Әскери уландырушы заттарды және олардан қорғану құралдарын жасау мен сату мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 15 шілдедегі N 675

 

      Химиялық қаруды әзірлеуге, жасауға, жинақтау мен қолдануға тыйым салу және оны жою туралы конвенцияның қағидаларын есепке ала отырып, сондай-ақ әскери уландырушы заттарды және олардан қорғану құралдарын жасау мен және сатумен байланысты қызметке мемлекеттік бақылау қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Химиялық қаруды әзірлеуге, жасауға, жинақтау мен қолдануға тыйым

 

салу және оны жою туралы конвенция бекітілгенге дейін әскери уландырушы

заттарды және олардан қорғану құралдарын жасаумен және сатумен байланысты

қызмет Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде жүзеге

асырылады деп белгіленсін.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады