1998 жылдың жазғы кезеңiнде балалар мен жас өспiрiмдердiң демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 3 шiлдедегi N 632

      Жазғы кезеңде балалардың демалысы мен сауықтырылуы жүйесiн, сондай-ақ олардың жұмыспен қамтылуын тұрақтандыру мен дамытуды қамтамасыз ететiн жағдайларды жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкiмдерi:
      1) облыстарда және аудандарда балалар мен жас өспiрiмдердiң жазғы демалысын ұйымдасқан түрде өткiзу жөнiнде ведомствоаралық кеңестер немесе жедел штабтар құрсын;
      2) балаларға арналған мемлекеттiк сауықтыру лагерьлерi мен туристiк базаларды басқа мақсатта пайдалануға тыйым салынсын;
      3) жетiм балалардың, ата-ана қамқорынсыз қалған балалардың, даму мүмкiндiгi шектеулi балалардың, аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасы балаларының, төтенше оқиғалар аймақтарында тұратын балалардың демалысы мен сауықтырылуын бiрiншi кезекте қамтамасыз етсiн;
      4) заңдарда белгiленген тәртiппен балалар сауықтыру мекемелерiнде тамақтандырудың ұйымдастырылуына, сауықтыру мекемесiне тасымалдардың қауiпсiздiгiне, олар орналасқан аудандарда қоғамдық тәртiптi сақтауға санитарлық қадағалау мен бақылауды жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн;
      5) балансында балалар сауықтыру мекемелерi бар мемлекеттiк мекемелер мен кәсiпорындардың басшыларына оларды тиiстi санитарлық-техникалық жағдайға келтiру мiндеттелсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi балалар мен жас өспiрiмдер үшiн сауықтыру мекемелерiне жолдама сатып алуға арналған шығыстарды 1998 жылдың өткен кезеңiнде жүргiзiлген шығыстарды шегере отырып, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры бойынша 1998 жылға бекiтiлген қаржының шегiнде жүргiзсiн. Жолдамалар берудi "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаражаты есебiнен санитарлық-курорттық емдеуге және балалардың ұйымдастырылған демалысына жолдамалар сатып алу, оларды есепке алу және беру тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 26 желтоқсандағы N 1624 P961624_ қаулысына сәйкес жүзеге асырсын.
      3. Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкiмдерiмен бiрлесiп:
      1) каникул уақытында күндiз болатын балалар сауықтыру лагерьлерiнiң, бейiндi лагерьлердiң, мектептен тыс мекемелердiң, өз базасында және балалардың тұратын жерi бойынша тұрақты және ауыспалы құрамдағы әртүрлi бiрлестiктердiң жұмыс iстеуiн ұйымдастырсын;
      2) балалар сауықтыру мекемелерiн педагог және медицина кадрларымен жасақтауға жәрдем көрсетсiн;
      3) мәдениет, спорт және туризм мекемелерiнiң жазғы каникул кезеңiнде балалармен және жасөспiрiмдермен жұмысты ұйымдастыруға қатысуын қамтамасыз етсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады