Бiлiм комитетi (бұдан әрi - Комитет) бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк басқару органы болып табылады.
      Комитет бiлiм беру және тәрбие саласында мемлекеттiк саясатты жүргiзедi және осы мақсатта салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады.
      2. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Комитеттiң штат санын Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрi (бұдан әрi - Министр) бекiтедi.
      4. Комитет заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттiк тiлде өзiнiң атауы жазылған мөрi болады.

               4. Бiлiм комитетiнiң негiзгi мiндеттерi

      5. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
      1) азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес мемлекеттiк оқу орындарында кепiлдiктi тегiн орта бiлiм алуын қамтамасыз ету;
      2) бiлiм беру саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу және оларды iске асыру;
      3) қоғамның әлеуметтiк-экономикалық дамуының қысқа мерзiмдi, орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi басымдықтарының негiзiнде Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың стратегиясын қалыптастыру және iске асыру;
      4) бiлiм берудiң барлық деңгейi бойынша мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеудi ұйымдастыру;
      5) нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, олардың қолданылу практикасына талдау жасау;
      6) мектеп жасына дейiнгi, жалпы орта, кәсiптiк-техникалық, арнаулы орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм берудiң мазмұнын айқындау;
      7) оқу-тәрбие ұйымдарының үлгiлерiн әртүрлi ұлттық және аймақтық ерекшелiктерге сәйкес дамыту үшiн жағдай жасау;
      8) кадрларды даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру, қоғамның кәсiптiк-техникалық, арнаулы орта, жоғары бiлiмi бар жоғары бiлiктi мамандарға деген сұранымын қанағаттандыру;
      9) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бiлiм беру ұйымдарының қызметiн бағалаудың бiрыңғай жүйесiн құру;
      10) бiлiм берудiң барлық деңгейiнiң сапасына және нормативтiк құқықтық актiлердiң, нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттамалардың, алқа шешiмдерiнiң және Министрлiктiң бұйрықтарының атқарылуына бақылау жасауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      11) бiлiм беру жүйесiнiң тиiстi ұйымдарында ғылыми қызметтi басқару жүйесiн әзiрлеу және iске асыру, ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды үйлестiру;
      12) халықаралық шарттар мен келiсiмдердiң жобаларын дайындауға қатысу, бiлiм беру және жоғары оқу орны ғылымдары саласында халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасасу және ынтымақтастық;
      13) ведомстволық бағынысты бiлiм беру ұйымдарының материалдық-техникалық және оқу-ғылыми-өндiрiстiк базасын дамыту;
      14) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ведомстволық бағынысты ұйымдарды дамытуды жоспарлау және қаржыландыруды қамтамасыз ету;
      15) педагогикалық қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау, олардың қоғамдағы әлеуметтiк мәртебесiн көтеру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру болып табылады.

                   5. Бiлiм комитетiнiң функциялары

      6. Комитет негiзгi мiндеттерiне сәйкес мынадай функцияларды орындайды:
      1) өз құзыретiнiң шегiнде оқу орындары мен оқу-тәрбие ұйымдарының қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекiтедi;
      2) барлық үлгiдегi оқу орындарында әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық бағдарламаларды, бiлiм беру мен тәрбие жұмыстарын дамытудың жоспарларын әзiрлеуге қатысады;
      3) уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, мамандарды, жоғары бiлiктi жұмысшыларды және қызметкерлердi даярлауға мемлекеттiк тапсырысты айқындауға және орналастыруға қатысады;
      4) мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, бiлiм беру саласында мақсатты халықаралық бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысады;
      5) шетелдiк несиелер мен инвестицияларды бiлiм беру ұйымдарына тарту және пайдалану жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;
      6) бiлiм беру саласында Қазақстан Республикасының ведомствоаралық шарттарын (келiсiмдерiн) жасасу жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, ведомствоаралық ынтымақтастық бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етедi;
      7) мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, жоғары, арнаулы орта және кәсiптiк-техникалық оқу орындарында кадрларды даярлау жүргiзiлетiн Мамандықтардың жiктемелерiн және Кәсiптер тiзбесiн айқындайды және жыл сайын оларға қажеттi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi;
      8) оқыту технологиясы саласында инновациялық саясат жүргiзедi;
      9) заңдарда белгiленген тәртiппен бiлiм беру ұйымдарын лицензиялауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, сондай-ақ лицензияларды тоқтата тұрады және керi қайтарып алады;
      10) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары, арнаулы орта, кәсiптiк-техникалық оқу орындарын, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру мен оларды қайта даярлау ұйымдарын аттестациялау мен тiркеу үшiн нормативтiк құқықтық актiлердi, регламенттердi әзiрлейдi;
      11) бiлiм берудiң барлық деңгейлерiне және жоғары оқу орындары мен Министрлiктiң ғылыми-зерттеу ұйымдарында ғылыми қызметтi жүзеге асыруға бағытталатын бюджеттiк қаражатқа қажеттiлiктi есептеу жөнiндегi жұмысқа қатысады;
      12) мүдделi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп бiлiм беру жүйесiнiң қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн жетiлдiру және оларды әлеуметтiк қорғау жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      13) бiлiм беру ұйымдарының бюджеттiк және бюджеттен тыс қаражаттарды пайдалану жөнiндегi қаржы-шаруашылық қызметiне талдау жүргiзедi;
      14) республикалық бюджетте тұрған ведомстволық бағынысты оқу орындары мен ұйымдардың ғылыми-зерттеу қызметiн қаржыландыруды жүзеге асырады;
      15) басқа мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, еңбек рыногын маркетингтiк зерттеудi жүргiзедi және мамандарға сұранысты айқындайды;
      16) мемлекеттiк кәсiптiк-техникалық, арнаулы орта, жоғары оқу орындарына және магистратураға қабылдаудың Үлгi ережесiн бекiтедi;
      17) гранттардың негiзiндегi зерттеулердi қоса алғанда, жоғары оқу орындарында және бiлiм беру жүйесiнiң ғылыми мекемелерiнде жүргiзiлетiн iргелi зерттеулердi, iздестiру және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды дамыту жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлейдi және практикалық шараларды жүзеге асырады және ғылыми зерттеулер мен әзiрлемелердiң нәтижелерiн оқу процесiне енгiзу мен практикада iске асыруға бағытталған ұйымдастыру-экономикалық және инновациялық қызметтерге жәрдемдеседi;
      18) Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясымен, салалық академиялармен, экономика саласындағы ұйымдармен iргелi, қолданбалы ғылымдарды интеграциялау саласында ынтымақтастықты жүзеге асырады;
      19) меншiк нысандарына қарамастан, оқу орындары үшiн бiлiм туралы мемлекеттiк үлгiдегi құжаттарды әзiрлейдi және бекiтедi, белгiленген тәртiппен шетелдiк мемлекеттердiң бiлiм туралы құжаттарының баламдылығын айқындайды, оларды Қазақстан Республикасының аумағында тану (нострификация) мәселелерiн шешедi;
      20) мектептерде, мектеп жасына дейiнгi, арнаулы түзету, интернаттық ұйымдарда және балалар үйлерiнде оқу-тәрбие және емдеу-сауықтыру процесiн ұйымдастыруға әдiстемелiк, психологиялық-медициналық-педагогикалық талаптарды айқындайтын ұсынымдарды әзiрлейдi;
      21) бiлiм беру ұйымдарында шағын және орта бизнестiң түрлi нысандарын қалыптастыруға және дамытуға жәрдемдеседi;
      22) ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады.

                    6. Бiлiм комитетiнiң құқықтары

      7. Комитеттiң өзiне жүктелген функцияларды орындау үшiн белгiленген тәртiппен:
      1) Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша шешiмдер қабылдауға, бұйрықтар шығаруға, нормативтiк құқықтық және әдiстемелiк құжаттамаларды әзiрлеуге және бекiтуге;
      2) Комитеттiң қызметкерлерi мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға;
      3) бiлiм және ғылым саласында алда тұрған жекелеген мiндеттердi шешу үшiн уақытша шығармашылық және зерттеу ұжымдарын (топтарын) ұйымдастыруға;
      4) мемлекеттiк оқу орындары мен бiлiм беру ұйымдарының, мемлекеттiк мекемелердiң қызметiне бақылау жасауды жүзеге асыруға, кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыруға және оларды қайта даярлауға;
      5) белгiленген тәртiппен облыстық бiлiм басқармаларын және департаменттердi, жоғары оқу орындарын, колледждердi, жетекшi ғалымдарды, жаңашыл мұғалiмдердi оқу-бағдарламалық құжаттамаларды, әдiстемелiк ұсынымдарды әзiрлеуге тартуға;
      6) белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан және ұйымдардан Комитеттiң құзыретiнiң мәселелерi бойынша ақпарат сұратуға және алуға;
      7) жоғары және арнаулы орта оқу орындарын, басқа да бiлiм беру ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      8) бiлiм беру мекемелерiн лицензиялауды жүзеге асыруға, сондай-ақ заңдарда белгiленген тәртiппен лицензияларды тоқтата тұруға және керi қайтарып алуға;
      9) ведомстволық бағынысты ұйымдарда бюджеттiк қаражаттардың пайдаланылуының дұрыстығына, тиiмдiлiгiне тексерулер жүргiзуге қатысуға;
      10) Комитеттiң құзыретi шегiнде қоғамдық ұйымдармен өзара iс-қимылды, сондай-ақ мемлекеттiк, мақсаттық және кешендi бағдарламаларды iске асыру жөнiнде салааралық және аймақаралық үйлестiрудi жүзеге асыруға құқығы бар.

              7. Бiлiм комитетiнiң қызметiн ұйымдастыру

      8. Комитеттi Министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен Төраға басқарады.
      Төрағаның Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Министр қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екi орынбасары болады.
      Басқармалардың бастықтарын, басқарма бастықтарының орынбасарларын, басқармалардың құрамындағы бөлiмдердiң бастықтарын, дербес бөлiмдердiң бастықтарын Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Министр қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Комитеттiң барлық қалған қызметкерлерiн комитеттiң тиiстi құрылымдық бөлiмшелерi бастықтарының ұсынуы бойынша Комитеттiң төрағасы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      9. Комитетте неғұрлым маңызды мәселелердi кеңiнен және жан-жақты талдау және қарау үшiн Комитет төрағасының, оның екi орынбасарының, дербес құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының және өзге де адамдардың құрамында Алқа құрылады.
      Алқаның сандық құрамын Министр белгiлейдi, ал жеке құрамын Төраға бекiтедi.
      Алқаның шешiмдерi хаттамаларын, қаулылармен ресiмделедi және бұйрықтармен бекiтiледi.
      10. Төраға Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және басқарады және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапкершiлiкте болады.
      Төраға осы мақсатта:
      1) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес барлық мемлекеттiк және өзге де органдарда, ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi;
      2) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары мен басқа да

қызметкерлерiнiң мiндеттерi мен құқықтарын белгiлейдi;
     3) өз құзыретiнiң шегiнде қажеттi шешiмдер қабылдайды;
     4) құрылымдық бөлiмшелер туралы ережелердi және Комитеттiң
жұмыс регламентiн бекiтедi;
     5) Министрлiк басшылығының қаруына Комитеттiң құзыретiне
жатпайтын мәселелер жөнiнде ұсыныстар енгiзедi.
     11. Комитет заңдарда белгiленген тәртiппен бiлiм беру жүйесiнiң
тиiмдi қызметiн қамтамасыз ету үшiн жауапкершiлiкте болады.
     12. Комитет заңдарда белгiленген тәртiппен қайта
ұйымдастырылады және таратылады.


                                           Қазақстан Республикасы
                                                Үкiметiнiң
                                           1998 жылғы 19 маусымдағы
                                           N 571 қаулысымен
                                                 бекiтiлген

           Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және
           денсаулық сақтау министрлiгi Бiлiм комитетiнiң
                              ҚҰРЫЛЫМЫ

     Басшылық
     Жоғары және арнаулы орта бiлiм басқармасы
     Орта, кәсiптiк бiлiм және тәрбие басқармасы
     Үйлестiру және бақылау бөлiмi
     Қаржы-экономика бөлiмi


                                           Қазақстан Республикасы
                                                Үкiметiнiң
                                           1998 жылғы 19 маусымдағы
                                           N 571 қаулысымен
                                                 бекiтiлген

      Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық
    сақтау министрлiгi Бiлiм комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың
                              ТIЗБЕСI

                        Жоғары оқу орындары:

     С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетi
     Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетi
     Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетi
     Қ.Досмұхамедов атындағы Атырау университетi
     Шығыс Қазақстан мемлекеттiк университетi
     "Семей" мемлекеттiк университетi
     М.Х.Дулати атындағы Тараз университетi
     О.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетi
     Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан өнер институты
     Батыс Қазақстан аграрлық университетi
     А.С.Пушкин атындағы Батыс Қазақстан гуманитарлық университетi
     Е.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттiк университетi
     Қарағанды металлургия институты
     Қарағанды мемлекеттiк техникалық университетi
     Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттiк университетi
     Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетi
     А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттiк университетi
     Қостанай ауыл шаруашылығы институты
     Рудный индустриалдық институты
     Алматы технологиялық институты
     Ш.Есенов атындағы Ақтау университетi
     С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттiк университетi
     Солтүстiк Қазақстан университетi
     Д.Серiкбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетi
     I.Жансүгiров атындағы Талдықорған университетi
     Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты
     М.Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетi
     Абай атындағы Алматы мемлекеттiк университетi
     Қазақтың Ұлттық музыка академиясы
     Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттiк консерваториясы
     Қазақ Көлiк және коммуникациялар академиясы
     Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттiк театр және кино институты
     Қазақ мемлекеттiк сәулет-құрылыс академиясы
     Қазақ мемлекеттiк басқару академиясы
     Қазақ мемлекеттiк көркем өнер академиясы
     Абылай хан атындағы Қазақ мемлекеттiк халықаралық қатынастар
     және әлем тiлдерi университетi
     Қазақ мемлекеттiк қыздар педагогикалық институты
     Қазақ дене тәрбиесi институты
     Қазақ ұлттық техникалық университетi
     Қазақ мемлекеттiк аграрлық университетi
     Алматы энергетика және байланыс институты
     Қазақтың мемлекеттiк заң университетi
     Атырау мұнай және газ институты

               Арнаулы орта оқу орындары (колледждер)

     К.Байсейiтова атындағы республикалық музыка колледжi
     П.И.Чайковский атындағы Алматы музыка колледжi
     Ж.Елебекова атындағы республикалық эстрада-цирк колледжi
     Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесi
     Республикалық көркем өнер колледжi
     Таңсықбаев атындағы Алматы безендiру-қолданбалы өнер колледжi
     Қ.Мұңайтпасов атындағы республикалық спорт колледжi
     N 2  республикалық спорт колледжi

                         Мектеп-интернаттар

     Шымкент республикалық әскери мектеп-интернаты
     Қарағанды республикалық әскери мектеп-интернаты
     Б.Момышұлы атындағы Алматы республикалық әскери мектеп-интернаты
     А.Жұбанов атындағы республикалық қазақ орта музыка
     мектеп-интернаты
     Қазақ тiлi мен әдебиетiн тереңдетiп оқытатын республикалық
     мектеп-интернат
     Республикалық физика-математика мектеп-интернаты

                          Басқа да ұйымдар
     Республикалық Оқушылар сарайы
     "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталық
     Республикалық бiлiм беру жүйесiнiң басшы және
     ғылыми-педагогикалық қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыру
     институты
     Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ бiлiм академиясы
     Республикалық ақыл-ой және дене дамуы жағынан кемiстiгi бар
     балалар мен жасөспiрiмдердi кәсiби-еңбекке баулуға әлеуметтiк
     тұрғыда бейiмдеу ғылыми-өндiрiстiк орталығы
     Физикалық-технологиялық оқу-ғылыми орталығы
     Республикалық бiлiм берудi ақпараттандыру ғылыми-әдiстемелiк
     орталығы
     Республикалық мемлекеттiк бiлiм стандарттары орталығы
     Оқу-әдiстемелiк орталық, Ақтөбе қаласы (Қазақтың көлiк және
     коммуникациялар академиясының филиалы)
     Республикалық ғылыми-педагогикалық кiтапхана
     Республикалық падегогика мұражайы
     Республикалық "Тәжiрибе-эксперименттiк бiрлестiк" кәсiпорны
     Республикалық мектеп жиhаздарын жасау және жөндеу жөнiндегi
     бiрлестiгi (шаруашылық жүргiзу құқығында)
     Қазақстан балалар қоры
     Республикалық педагогикалық қоғам
     "Қазақстан мұғалiмi" газетiнiң редакциясы
     "Учитель Казахстана" газетiнiң редакциясы
     "Қазақ тiлi және әдебиетi" журналының редакциясы
     "Қазақстан мектебi" журналының редакциясы
     "Русский язык и литература в казахской школе" журналының
     редакциясы
     "Қазақбiлiмжабдықтау" өндiрiстiк-коммерциялық бiрлестiк
     республикалық мемлекеттiк кәсiпорны
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады