1998-2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың кешендi бағдарламасын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 8 шiлдедегi N 649

      Құқық қорғау, мемлекеттiк емес органдардың және қоғамдық бiрлестiктердiң кәмелетке толмағандардың тарапынан болатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерiндегi қызметiн үйлестiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. 1998-2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында

 

кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу

кешендi бағдарламасы бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).

     2. Барлық мүдделi министрлiктер мен ведомстволар 1998-2000

жылдарға арналған Қазақстан Республикасында кәмелетке толмағандардың

арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алудың кешендi

бағдарламасының қалтқысыз орындалуын қамтамасыз етсiн.



     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi

                                           Қазақстан Республикасы

                                                Үкiметiнiң

                                           1998 жылғы 8 шiлдедегi

                                             N 649 қаулысымен

                                                 бекiтiлген


       1998-2000 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында

             кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық

                     бұзушылықтың алдын алудың

                        КЕШЕНДI БАҒДАРЛАМАСЫ


     Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын

алудың кешендi бағдарламасы - бұл:


 
       1) құқық қорғау, мемлекеттiк органдардың және ұйымдардың кәмелетке толмағандардың қылмыстарын, құқық бұзушылықтарын және қадағалаусыздығын болдырмау жөнiндегi қызметтерiн үйлестiруге;
      2) кәмелетке толмаған құқық бұзушыларды, сондай-ақ балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндетiн қасақана орындамайтын және өзiнiң қоғамға жат қылықтарымен олардың құқық бұзуына ықпал ететiн ата-аналарды немесе олардың орнындағы адамдарды анықтауға; олармен алдын алу жұмыстарын жүргiзуге;
      3) мүдделi ведомстволарды тиiстi ақпаратпен қамтамасыз етуге, кәмелетке толмағандардың құқыққа қарсы мiнез-құлықтарына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою, оларды тәрбиелiк және алдын алу әсерi бар шаралармен, бос уақытын ұйымдастыру нысандарымен, оқу және еңбек процесiмен қамту жөнiнде ұсыныстар енгiзуге;
      4) тиiстi құқық қорғау, мемлекеттiк органдарда заңдарда көзделген шараларды қабылдау үшiн кәмелетке толмағандардың құқыққа қарсы мiнез-құлықтары, оларға ата-аналарының, олардың орнындағы адамдардың немесе өзге де адамдардың терiс ықпал етуi фактiлерi туралы, кәмелетке толмағандарды қылмысқа және қоғамға жат өзге де iстерге тарту фактiсi туралы материалдарды қарау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруға бағытталған қызметтерге бағытталған бағдарлама.
      Осы мiндеттердi iске асыру мақсатында:
      1. Тоқсан сайын кәмелетке толмағандардың арасындағы қылмыстылықтың, құқық бұзушылықтың және қадағалаусыздықтың жай-күйiне, сондай-ақ балалар мен жас өспiрiмдердiң құқыққа қарсы мiнез-құлқының алдын алу жөнiндегi қабылданатын ықпал ету нысандары мен әдiстерiне талдау жасау. Өскелең ұрпақтың тарапынан келеңсiз көрiнiстерге ықпал ететiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде уақтылы шаралар қабылдау және кәмелетке толмағандардың қадағалаусыздығы мен қылмыстылығының серпiнi мен құрылымындағы қажетсiз тенденцияларды бейтараптандыруға және жоюға бағытталған шаралардың кешенiн айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметiн, мүдделi мемлекеттiк органдарды, ұйымдарды аталған ақпаратпен қамтамасыз ету.
                           Орындау мерзiмi: тоқсан сайын.
                           Орындаушы: Бас Прокуратура (келiсiм
                           бойынша); Iшкi iстер министрлiгi.
 
      2. Ата-аналардың, педагогтардың, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу үшiн жауап беретiн өзге де адамдардың қылмыстық, әкiмшiлiк және отбасы заңдарының талаптарына сәйкес жауапкершiлiгiн күшейтуге бағытталған шаралардың кешенiн әзiрлеу. Балалар мен жасөспiрiмдердi тәрбиелеу процесiнде мiндеттерiн орындамағаны немесе дұрыс орындамағаны үшiн Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 137-бабының кеңiнен қолданылуын қамтамасыз ету.
 
                           Орындау мерзiмi: ұдайы.
                           Орындаушы: Iшкi iстер министрлiгi,
                           Бас Прокуратура (келiсiм бойынша).
 
      3. Әр облыста бiлiм беру жүйесi оқу орындарының бiреуiн оқудан,

 

жұмыстан қасақана жалтарушы, отбасынан, балалар тәрбие мекемелерiнен

үнемi кетiп қалатын, қаңғыбастықпен, қайыршылықпен, ұсақ ұрлықпен

және өзге де қоғамға жат әрекеттермен шұғылданатын кәмелетке

толмағандарға арналған жабық үлгiдегi арнаулы мектептер етiп қайта

бейiндеу. Аталған оқу орнына жiберудi жергiлiктi атқарушы

органдардың жанындағы кәмелетке толмағандар iсi жөнiндегi

комиссиялар арқылы жүзеге асыру.


                          Орындау мерзiмi: 1998 жыл.

                          Орындаушы: облыстардың әкiмдерi, Бiлiм,

                          мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi.


     4. Оқушыларды оқу орындарына бекiту жөнiнде шаралар әзiрлеу.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 137-бабына сәйкес ықпал

ету шараларын қолдану жолымен педагогикалық ұжымдардың оқушыларды

оқу орнынан негiзсiз шығару, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды оқу

орындарына қабылдаудан бас тарту үшiн жауапкершiлiгiн арттыру.


                            Орындау мерзiмi: ұдайы.

                            Орындаушы: Бiлiм, мәдениет және

                            денсаулық сақтау министрлiгi, Iшкi

                            iстер министрлiгi.


     5. Кәмелетке толмағандарды еңбекпен және оқумен айналысуға

тартуды қамтамасыз ету. Меншiк нысанына қарамастан әрбiр

кәсiпорында, мекемелерде, ұйымдарда 16-дан 18 жасқа дейiнгi

кәмелетке толмағандарды жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс орындарының

квотасын белгiлеу.


                            Орындау мерзiмi: 1998 жылдың 1-жарты

                            жылдығы және одан әрi тұрақты түрде.

                            Орындаушы: облыстардың әкiмдерi, Еңбек

                            және халықты әлеуметтiк қорғау

                            министрлiгi, Бiлiм, мәдениет және

                            денсаулық сақтау министрлiгi.


     6. Ересек ұйымдастырушылардың, арандатушылардың, дем

берушiлердi, кәмелетке толмағандарды қоғамға жат әрекеттерге тартуы

фактiлерiнiң жолын кесу жөнiндегi жұмыстардың нысандары мен

әдiстерiн нығайту. Кiнәлiлерге Қазақстан Республикасы Қылмыстық

кодексiнiң 131, 132-баптарын толық мөлшерiнде қолдану.


                            Орындау мерзiмi: ұдайы.

                            Орындаушы: Iшкi iстер министрлiгi,

                            Бас Прокуратура (келiсiм бойынша).



 
       7. Күш қолдануды, қатыгездiктi, порнографияны, алкогольдi,

 

есiрткiлердi, темекiнi қолданудың мәртебелiлiгiн және тартымдылығын

және олардың кәмелетке толмағандардың психикалық-дене жағдайына

әсерiн насихаттаудың бұқаралық ақпарат құралдарына енуiн болдырмау

мақсатында аудио-көру баспа өнiмдерiн сараптау туралы ереже әзiрлеу.

     Қылмыстық және әкiмшiлiк заңдарға сәйкес тыйым салынған

порнографиялық басылымдарды таратқаны үшiн кiнәлiлерге шаралар

қолдануды қамтамасыз ету.


                            Орындау мерзiмi: ұдайы.

                            Орындаушы: Ақпарат және қоғамдық келiсiм

                            министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi.


     8. Жүйкеге белсендi әсер ететiн заттарды пайдалануға әуес

кәмелетке толмағандардың толық есебiн алуды және оларды

медициналық-әлеуметтiк алдын алу шараларымен қамтуды қамтамасыз ету.

Жұмыс iстеп тұрған норкологиялық диспансерлерге маскүнемдiктен,

нашақорлықтан және уытқұмарлықтан зардап шегетiн кәмелетке

толмағандарды медициналық-әлеуметтiк оңалту жөнiндегi функциялар

жүктелсiн.


                            Орындау мерзiмi: 1998 жылдың 2-жарты

                            жылдығы және одан әрi ұдайы.

                            Орындаушы: облыстардың әкiмдерi, Бiлiм,

                            мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi.


     9. Кәмелетке толмағандардың арасында маскүнемдiктiң,

нашақорлықтың, уытқұмарлықтың алдын алудың ғылыми негiзделген

принциптерi мен әдiстерiн әзiрлеу және енгiзу, жалпы бiлiм беретiн

орта және арнаулы орта оқу орындарының бағдарламаларына кәмелетке

толмағандарды ортаның терiс әсер етуiнен өз басын қорғаудың

тәсiлдерiн үйретудiң әдiстемесiн енгiзу.


                            Орындау мерзiмi: 2000 жылға дейiн.

                            Орындаушы: Бiлiм, мәдениет және

                            денсаулық сақтау министрлiгi.


     10. Құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне, педагогтарға,

медициналық қызметкерлерге, ата-аналарға арналған кәмелетке

толмағандарда жүйкеге белсендi әсер ететiн заттарға тәуекелдiлiктiң

пайда болуын болдырмау жөнiндегi бiрыңғай әдiстемелiк ұсынымдарды

әзiрлеу және енгiзу.


                            Орындау мерзiмi: 1999 жыл.

                            Орындаушы: Бiлiм, мәдениет және

                            денсаулық сақтау министрлiгi,

                            Әдiлет министрлiгi.


     11. Жүргiзiлген байқап көру деректерiнiң негiзiнде

республиканың мектептерiнде зиянды заттарды қолданудың алдын алудың

қазақстандық мектеп бағдарламасын енгiзудi ұйымдастыру.


                            Орындау мерзiмi: 1998 жылдың қыркүйегi.

                            Орындаушы: облыстардың әкiмдерi, Бiлiм,

                            мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi,

                            Қазақстан медициналық-педагогикалық

                            ассоцияциясы.


     12. Жалпы бiлiм беретiн мектептердiң оқушыларына

адамгершiлiк-жыныстық тәрбие берудiң бағдарламасы мен педагогтарға

арналған оқу құралдарын әзiрлеу мен шығару және оларды

эксперименттiк енгiзудi бастау.


                            Орындау мерзiмi: 1998 жылдың қыркүйегi.

                            Орындаушы: Бiлiм, мәдениет және

                            денсаулық сақтау министрлiгi.


     13. Педагог кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру курстарының

бағдарламасына оқушылардың арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың,

олардың жүйкеге белсендi әсер ететiн заттарды қолданудың алдын алу

мәселелерi бойынша тиiстi өзгерiстер енгiзу.


                            Орындау мерзiмi: 1998 жылдың қыркүйегi.

                            Орындаушы: Бiлiм, мәдениет және

                            денсаулық сақтау министрлiгi.



 
       14. Бас бостандығынан айыру орындарынан, жабық үлгiдегi арнайы

 

оқу орындарынан оралған кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылық пен

қылмыстық әрекеттерiнiң қайталануының алдын алу жөнiндегi шаралардың

кешенiн қамтамасыз ету. Тұрмыстық жағынан және жұмысқа орналастыруға

көмек көрсету, мұндай адамдарды оқу орындары мен еңбек ұжымдарына

бекiтiп беру, олардың таңдаған мамандығына қызығушылығын

қалыптастыру, жалпы бiлiм деңгейiн арттыру, бос уақытында өздерi

ұнататын iспен айналысуға тарту жөнiнде қажеттi жағдайлар жасау.


                            Орындау мерзiмi: ұдайы.

                            Орындаушы: Iшкi iстер министрлiгi,

                            Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау

                            министрлiгi, Бiлiм, мәдениет және

                            денсаулық сақтау министрлiгi.


     15. Кәмелетке толмағандардың бұзақылық әрекеттерiнiң ерте

бастан алдын алу шараларын қабылдау. Жүйелi түрде, тоқсанына кемiнде

бiр рет "Жасөспiрiм" операциясының шеңберiнде қоғамға жат

мiнез-құлықтағы жас өспiрiмдер топтарын анықтау және қылмыстық,

әкiмшiлiк, азаматтық заңдарға сәйкес олардың құқыққа қарсы

әрекеттерiнiң жолын кесу жөнiнде рейдтiк iс-шаралар жүргiзу.


                            Орындау мерзiмi: ұдайы.

                            Орындаушы: Iшкi iстер министрлiгi,

                            Бас Прокуратура (келiсiм бойынша),

                            Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау

                            министрлiгi, Ақпарат және қоғамдық

                            келiсiм министрлiгi, атқарушы органдар.


     16. Оқу орындарында, еңбек ұжымдарында, тұратын жерi бойынша

кәмелетке толмағандарды құқықтық тәрбиелеудiң жай-күйiн зерделеу.

Қолда бар тәжiрибенi, анықталған кемшiлiктердi және олқылықтарды

қорытудың негiзiнде осы жұмыстың тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған

шаралардың кешенiн әзiрлеу және жүзеге асыру.


                            Орындау мерзiмi: 1999 жылдың 1-жарты

                            жылдығы.

                            Орындаушы: Бiлiм, мәдениет және

                            денсаулық сақтау министрлiгi.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады