Қазақстан Республикасына радиоактивтi сәулелену көздерiн әкелу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 24 маусымдағы N 595

      "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 29, 226-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының Атом энергетикасы жөнiндегi агенттiгiне Қазақстан Республикасына Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Жапон Үкiметiнiң арасындағы Қазақстан Республикасында қысқартуға жататын ядролық қаруды жою саласындағы ынтымақтастық және осы мақсаттардағы ынтымақтастық жөнiнде комитет құру туралы 1995 жылғы 11 наурыздағы Келiсiмге сәйкес 241/литий америцийiнiң негiзiнде белсендiлiгi 2,4 Кюри (СЭҚ ТН 2845.90900), нейтрондық өлшеулер жүргiзуге пайдаланылатын екi радиоактивтi сәулелену көздерiн әкелуге рұқсат етiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi белгiленген тәртiппен лицензия берсiн.
 

     Қазақстан Республикасының


 
          Премьер-Министр
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады