Қазақстан Республикасының біртұтас ақпараттық кеңістігінің тұжырымдамасы және оны іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 29 шілде N 715

      Қазақстан Республикасында біртұтас ақпараттық кеңістікті қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 9 желтоқсандағы N 3787 U973787_ Жарлығын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 52, 476-құжат) іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының біртұтас ақпараттық кеңістігінің тұжырымдамасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті қызмет бағыттарының бірі ретінде Қазақстан Республикасының біртұтас ақпараттық кеңістігін құру және оның жұмыс істеуі жөніндегі жұмыстарды үйлестіру, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық ортасын ұйымдастыру көзделіп, қызметінің негізгі нысанасы ретінде коммуникациялық орта мен мемлекеттік ақпараттық ресурстардың өзара іс-қимылы жүйелерін құру, жалпы пайдаланылатын ақпараттық базаларды қалыптастыру, халықаралық ақпараттық жүйелермен ынтымақтастық ұсынылатын "Ұлттық ақпаратттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамын құруға мемлекеттің қатысуын қамтамасыз ету жөнінде жедел шаралар қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы

 

"Ұлттық ақпараттық технологиялар" жабық акционерлік қоғамымен бірлесіп

қоса беріліп отырған Тұжырымдаманың шеңберінде 1998 жылдың 15 қыркүйегіне

дейін мерзімде Қазақстан Республикасында біртұтас ақпараттық кеңістікті

қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлесін және

Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізуге дайындасын.

     4.



     ЕСКЕРТУ. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.06. N 1108

              қаулысымен. 


P991108_




     Қазақстан  Республикасының

        Премьер-Министрі




                    Қазақстан Республикасы

                 Біртұтас ақпарат кеңістігінің

                      тұжырымдамасы


     1. Кіріспе



 
       Осы Тұжырымдама "Біртұтас ақпарат кеңістігін қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 9 желтоқсандағы N 3787 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімін орындау үшін әзірленді.
      Елдің біртұтас ақпараттық кеңістігі бұл азаматтардың және ұйымдардың ақпараттық-телекоммуникациялық ортада өздерінің ақпараттық сұраныстарын орындауына және осы ресурстарға жүгіну уақытына, сондай-ақ пайдаланушының мәртебесіне қарамастан қанағаттандыру мақсатында пайдаланатын ақпараттық ресурстардың жиынтығы.
      Біртұтас ақпараттық кеңістік мынадай басты компоненттерді:
      - тиісті ақпарат таратқыштарда көрсетілген деректерді, мәліметтерді және мағлұматтарды қамтитын ақпараттық ресурстарды;
      - біртұтас ақпараттық кеңістіктің жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз ететін ұйымдық құрылымдарды, атап айтқанда ақпараттарды жинауды, өңдеуді, сақтауды, таратуды, іздестіруді және беруді;
      - азаматтар мен ұйымдардың ақпараттық өзара іс-қимылдарының құралдарын және оларға бағдарламалық-техникалық құралдар мен ұйымдық-нормативтік құжаттар кіретін тиісті ақпараттық технологиялардың негізінде ақпараттық ресурстармен жұмыс жасауға рұқсат етуді қамтиды.
      Ұйымдық құрылымдар және ақпараттық және ақпараттық өзара іс-қимыл құралдары ақпараттық инфрақұрылымды құрайды.
 
             2. Ақпараттық кеңістіктің қазіргі кездегі жай-күйі
 
      Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістігін, бүгінгі күні шартты түрде өзара әлсіз байланысқан, әрқайсысы түрлі себептермен отандық пайдаланушыларға аз мөлшерде қолайлы ақпараттық секторлардан (ведомствоаралық, аймақтық, коммерциялық) тұратындығын айтуға болады.
      Құрылған ақпараттық жүйелер негізінен өкіметтің жекелеген мемлекеттік органдарының, коммерциялық құрылымдардың мүдделерінде және әдетте жұмыстарды қайталауға, артық бастапқы ақпараттар жинауға, зерттеулерге және жүйелерді пайдалануға әкеп соғатын қажетті өзара іс-қимылсыз жұмыс істейді. Бұл ресурстар:
      - тақырыптық және функционалдық толық еместікпен;
      - төменгі сапасымен және сертификаттаудың болмауымен;
      - олардың сандық және сапалық сипаттамалары туралы нақты мәліметтердің болмауымен сипатталады.
      Қазақстан Республикасының аумағы бойынша ақпараттық қызмет көрсетулердің таралуына, ресурстарға және бағдарламалық өнімдерге, ақпараттық әлеуетке талдау жасау олардың өте біркелкі емес бөлінуін көрсетеді.
      Ақпаратқа рұқсат ету мүмкіндігі, әдетте, оның ведомостволық тиесілігімен, біртұтас ұлттық телекоммуникациялық жүйенің болмауымен шектеледі және көбінесе пайдаланушының лауазымдық жағдайымен және әлеуметтік мәртебесімен айқындалады. Аумақтық алыс ақпараттық ресурстарға рұқсат етілу проблемасы нашар шешілуде. Мемлекеттік басқару органдарын, шаруашылық жүргізуші субъектілерді және жекелеген азаматтарды ақпараттық қамтамасыз ету төмен дәрежеде қалуда. Көптеген тұрғындар үшін ақпаратқа қол жеткізу дәстүрлі түрде - баспасөз, радио, теледидар және басқалар арқылы жүзеге асырылады.
 
        3. Біртұтас ақпараттық кеңістікті құрудың мақсаты
 
      Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының мүдделері және көрсетілген проблемаларды шешу Қазақстан Республикасының біртұтас ақпараттық кеңістігін қалыптастыруды және дамытуды талап етеді.
      Қазақстан Республикасының біртұтас ақпарат кеңістігін қалыптастырудың және дамытудың мақсаттары:
      - азаматтардың ақпаратқа құқықтарының Қазақстан Республикасының Конституциясында жарияланған кепілдіктерін қамтамасыз ету;
      - елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының талаптарына жауап беретін ақпараттық әлеуеттің қажетті деңгейін құру, ұстап тұру және дамыту;
      - мемлекеттік билік жүйесінің буындары қабылдайтын "Қазақстан 2030" бағдарламасының стратегиялық тапсырмаларын жүзеге асыру жөніндегі шешімдердің тиімділігін және келісілуін арттыру;
      - азаматтардың, олардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын тиісті ақпараттық құқықтық және нормативтік құжаттарға, оларға еркін рұқсат ету жолымен, олардың мәдени дамуының және білімділігінің құқықтық сана деңгейін көтеру;
      - мемлекеттік басқару органдарының қызметі туралы азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың хабардар болуының деңгейін арттыру;
      - азаматтардың ашық ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси ақпараттарды пайдалануға тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету жолымен олардың іскерлік белсенділіктерін арттыру;
      - әлемдік ақпараттық кеңістікпен интеграция болып табылады.
      Осы құжатта бұдан әрі республиканы ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, біртұтас ақпарат кеңістігінің концептуальдық үлгісі (мақсаттары, принциптері, функциялары, объектілері, перспективалары) және іске асырудың принциптері баяндалады.
 
         4. Қазақстан Республикасының ақпараттық
            кеңістігін қалыптастыру және дамыту
             саласындағы мемлекеттік саясаты
 
      Қазақстан Республикасының біртұтас ақпараттық кеңістігін қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік саясаты мынадай бағыттарда қалыптастырылуы және жүзеге асырылуы тиіс.
 
      4.1. Ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану
 
      Мемлекеттік өкімет органдары, мемлекеттік және мемлекеттік емес кәсіпорындар, ғылыми, оқу және қоғамдық ұйымдар қызметінің процесінде ақпараттарды жинау, есепке алу, тіркеу, жинақтау, сақтау, жүргізу және сұрау салу немесе регламент бойынша беру жүзеге асырылады, яғни ақпараттық ресурстарды құрудың және пайдаланудың мәселелері тұрақты шешіліп отырады.
 

 

     Ақпараттық ресурстың ақпараттық кеңістіктегі қазіргі заманғы

ақпараттық технологияларды пайдалануға арналған неғұрлым тиімді бөлігі

арасында деректер банкі мен базасы негізгі орын алатын автоматтандырылған

ақпараттық ресурстар болып табылады. Автоматтандырылған ақпараттық

ресурстардың құрылымдарын схемалық бейнелеуді мынадай тұрғыда ұсынуға

болады. (1-сурет) 


__________________________________________________________________________

| Жалпы мақсаттағы   |  Жүйеге құрылған автоматтандырылған                

|автоматтандырылған  |        ақпараттық ресурстар                        

|ақпараттық ресурстар|                                                    

|____________________|_____________________________________________________

|Элек- |Муль- |Дерек-| Геоақ- |  Автомат-  | Мағлұ- | Гипер- |  Машиналық 

|трон- |тиме- |тер   | парат- |тандырылған |маттар  |мәтіндік|   архивтер 

|дық   |диялық|базасы|тық жүйе|  жобалау   |базасы  |жүйелер |            

|баспа |жүйе- |      |лер     |  жүйелері  |        |        |            

|      |лер   |      |        |            |        |        |            

|______|______|______|________|____________|________|________|_____________

              |                   |                     |

   ________________________       |      __________________________________

  |  Құрылым бойынша       |      |     | Рұқсат ету тәсілі бойынша       

  |________________________|      |    

  |  құжаттық графикалық;  |      |     |   жүйе арқылы рұқсат етілу;     

  |   фактографикалық;     |      |     |  коммуникациялық форматтарда    

  |    сандық; толық;      |      |     | тираждалатын; бағдарламалық     

  |                        |      |     | құралдармен (СД-RОМ қоса алғанда)

  |                        |      |     | тираждалатын; жергілікті;    

  |________________________|      |     |_________________________________

                                  |

_________________________________|________________________________________

|Меншік  |              Ақпараттың арналуы бойынша                        

|нысаны  |                                                                

|бойынша

|__________________________________________________________________________

|        |    Іскерлік      |    Мамандар үшін    |     Көпшілік          

|________|__________________|_____________________|________________________

|Мемле-  |Кадастрлар;       |Ғылыми-техникалық;   |Құқықтық;кітапхана-    

|кеттік  |әлеуметтік;       |экономикалық;        |библиографикалық;архив-

|сектор  |регистрлар;       |медициналық;         |тік; оқу.              

|        |статистика.       |құқық қорғау.        |                       

|________|__________________|_____________________|________________________

|Мемле-  |Коммерциялық;     |Өндірістік;          |Анықтамалық; қоғамдық- 

|кеттік  |қаржылық;         |конструкторлық;      |саяси;сөздік-энциклопе-

|емес    |басқарушылық; өнім|технологиялық.       |диялық; мәдениет,спорт,

|сектор  |туралы деректер.  |                     |демалыс.               

|________|__________________|_____________________|________________________


 
1-сурет. Автоматтандырылған ақпараттық ресурстардың құрылымы.
 
      Мемлекеттік ақпараттық ресурстарға;
 
      мемлекеттің дотациялайтын өкімет органдарының және мамандандырылған мекемелердің (кітапханалар, архивтер, ақпарат органдары және басқалар) қызметінің негізінде құрылатын ресурстар;
      мемлекеттік өкімет органдарының тапсырысы және мүдделері бойынша тиісті лицензиялардың негізінде мемлекеттік емес органдар құратын ресурстар жатады.
      Экономиканың мемлекеттік емес секторының және жеке тұлғалардың қаражаттарымен құрылған ақпараттық ресурстар мемлекеттік емес болып табылады. Бұл секторда көбінесе экономикалық және әлеуметтік салаларда пайдалануға арналған деректер базалары мен банктері құрылады, бұл ең алдымен: қаржылық, банктік, биржалық, коммерциялық, сондай-ақ анықтамалық, тарихи-мәдени және басқа да ақпараттар.
      Меншіктің аралас нысанындағы ақпараттық ресурстар мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың (жеке тұлғалардың) үлестік қаржыландыруы негізінде құрылады.
      Мемлекеттік және мемлекеттік емес ақпараттық ресурстар шын мәнінде дәстүрлі ақапараттық технологиялар және ақпарат таратқыштар ретінде де және оған мүмкіндігіне қарай қосымша ақпараттық қорларды, деректер базалары мен банктерін енгізу үшін ашық деректердің автоматтандырылған базалары мен банктері ретінде де пайдаланылатын, өзара байланысатын ақпараттық қорлардың жүйесін құруы тиіс.
      Мемлекеттік ақпараттық ресурстардың нақты түрлеріне арналған басымдықтарды айқындау біртұтас ақпарат кеңістігі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырудың маңызды кезеңі болып табылады. Дамудың осы кезеңіндегі басымдықты ақпараттық ресурстарға:
      - құқықтық мемлекет құруға және азаматтарға арналған, олардың заңды құқықтарын жүзеге асыру жөніндегі кепілдіктерге байланысты құқықтық ақпараттарды;
      - мемлекеттік өкімет органдарының қызметтері туралы, олардың қызметтеріне демократиялық бақылау жасаудың мүмкіндігін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасы экономикасының барлық субъектілері үшін үлкен мүдделілігін білдіретін ақпаратты;
      - төтенше жағдайлар, қауіпті табиғи құбылыстар және процестер туралы, экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық және азаматтардың, тұтастай алғанда халықтың, сондай-ақ өндірістік объектілердің қауіпсіздігі үшін қажетті ақпаратты;
      - мемлекеттік органдарға (салық инспекциясы, статистика және басқалар) берілетін (немесе заңға сәйкес) кәсіпорындар мен ұйымдар туралы ашық ақпаратты және ұйымдардың, кәсіпорындардың және жекелеген азаматтардың іскерлік белсенділіктерін қолдау үшін қажетті мемлекеттік статистика органдарының ақпаратын;
      - қоғамның мәдени мұрасын (ғылыми-техникалық, әдеби-көркем, мұражайлық, архивтік және басқалар) сақтау және пайдалану туралы ақпаратты жатқызуға болады.
      Бұл ретте мемлекеттік, мемлекеттік емес және аралас ақпараттық ресурстардың ұстаушылары-ұйымдары бойынша және таратылатын немесе ақпараттық өнімдердің және көрсетілген ақпараттық қызметтің түрлері бойынша мәліметтер бар мемлекеттік ақпараттық регистрді қалыптастырудың және жүргізудің тәртібі айқындалуы керек, (оның ішінде "ақпараттың орналасқан жері туралы ақпарат" бар деректердің метабазасы, анықтамалық және т.с.).
      Мемлекеттік ақпараттық ресурстарға рұқсат етуді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік ақпараттық құрылымдардың да, мемлекеттік емес құрылымдар - акционерлік қоғамдардың, жеке кәсіпорындардың және т.с. да мүмкіндіктерін барынша пайдалану орынды болады.
      Мемлекеттік ақпараттық ресурстарды қалыптастыруды және пайдалануды көп деңгейлі иерархиялық жүйе бойынша ұйымдастырған дұрыс.
      Мемлекетті басқарудың республикалық деңгейінде әдетте ақпаратқа телерұқсат етілуді қамтамасыз ететін деректердің базасы құрылады және жұмыс істейді. Мемлекеттік өкімет органдарының ақпараттық ресурстарынан барлық ұйымдар мен азаматтарға рұқсат етілетін, мемлекеттік ақпараттық ресурстарға жатқызуға болатын ақпараттың ашық бөлігін бөлуді қаматамасыз ету қажет.
      Аймақтарда халыққа ақпараттық қызмет көрсету осы аумақтың ақпараттық ресурстарын, сондай-ақ басқа аумақтардың ақпараттық ресурстары туралы және оларға рұқсат етілуі туралы мәліметтерді қамтитын кітапхана-депозитарийлердің, агенттердің мамандандырылған орталықтарының және т.б. бөлінген жүйесі қамтамасыз етуі керек. Аумақтық тірек пунктінде жүзеге асырылатын пайдаланушыларға ақпараттық қызмет көрсету технологиясы пайдаланушыларға абономенттік қызмет көрсетуі және пайдаланушылардың біржолғы өтінімдері бойынша автоматтандырылған ақпарат алуын қамтамасыз етуі керек.
      Қалалық және аудандық кітапханалар, сондай-ақ кәсіпорындардың және ұйымдардың кітапханалары жергілікті деңгейде ақпараттық ресурстардың депозитарийлері ретінде бола алады. Олар баспасөз, есептер және т.б. түрінде мемлекеттік ақпараттық ресурстарға енетін ақпаратты азаматтардың өтінімдері бойынша ақпараттар ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып алулары керек.
      Кітапхана-депозитарийлерде ақпараттарды ұсыну қарапайым нысандарда- деректер базаларынан және басқа да ақпарат қоймаларынан алынған баспасөз, қағазға басу, экрандық көрініс түрінде кепілдендірілуі тиіс.
      Кітапхана-депозитарийлердің тиісті бағдарламалық-техникалық құралдармен жарақтандырылуына қарай машиналық оқылым басылымдарын пайдалану (мысалы компактілік дискілердегі басылым) және оңаша рұқсат етілген режимдегі жұмыс қамтамасыз етілуі қажет.
      Мемлекеттік ақпараттық ресурстарға рұқсат етілудің схемасын әзірлеу кезінде коммерциялық ақпарат орталықтарын және мемлекеттік ресурстарға штаттық негізде рұқсат етуді ұйымдастыруға арналған телекоммуникациялық жүйелерді пайдалану мүмкіндіктерін ескерген орынды болады.
 
      4.2. Ақпараттық инфрақұрылымды дамыту
 
      Жоғарыда аталғандай, ақпараттық жүйелерді құрудың бағдарламалық- техникалық құралдары ақпараттық инфрақұрылымды маңызды құраушы болып табылады.
      Қазіргі уақытта қалыптасқан ақпараттық кеңістік түрлі типтегі бағдарламалық-техникалық құралдарға шоғырланады және Қазақстан Республикасының біртұтас ақпараттық кеңістігін қалыптастыру, дамыту ақпараттық инфрақұрылым саласындағы мемлекеттік саясаттың шеңберінде ұйымдық-техникалық маңызды шараларды қабылдауды талап етеді. Бұл шаралар ақпараттандырудың ұсынылған принциптерін ескере отырып тұтынушыларға тиісті аймақтық бөлінген ақпараттық ресурстарға рұқсат етуді, деректер берудің және электрондық поштаның режимдерінде заңды және жеке тұлғалар арасында ақпараттар алмасуға кепілдік беріп байланыс құралдарының түрлі желілерін, жүйелерін, және кешендерін біріктіруге мүмкіндік жасайтын елдің жалпы ұлттық телекоммуникациялық жүйесін қамтамасыз етуі тиіс. Нарық жағдайында осындай телекоммуникациялық жүйені құру кезінде маңызды орынды коммерциялық жүйелер мен желілер ала алады. Бұл ретте, бастапқы байланыстың бастапқы арналары мен желілерін құру өзінің дамуында телекоммуникациялық желілерді қалыптастырудан озуы тиіс.
      Ақпараттық инфрақұрылым саласындағы мемлекеттік саясаттың маңызды

 

міндеттері:

     - ақпараттық технологиялардың қазіргі заманғы отандық құралдарын

өндіруді құру және дамыту;

     - байланыстың отандық жүйелері мен құралдарын, телекоммуникациялық

желілерді өндіруді құру және дамыту;

     - ұлттық және трансұлттық масштабтағы шетелдік ақпараттық жүйелерде

пайдаланылатын ақпараттық технологияларды енгізуге ықпал жасау;

     - ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың қазіргі

заманғы құралдарын әзірлеу және құру жөніндегі іргелі және қолданбалы

зерттеулерді дамыту;

     - ақпараттандыру саласындағы жұмыс үшін білікті кадрларды даярлау;

     - ақпараттандыру және телекоммуникация саласындағы кәсіпкерлердің

қызметін ынталандыру болып табылады.


             4.3. Мемлекеттік өкімет органдарының ақпарат кеңістігін

                         қалыптастыру және пайдалану



 
       Мемлекеттік өкімет органдарының ақпараттық кеңістігінің негізін мемлекеттік өкімет органдарының экономиканы басқару саласында да және жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігі саласында да ақпараттар ағымын басқарудың, яғни әртүрлі тараптардың электрондық құжаттарының көмегімен есепке алу және мемлекеттік басқару органдарының әкімшілік (құрылтайшылық) қызметінің ерекшеліктерінің және мемлекеттік өкімет органдарының қалыпты жұмыс ырғағын тиісті электрондық құжаттармен қамтамасыз етудің негізінде шешімдер қабылдауын қолдауды қамтамасыз етуге қабілетті ақпараттық- телекоммуникациялық жүйелер құрауы керек.
      Электрондық құжаттар арқылы шешімдер қабылдайтын тұлғаларға ақпараттар ұсынылады, ал электрондық құжаттар арқылы осы шешімдер орындаушыларға жеткізіледі. Электрондық құжат есепке алу құралдары ретінде де және басқару құралдары ретінде де болады. Құжаттар туралы басқару объектісінен (өндірістен) ақпараттар келіп түсуі және өндіріске басқарушылық әсер етуді жіберу арналары туралы сияқты ұғым жалпы тиімді басқару фрагментарлық құжаттар айналысының емес, тек қана тура негізінде ғана қамтамасыз етілуі мүмкін екендігін түсінуге көмектеседі.
      Мемлекеттік өкімет жүйесі буындарының жоспарына немесе тиісті шешімдеріне қызмет көрсетуге байланысты электрондық құжаттар айналысының нәтижесінде тура басқару арнасын құрайтын электрондық құжаттардың тізбесі (талдау жасаудан бастап әсер етуге дейін) құрылады. Уақыт бойынша қойылған электрондық құжаттар, егер олар арқылы нақты бір шешіммен (жоспармен, бағдарламамен және т.б.) жұмыс жүргізілсе бір-біріне "байланып" қалады. Электрондық құжаттар айналымы жүйесі тұтастыққа ие болады. Сондықтан да электрондық құжаттар айналысын басқарудың негізгі принципі мынадай: барлық қайталама электрондық құжаттар біріктіретін, ата-аналық электрондық құжатпен (рөлінде мемлекеттік өкімет жүйесінің сол немесе өзге де буынының бағдарламасы, жоспары немесе тиісті шешімі бола алатын) ақпараттық тууы және оған тәуелді болуы тиіс.
      Бұл жүйелер мынадай талаптар:
      - біртұтас ақпараттық кеңістікті қалыптастыру кезінде мемлекеттік өкіметтің мүдделерін ескеру;
      - Қазақстан Республикасының Президентіне, Үкіметіне және Парламентіне ақпараттар ұсынуға монополияны алып тастау;
      - мемлекеттік билік органдарына, ең алдымен Президент пен Үкіметке барлық ақпараттық ресурстарға рұқсат етілуін қамтамасыз ету;
      - ақпараттың тәуелсіз көздерін біріктіру және дамыту;
      - мемлекеттік құпияны қорғау ескеріле отырып әзірленуі қажет.
      Мемлекеттік өкімет органдарының, ұсынылған принциптер ескеріліп жасалған ақпараттық кеңістігі:
      - аймақтық деңгейде - заңда белгіленген тәртіппен аумақтық басқару органдарын, шаруашылық жүргізуші субъектілерді, саяси және қоғамдық ұйымдарды;
      - республикалық деңгейде - министрліктер мен ведомстволардың басшыларын;
      - талдаулық деңгейде - Президенттің Әкімшілігін, Үкіметтің Кеңсесін, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесін, Қазақстан Республикасының Парламентін;
      - интеллектуалдық қызметтің жоғары деңгейінде - Президенттің және Қазақстан Республикасының Үкіметі басшылығының шешім қабылдауын ақпараттық қамтамасыз етуге бағытталған.
      Ақпараттық жүйелердің мемлекеттік органдар үшін құрылған талдау мүмкіндіктерді әдетте:
      - соңғы нәтижені бағалаудың объективті өлшемдері болған кезде күрделі басқару жағдайларын математикалық үлгілеуді;
      - қайталанатын міндеттері бар проблемалық салаларда сарапшылардың білімін жинақтаудың, ұсынудың және пайдаланудың ақпараттық технологияларын;
      - заңдылықтарды іздестіруде деректердің ауқымды көлемдері бар талдау жұмыстарына арналған ақпараттық технологияларды;
      -ауқымды видеотехнологиялар құралдарын (оның ішінде геоақпараттық жүйелерді) қолданумен байланыстырылады.
      Интеграцияланған жүйенің негізін министрліктер мен ведомстволардың ақпараттық ресурстары құруы тиіс. Қорғалынған ақпараттық алмасу телекоммуникациялық жүйенің деңгейлері бойынша деректердің қауіпсіздік архитектурасы мен рәсімдерді, қорғау құралдарын қабылдаумен қамтамасыз етілуі қажет.
      Пайдаланылатын ақпараттық жүйелер мемлекеттік өкімет органдарына толық және тиімді ақпараттық қызмет көрсетуді және заңды белгіленген регламентке сәйкес барлық басқару органдары үшін қалыптастырылған ақпараттық ресурстарға рұқсат етілуін қамтамасыз етуі тиіс.
      Мемлекеттік басқару органдары ақпараттық кеңістігінің ақпараттық ресурсын үш негізгі құраушылар: ерекше кезеңдегі ақпараттық ресурс; бейбіт уақыттағы жедел басқаруға арналған ақпараттық ресурс; проблемалық-бағдарлық ақпараттық ресурс түрінде көруге болады.
      Ерекше кезеңдегі ақпараттық ресурс жұмылдыру мақсатындағы экономикалық ақпаратты, соғыс уақытындағы базаны және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің деректері базасының жиынтығын білдіреді.
      Елді бейбіт уақытта жедел басқаруға арналған ақпараттық ресурс Статистика және талдау жөніндегі комитеттің экономикалық-статистикалық деректері банкіне, төтенше жағдайларға арналған деректердің арнаулы базасына, министрліктер мен ведомстволардың ақпараттық ресурсына негізделеді.
      Проблемалық-бағдарлық ресурстар маңызды мемлекеттік мақсатты бағдарламаларды, стратегиялық шешімдерді (мысалы "Қазақстан 2030" стратегиялық бағдарламасы сияқты) олардың кіру және шығу параметрлерінің құрылымын, ақпараттарды жинаудың, өңдеудің және берудің принциптерін айқындау арқылы әзірлеуді және қостауды қолдау үшін қалыптастырылады.
      Одан басқа, мемлекеттік ақпараттық ресурстарға заңды және жеке тұлғалар туралы заңмен айқындалған ашық рұқсат ету ақпараты және жеке мәліметтер жатады. Бұл ресурстарға тиісті министрліктер мен ведомстволар қалыптастыратын арнаулы ақпараттың ресурсы қосылады.
      Осылайша, мемлекеттік билік органдарының ақпараттық ресурсы - мысалы Wеd-технологиясын, корпоративтік ақпараттық жүйелер технологиялары сияқты деректердің базалары мен банктерін құрудың, жүргізудің және пайдаланудың қазіргі заманғы технологияларын пайдалану арқылы ведомостволық, аумақтық, проблемалық принциптер бойынша құрылған деректердің бөлінген базасының жиынтығын білдіреді.
 
           4.4. Нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету
 
      Біртұтас ақпараттық кеңістіктің негізгі реттеушісі:
      - азаматтар мен ұйымдардың тиісті конституциялық құқықтарының кепілдікті сақталуын;
      - ақпаратты өндірушілер мен тұтынушылардың қатынастарын реттеуді;
      - жүйе құраушы техникалық, технологиялық, бағдарламалық және лингвистикалық шешімдерді енгізуді;
      - мемлекеттік басқару органдарының біртұтас ақпараттық кеңістікті қалыптастырудағы және дамытудағы қызметін үйлестіреді;
      - осы кеңістіктің іскерлік белсенділігін және өзін-өзі ұйымдастыру процестерін ынталандыруды;
       елдің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс нормативтік- құқықтық база болып табылады.
      Қазақстан Республикасының біртұтас ақпараттық кеңістігін қалыптастыруды және дамытуды ақпаратқа, оны өндіруге, қозғалысына және пайдалануға байланысты қоғамдық қатынастардың барлық кешенін реттеуге бағытталған заңдар саласы ретінде заңдық қамтамасыз ету ең алдымен:
      - әркімнің конституциялық "заңмен тыйым салынбаған кез-келген тәсілмен ақпараттарды еркін алу және тарату" (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 20-бап, 2-тармақ) құқығының сақталуына кепілдіктерді;
      - әркімнің оның құқықтарын және мүдделерін қозғайтын құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысуға (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 18-бап, 3-тармақ) конституциялық құқықтарының сақталуына кепілдіктерді;
      - азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың мемлекеттік өкімет органдарының қызметі туралы ақпарат алу мүмкіндіктерінің кепілдіктерін;
      - мемлекеттік билік органдарының біртұтас ақпараттық кеңістік саласындағы шешімдерінің келісімділігін;
      - меншіктің барлық нысандарының теңдігі шартымен, тауарлар мен қызмет көрсетулер өндірісін ұйымдастырудың түрлі нысандары арқылы ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану; ақпарат рыногы мен бәсекелестік орта құру, монополияға қарсы мемлекеттік саясат жүргізу, кәсіпкерлік шеңбердің жоғары іскерлік белсенділігі;
      - құжатталған ақпаратқа авторлық құқық пен меншік құқығының сақталуын және авторлық құқықтың ақпараттық ресурсы мен ақпараттық технологияларға меншік құқықтарын және оларды қамтамасыз ету құралдарын;
      - біртұтас ақпараттық кеңістік субъектілерінің ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және оларды пайдалану кезіндегі заң бұзушылықтары үшін жауапкершілігін;
      - мемлекеттік билік органдары басшыларының мемлекеттік ақпараттық ресурстарды қалыптастыру сапасындағы және оларға рұқсат етілуге жеке жауапкершілігін;
      - ақпараттық қауіпсіздікті;
      - халықаралық ынтымақтастық жүйесіндегі тығыз ақпараттық өзара іс- қимыл белсенді ақпараттық алмасуды қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.
      Біртұтас ақпараттық кеңістікті қалыптастыруды және дамытуды заңдық қамтамасыз етудің маңыздылығын ескере отырып:
      - біртұтас ақпараттық кеңістікті қалыптастыру мен дамытуды негізгі құрайтындардың бірі ретінде заңдық қамтамасыз етудің мақсаттарын, міндеттерін және принциптерін ашатын;
      - заң және нормативтік актілерді әзірлеудің кезектілігін белгілейтін;
      - құқықтық және нормативтік актілерді жасау жөніндегі жұмыстарды үйлестіру мәселелерін айқындайтын нормативтік акті қабылдаған орынды.
 

     4.5. Біртұтас ақпарат кеңістігі

          субъектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін

          қамтамасыз етудің негізгі тетіктері


 
 
       Мемлекеттің ақпараттық кеңістігін дамытудың деңгейі, ондағы экономикалық, саяси және әлеуметтік процестердің жай-күйі мен даму қарқыны туралы нақты ақпараттың болуы және оған рұқсат етілуі шешуші дәрежеде мемлекеттік басқару органдары мен қоғамның экономикалық, әскери- стратегиялық, экологиялық және әлеуметтік салаларда тиімді шешімдер әзірлеу және оларды іске асыру жөніндегі мүмкіндіктерін айқындайды. Сондықтан да ақпаратты бүгінгі күні қоғамның өмір сүруі, оның ұлттық қауіпсіздігі жүйесінің маңызды элементі ретінде қарастыру керек.
      Мемлекет (оның конституциялық құрылымы, егемендігі, аумақтық тұтастығы, экономикасы, әскери ісі және т.с.), қоғам (оның материалдық және рухани құндылықтары) және жеке тұлға (оның құқығы және бостандығы) ұлттық қауіпсіздіктің объектілері болып табылады.
      Ақпараттық кеңістікте мынадай екі қауіптілік неғұрлым тән болып табылады.
      Біріншісі - мемлекеттің ақпараттық ресурстарына бақылау жасау (алу), яғни іс-жүзінде ақпараттық шпиондық. Ақпараттық кеңістік көптеген барлау қызметтерінің қызмет саласы болды және болып қала береді. Қазірде ақпараттық шпиондық:
      - ақпараттық және басқару жүйелеріне рұқсатсыз енумен;
      - Қазақстан Республикасының ақпарат кеңістігін құруға шетелдік фирмалардың белсенді қатысуының есебінен ашық жолмен жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте елдің ақпараттық ресурстары тиісті ақпараттық құрылымдардың бақылауында болатындықтарына байланысты жағымсыз салдардан басқа, экономикаға тікелей нұқсан келтіріледі: отандық ғылым мен өндіріс өз тапсырыстарынсыз қалады.
      Екіншісі - ақпараттық ресурстарды бүлдіру немесе бұзу мақсатындағы ақпараттық өзара іс-қимыл. Ақпараттық технологиялардың дамуының қазіргі заманғы деңгейі кезінде мұндай әсер етулер бейбіт уақытта да жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл өзара іс-қимыл мемлекет үшін құнды ақпараттардың бұзылуына немесе оны бұрмалауға немесе тиісті мемлекеттік басқару деңгейінде қате ұйымдастырылуға немесе дұрыс емес шешімдер қабылдануына әкеп соғуы мүмкін.
      Ақпараттық өзара іс-қимыл үшін сындарлы ұсыныстар жүйелері неғұрлым үлкен мүддені білдіреді. Бүгінгі күні, осындайлар деп, бұзылуы тікелей мемлекеттің қауіпсіздігін күрт әлсіретуге әкеп соғатын жүйелерді айтуға болады. Әдетте, сындарлы ұсыныстардың қазіргі заманғы барлық жүйелері компьютерленген және тиісті бағдарламалық қамтамасыз етілген.
      Жеке адам мен қоғамның ақпараттық қауіпсіздігі де ақпараттық кеңістіктегі өзара іс-қимылға байланысқан. Бірақ, аталған жағдайда жүйке мен санаға, оның ішінде қоғамдық әсер ету бірінші кезекке шығады. Бұл ретте, қазіргі заманғы бұқаралық ақпарат құралдарының барлық қуатын пайдалана отырып адамдардың өміріне, олардың саяси қызметіне және жеке жоспарларына электрондық бақылау жасаудың нәтижелерін пайдалану арқылы жалған ақпараттандыру, ақпараттық шпионаж кеңінен пайдаланылуы мүмкін.
      Қалыптасып және дамып келе жатқан ақпараттық кеңістікте ақпараттарды қорғаудың және ақпараттық өзара іс-қимыл субъектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастыру, техникалық және технологиялық шараларын қабылдау талап етіледі.
      Заң нормалары түріндегі ұйымдастыру шаралары ақпараттық кеңістік субъектілерінің мемлекеттік, коммерциялық және жеке құпиялардың сақталуын қамтамасыз ететін өзара іс-қимылының тәртібін белгілеуі қажет.
      Техникалық және технологиялық шаралар сияқты және тиісті талаптарға (стандарттарға) жауап беретін ақпараттық-бағдарламалық құралдар ақпаратты қорғауды оны электрондық өңдеудің, сақтаудың және қабылдау-берудің кез- келген кезеңдерінде қамтамасыз етуі керек.

 

     Көрсетілген принциптер мен міндеттерді іске асыру біртұтас ақпараттық

кеңістіктің негізін құрайтын мемлекеттік ақпараттық ресурстарды көп

деңгейлі қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және оның тиімді жұмыс

істеуіне ықпал етеді.


                   5. Концептуалдық үлгі


     5.1. Негізгі мақсаттары


     БАК құрудың негізгі мақсаттарын екі топқа бөлуге болады:

     - мемлекетті басқаруды жақсарту және мемлекеттік органдардың жұмысына

бақылау жасауды арттыру;

     - мемлекеттік органдардың жұмысын жақсарту және азамат-мемлекет

қатынастарының сапалы жаңа деңгейіне өту.


     5.2. Мемлекетті басқару



 
       Мемлекетті басқаруды жақсарту үшін интеграцияланған автоматтандырылған ақпараттық жүйені (ҚР ИААЖ) құру қаржы және адам ресурстарының едәуір шығынын талап ететін күрделі және ұзақ мерзімді бағдарлама болып табылады. Алайда, осы бағдарламаны жүзеге асырмай мемлекеттің экономикалық және саяси даму қарқынын күшейтуде, сондай-ақ мемлекеттік институттарды автоматтандыруға арналған шығындардың нақты нәтижесін алуда қандай да болмасын елеулі прогресстің болуы мүмкін емес. ҚР ИААЖ өзінің арналуы бойынша өз тарапынан осы кіші жүйелердің ұйымдық, ақпараттық және функциялық үлгілеріне белгілі бір талаптар, қажет болған кезде оларды оңтайландырудың нұсқаларын ұсына отырып мемлекеттік институттардың жобаланатын және бар автоматтандырылған кіші жүйелерімен ақпараттық және функциялық өзара тығыз іс-қимылда болуы керек.
 
      5.2.1. Мемлекеттік институттардың жұмысын басқаруды
                 орталықтандыру
 
      Мемлекеттік реттеу рәсімдерінің белгілі бір шеңберін орындайтын, осы рәсімдердің арасындағы функциялық өзара іс-қимылдың формальды ережелерін білдіретін мемлекеттік институттар тетігінің болуы орталықтандырылған реттеу және бақылау талабын ұсынады. ҚР ИААЖ шеңберінде мұндай мүмкіндіктің болмауы мемлекеттік реттеу міндеттерін шешетін және өзіне түрлі мемлекеттік институттар орындайтын функциялық міндеттерді қамтитын барынша күрделі рәсімдер болған кезде автоматтандырылған жүйелердің интеграциялануы туралы айтуға құқық бермейді және қажетті нәтижелер әкелмейді. Бұл жағдайда ИААЖ қазіргі уақытта болып жатқан жедел және ұзақ мерзімдік басқаруға және бақылау жасауға көнбейтін функциялық және ақпараттық оқшауланған жүйелерді білдіреді.
 
      Басқаруды орталықтандыру мыналарды қамтиды:
 
      1. Басқару параметрлерін қалыптастыру
 
      Негізінде мемлекеттік институттар кіші жүйелерінің шеңберінде де, осы кіші жүйелердің ҚР ИААЖ деңгейіндегі өзара іс-қимылының шеңберінде де ақпараттарды өңдеу рәсімдерін орындаудың тәртіптері мен режимдерін айқындау жүргізілетін формальды деректер басқарушы параметрлер ретінде ұғылады.
      Осы параметрлердің ҚР ИААЖ деңгейінде қалыптасу тетіктері мемлекеттік қызметтің жекелеген бағыттарын (қаржы, экономикалық және сыртқы экономикалық қызмет, салық және кеден саясаты және т.б.) басқарудың әдістерін қалыптастыру саласында маманданатын сарапшылардың белгілі бір тобының болуын көздейді.
 
      2. Рәсімдердің орындалуына бақылау жасау
 
      Мемлекеттік институттар өзінің міндеттерін іске асыру барысындағы қызметінің нәтижелері және басқару параметрлеріне сәйкес келуі сарапшылар тобына бақылау жасау мақсатында ҚР ИААЖ-ға берілуі керек. Осы нәтижелердің негізінде тұтас алғанда мемлекеттік реттеудің де және ҚР ИААЖ-нің де тиімділігіне объективті және формальды талдау жасалуы мүмкін.
      Аталған тетік, басқару параметрлерін қалыптастыру тетігімен қатар ақпаратты жинауға және сақтауға ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік институттар кіші жүйелерінің шеңберінде мәліметтерді өңдеу процесіне әсер етуге мүмкіндік бере отырып нақты автоматтандырылған жүйе туралы айтуға мүмкіндік береді.
 
      5.2.2. Шешімдер қабылдаудың жылдамдығы және сапасын арттыру
 
      1. Ақпараттарды шоғырландырудың тетігін құру
 
      Мемлекеттік институттардың қызметі туралы өзекті және қалыптасқан деректердің болуы шешімдер қабылдаудың жылдамдығын және сапасын арттыру міндетін шешу үшін қажетті шарт болып табылады. Осыған байланысты қалыптасқан деректер, ережелеріне бірқатар талаптар қойылады. Мемлекеттік органдардың әрбір автоматтандырылған жүйесі шеңберіндегі мамандандырылған және ақпараттық тәуелсіз мәліметтер базасының жиынтығы емес, "мәліметтер қоймасын" құруды және қолдауды қамтамасыз ететін өңделетін мәліметтердің өзектілігі және тұтастығы маңызды шарттар болып табылады.
 
      2. Талдау жүйелерін әзірлеу және енгізу
 
      "Мәліметтер қоймасында" шоғырланатын ақпараттардың күрделі құрылымы мен үлкен көлемі халықаралық ғылыми әдістерде, ережелерде және алгоритмдерде орналасқан автоматтандырылған талдау тетіктерінің болуын талап етеді. Жүргізілетін талдаулық зерттеудің сипатына және арналуына қарай осындай арналымды бағдарламалық қамтамасыз ету рыногында бар әртүрлі коммерциялық бағдарламалық кешендер мен жүйелер қолданылуы мүмкін. Аясы тар арнаулы мәнді талдаулық міндеттерді шешу үшін жобалардың шеберінде қосымша бағдарламалық кешендер әзірленуі мүмкін.
 
      3. Процестерді үлгілеу жүйелерін әзірлеу және енгізу
 
      ҚР ИААЖ ақпараттарының күрделі құрылымдарымен және үлкен көлемімен қатар, мемлекеттік институттардың жүйелері қызметінің шеңберіндегі формальды рәсімдер мен процестердің күрделілігінің жоғары дәрежесімен және көп санымен сипатталады. Ақпараттарды "Мәліметтер қоймасында" шоғырландырудың басшылықтың мемлекеттік шешімдер қабылдауы үшін процестерді үлгілеу жүйелерін пайдаланудың тиімді тетіктерінің болуы мемлекетті тиімді басқаруға мүмкіндік береді.
 
      4. Мемлекеттік реттеудің формальды рәсімдерін оңтайландыру
 
      Түрлі мемлекеттік институттарға қатысты мемлекеттік реттеу процестерінің болуы кезінде өңделетін ақпараттардың сипаты мен номенклатурасы туралы тұтас және өзекті көріністің болмауы кіші жүйелердің әрқайсысындағы қызметтің бірдей рәсімдерін қажетсіз қайталауды тудырады.
 
      5. Құжаттар айналысының біртұтас стандарттарын әзірлеу және қолдану
 
      Осы міндет кешенді түрде мемлекеттік реттеудің формальды рәсімдерін оңтайландыру және "мәліметтер қоймасын" құру міндеттерімен жиынтыққа шешілуі мүмкін. Құжаттар айналысының біртұтас стандарттарын қолдану міндеттерін шешу нормативтік құжаттардың да, оларды іске асыру тетіктерінің де бір мағыналы еместігін және қарама-қайшылығын болдырмауға мүмкіндік береді.
      Құжаттар айналысындағы біртұтас стандарттарды пайдалану стандарттауға тек ақпараттардың нысандары мен форматтары ғана емес, сонымен бірге оларды қалыптастырудың, айырбастаудың және өңдеудің ережелері мен тетіктері де жататындықтан мемлекеттік институттардың кіші жүйелері шеңберіндегі процестердің жұмыс істеуін талдаудағы бір мағналылықты қамтамасыз етуге де мүмкіндік береді.
 
      6. Мемлекеттік институттар қызметінің жекелеген формальды
      рәсімдерін біртұтас технологиялық циклға біріктіру
 
      Құжаттар айналасын мемлекеттік реттеудің және стандарттаудың формальды рәсімдерін оңтайландырудан кейінгі қадам түрлі мемлекеттік институттардың қызметін қамтитын ақпараттарды өңдеудің рәсімдерін және процестерін неғұрлым нақты қалыптастыру болып табылады. Осы міндеттерді шешудің нәтижесі мемлекеттік реттеудің біріктірілген рәсімдерін өңдеудің және басқарудың орталықтандырылған тетігінің бар болуы болып табылады.
 
      7. Ақпараттық ашықтықты көтеру
 
      Жоғарыда аталған талаптар жүзеге асырылғанда осы міндетті шешуге болады. "Мәліметтер қоймасын" құру нәтижелерінің, өңдеу процестерін талдау, оңтайландыру және біріктіру нәтижелерінің, сондай-ақ құжаттар айналысын стандарттаудың негізінде Қазақстанның халқы мен ұйымдарының да және халықаралық ұйымдар мен институттардың да ақпараттық қажеттілігін жылдам және сапалы қанағаттандыруды қамтамасыз ету үшін жалпы пайдаланылатын ақпараттық мәліметтер базалары құрылуы мүмкін.
 
      5.3. Ақпараттық үлгі
 
      ҚР ИААЖ ақпараттық үлгісін құру мемлекеттік реттеу процестерін оңтайландыруды қамтамасыз ететін және тұтас алғанда мемлекет қызметінің тиімділігі мен сапасын көтеру нәтижесі ретіндегі ұйымдық-техникалық шаралар кешенін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
 
      5.3.1. Құрудың негізгі принциптері
 
      1. Тұтастық
 
      ҚР ИААЖ мемлекеттік институттардың барлық кіші жүйелері үшін ортақ болып табылатын ақпараттарды қалыптастыруды және жүргізуді қамтамасыз етуі тиіс. Мемлекеттік құрылымдар қызметінің сипаттарында және бағыттарында айырмашылықтар болған кезде өңделетін ақпаратты бастапқы және екінші етіп бөлуге болады. Бастапқы ақпарат негізінде мемлекеттік институттар кіші жүйелерінің қызметіне жататын ақпарат, - екінші ақпарат қалыптасатын және өңделетін барлық жүйенің субъектілері мен объектілерін бірдейлендіреді. ҚР ИААЖ жекелеген жүйелерді бірыңғай тұтас етіп біріктіру үшін ақпараттық өріс құра отырып бастапқы ақпаратты қалыптастыруды, бірдейлендіруді және бөлімшелер мен ведомстволарға жеткізуді қамтамасыз етуі керек. Осы тетікті жүзеге асырмай ҚР ИААЖ туралы осындай деп айтуға болмайды.
 
      2. Масштабтандырылуы
 
      ҚР ИААЖ кез келген мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйе сияқты оның аумақтық тиесілігіне қатысты көлемде және тиісті тұлғаларда ақпараттарды беруді және өңдеуді қамтамасыз ететін қажетті тетіктердің болуы қажеттілігін білдіретін аумақтық бөлінген болып табылады. Бұл сонымен қатар әртүрлі көптеген ақпараттарға рұқсаты бар жүйенің қатысушылар тобын айқындау мүмкіндігін білдіреді.
 
      3. Өзектілігі
 
      Жеке процестердегіде және тұтас алғанда, барлық жүйедегі де жұмыстың тиімділігі Ақпараттық үлгідегі бастапқыда және екінші элементтердегі тиісті ақпаратты өңдеу қаншалықты жиі жүргізілетіндігіне біржақты қатысты болады. Ақпаратты өңдеудің үлкен мерзімі басқару міндеттерін іске асыру үшін сындарлы. Бұл ретте мемлекеттік шешімдер қабылдаудың жылдамдығын және сапасын көтеру міндеттерін шешпейтін және соңғы нәтижесінде ҚР ИААЖ құруға арналған шығынды ақтамайтын статистикалық функциялардың ғана іске асырылуы мүмкін.
 
      5.3.2. Ақпараттық үлгінің элементтері
 
      Осы параграфта Ақпараттық үлгінің ақпараттың ҚР ИААЖ құрылуының негізін айқындайтын бастапқы элементтері концептуальды айқындалған. Бұл элементтер оның қайда орналасқанына және оның міндеттерінің шеңберіне қарамастан, кез-келген мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйе үшін ортақ болып табылады.
 
      5.3.2.1. Ақпараттық үлгінің субъектілері
 
      1. Адамдар
 
      Жүйенің негізгі субъектісі ретінде адамды бірдейлендіру түбірлі міндет болып табылады. Әрбір адамның оның Қазақстан Республикасының резиденті болуына немесе болмауына қарамастан оны айқындайтын біржақты идентификаторы болу керек. Осы идентификаторды мемлекеттік институттар кіші жүйелерінің формальды рәсімдерінде пайдалану адамдар туралы ақпаратты өңдеуді бірегейлендіру мен оңтайландырудың мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді.
 
      2. Ұйымдар
 
      Экономикалық, мемлекеттік және қоғамдық қатынастардың субъектісі бола тұра ұйымдар маңызы бойынша Ақпараттық үлгінің келесі элементі болып табылады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектісі болып табылатын ұйымдардың ғана емес, сонымен қатар Адамдармен,

 

Резидент-ұйымдармен, Мемлекетпен қандай да болмасын формальды өзара

байланысы бар шетелдік ұйымдардың да бірдейлендірілуі қамтамасыз етілуі

тиіс.


     3. Мемлекет


     Мемлекеттің ақпараттық үлгілері Ұйымдар мен Адамдардың жиынтығы

арқылы білдіріледі. Элементтердің арасындағы ақпараттық өзара байланыстар

мемлекеттің құрылымын айқындайды, бұл ретте бұл өзара байланыстар өсу

сипатында болады.


          Адамдар    -     Ұйымдар    -           Мемлекет

            |                   |                     |

            |  Идентификаторлар |    Идентификаторлар |

            |                   |                     |

            |                   |                     |

                              Ұйымдар    

         Адамдар           туралы мәлімет         Мемлекет

       туралы мәлімет                         туралы мәлімет



     1-сурет. Ақпараттық үлгінің субъектілері (қағаздағы суреттен қараңыз).



     5.3.2.2. Ақпараттық үлгінің объектілері


     1. Жер және  жер қойнауы



 
       Жер беті учаскелерін, табиғи объектілерді және осы учаскелерде орналасқан адам қызметінің объектілерін бірдейлендіру ҚР ИААЖ шеңберінде осындай түрдегі ақпаратты формальды өңдеу процесін автоматтандыруға арналған ақпараттық базисты айқындауға мүмкіндік береді.
 
      2. Тауарлар мен қызмет көрсетулер
 
      Экономикалық қызмет саласындағы ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған процестерін іске асыру тауарларды және қызметтерді кодтаудың бірыңғай принципінде құрылады. Бұл үшін сыртқы экономикаылық қызметте қолданылатын СЭҚТН халықаралық тауарларды жіктеу жүйесі негіз болады. СЭҚТН тауарлар мен қызмет көрсету кодтарын ұлттық кеңейтуді пайдалана отырып, бірдейлендіру арқылы барлық ақпараттық ағындарды құру біртұтас ақпараттық

 

кеңістіктің шеңберінде мәліметтерді өңдеудің көптеген процесін

интеграциялаудың мүмкіндігін қамтамасыз етеді.


     3. Қаржылар


     Қаржылар мемлекеттің экономикалық саясатының негізгі құралы ретінде

мемлекеттік бюджеттің баптарымен және қаржылық құралдармен (бағалы

қағаздармен, акциялармен және басқалармен) Ақпараттық үлгіге

бірдейлендірілген.



         Жер және жер     -      Тауарлар, қызмет    -       Қаржы

            қойнауы                көрсетулер                   |

              |                        |                        |   

              |   Идентификаторлар     |      Идентификаторлар  |     

              |                        |                        |

              |                        |                        |


         Жылжымайтын            Тауарлар мен қызмет         Қаржы құралдары

       мүлік объектілері         көрсетулер туралы           туралы мәлімет

        туралы мәлімет                мәлімет             


         2-сурет. Ақпараттық үлгілердің объектілері (қағаздағы суреттен

қараңыз)


     5.3.2.3. Талдаулық және статистикалық ақпарат


     Ақпараттық үлгінің осы элементі мемлекеттік институттардың кіші

жүйелерінен қалыптасатын көптеген біріктірілген деректерді білдіреді.

Талдаулық және статистикалық ақпараттың негізіне деректердің түріне және

сипатына қарамастан Ақпараттық үлгілердің бастапқы элементтері жатады.

     Мемлекеттің талдау мен статистиканың сапасы мен толықтығы ҚР ИААЖ

Ақпараттық үлгілердің принциптеріне қаншалықты дәл сәйкес келетіндігіне,

ол бастапқы элементтермен қаншалықты толық берілгендігіне байланысты

болады.


                  Талдаулық деректер мен статистика

                                 |                     

                    |            |                |  

         Идентификаторлар        |          Идентификаторлар

                    |            |                |

                Субъектілер      |            Объектілер

                    |            |                |

    Идентификаторлар|            |                |  Идентификаторлар

                    |                             | 

          Субъектілер туралы     |         Объектілер туралы

               мәлімет         _____            мәлімет



        3-сурет. Талдаулық және статистикалық ақпарат (қағаздағы суреттен

қараңыз)


     5.3.2.4. Басқарушы ақпарат


     ҚР ИААЖ талдау мен статистиканың міндеттерін шешуге бағытталған

ақпарат жүйесін ғана емес, барлық мемлекеттік институттардың қызметін

тиімді және сапалы басқару міндеттерін шешетін жүйені білдіретіндіктен,

басқарушы ақпарат Ақпараттық үлгілердің элементі ретінде тұтас алғанда

барлық жүйе жұмысының кіріс параметрлері мен режимі деп аталатын роль

атқарады.

     Бұл басшылыққа мемлекеттік шешімдерді қалыптастыруға және олардың

орындалуына бақылау жасауға мүмкіндік береді.


                  Талдаулық деректер мен статистика

                                 | 

                          Басқарушы алаптар

                         /                 \

             Идентификаторлар    |       Идентификаторлар

                    |            |            |

             Субъектілер         |       Объектілер

                    |            |            |

   Идентификаторлар |            |            | Идентификаторлар

                    |            |            | 

           Субъектілер туралы   ____       Объектілер туралы

                мәлімет                      мәлімет




            4-сурет. Басқарушы ақпарат (қағаздағы суреттен қараңыз)



 
       Басқарушы ақпарат тұтас алғанда бүкіл жүйенің жұмыс істеуін реттейтін макропараметрлерге және мемлекеттік институттардың кіші жүйесінің шеңберлерінде процестерді формальды түрде басқаруға мүмкіндік беретін жедел реттеу параметрлеріне бөлінеді.
 
      5.4. Функциональдық үлгі
 
      5.4.1. Ақпараттық үлгілердің бастапқы элементтерін бірдейлендіру
 
      Функциялық үлгілердің осы элементі мынадай міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін тетіктердің жиынтығын қамтиды:
      5.4.1.1. АҮ субъектілері мен объектілері туралы мәліметтерді автоматтандырылған түрде қалыптастыру
 
      Ақпараттық үлгілердің бастапқы элементтері мемлекеттік институттар қызметінің формальдық рәсімдері шеңберінде туындайтындықтан осы міндет аталған автоматтандырылған жүйелермен интеграцияны қамтамасыз ететін функциялық үлгілердің тиісті санына бөлінеді.
      Кезеңдерді орындау реттілігі тұрғысынан мәліметтерді қалыптастырудың аталған үлгілері мемлекеттік институттардың автоматтандырылған жүйелерінің деректерін өңдеудің рәсімдерін орындау кезінде басымдықты сипатта болады.
      Мәліметтердің форматтары, оларды қалыптастырудың және ауыстырудың ережелері әзірленген және бекітілген құжаттар айналысының бірыңғай стандарттарына сәйкес болуы керек.
      Осы міндеттерді іске асырудың нысандары мемлекеттік институттардың нақты жүйелерінің шеңберіндегі тиісті рәсімдерді автоматтандырудың дәрежесіне қатысты болады және мынадай жалпы шешімдерде көрініс табуы мүмкін:
      - бастапқы элементтер туралы қалыптастырылған мәліметтерді қолдан енгізуді де, құжаттар айналасының бірыңғай стандарттарына сәйкес келетін деректердің импортын да қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық кешендерді әзірлеу және енгізу;
      - бірыңғай құжаттар айналысы стандарттарының шеңберінде "жүйе-жүйе" өзара іс-қимыл деңгейіндегі мемлекеттік институттардың автоматтандырылған жүйелерімен ең жоғары тығыз интеграцияны қамтамасыз ететін бағдарламалық- техникалық кешендерді әзірлеу және енгізу.
 
      5.4.1.2. АҮ субъектілері мен объектілерін бірдейлендіру
 
      Жоғарыда айқындалғандай ҚР ИААЖ ақпараттардың тұтастық принципін қамтамасыз ету тұтас алғанда барлық жүйенің тиімді жұмыс істеуінің негізгі шарттарының бірі болып табылады. Сондықтан Ақпараттық үлгілердің бастапқы элементтерінің мәліметтерін бірдейлендіру рәсімі Функциялық үлгінің құрылымында басты сипатта болады.
      Қалыптасу кезеңіндегі Ақпараттық үлгілердің субъектілері мен объектілері туралы алынған мәліметтер осы элементтерді мемлекеттік институттар жүйесінің де және тұтас алғанда барлық ҚР ИААЖ де ақпаратын өңдеудің барлық процестерінің және формальды рәсімдерінің шеңберінде біржақты айқындайтын бірегей идентификаторлардың орталықтандырылған арнаулы рәсімінен өтеді.
      Ақпараттық үлгілердегі бастапқы элементтерінің идентификаторлары бар ақпараттық алаптар мен олардың құжаттар айналысының бірыңғай стандарттарына сәйкес мемлекеттік институттардың автоматтандырылған жүйелеріне өткізілетін тіркеу параметрлері осы кезеңнің нәтижесі болып табылады.
 

 

     5.4.1.3. АҮ субъектілері және объектілері туралы мәліметтерді қолдау


     Аталған міндеттердің құрамына Ақпараттық  үлгілердің бастапқы

элементтерінің көпшілігіне кіретін мәліметтердің өзектілік және көлемділік

талаптарын іске асыруға бағытталған ұйымдық-техникалық шаралардың кешені

мен бағдарламалық-техникалық құралдар кіреді.

     Мынадай негізгі кіші жүйелерді бөліп көрсетуге болады:


     - Мәліметтерді жаңалау;

     - Мәліметтерді тираждау.



         -   Деректердің кіруі -

                                 \

                                  ---------

              Деректердің        /         |

         -     импорты         -      Бірдейлендіру


                                           |

                                           |


                                      Мәліметтерді

                                        қолдау


   5-сурет. Ақпараттық үлгінің бастапқы элементтерін бірдейлендіру.

            (қағаздағы суреттен қараңыз)


     5.4.2. Талдау және статистика


     Талдаулық және статистикалық ақпаратты қалыптастыруға мыналар кіреді:


     1. Ақпараттарды біріктіру


     Құжаттар айналысының бірыңғай стандарттарының негізінде мемлекеттік

институттар жүйесінен Ақпараттық үлгілердің бастапқы элементтеріне қатысты

талдау ақпараттарын автоматтандырылған жинау жүзеге асырылады.

     Біріктіру рәсімін орындаудың мерзімділігі талдау ақпаратының өзектілік

дәрежесімен, сондай-ақ оның өмірлік циклімен реттеледі.



                       Біріктірілген деректер


           Субъектілер   -|      |      |-   Объектілер

                                 |

                                /_\


                          /      |        \

                  Субъектілер мен объектілер туралы мәлімет


           6-сурет. Ақпараттарды біріктіру (суретті қағаздан қараңыз)


     2. Ақпараттар қоймаларын жүзеге асыру



 
       Деректер ақпараттық үлгілердің бастапқы элементтерінің тұрғысында топтасқан ақпараттық алапты құру біріктіру тетіктерін орындаудың нәтижесі болып табылады.
      Біріктірілген мәліметтер өз кезегінде талдаулық және статистикалық процестер үшін шығу мәліметтері болып табылады.
 
      3. Ақпараттар қоймаларына кіруге рұқсат етуін қамтамасыз ету
 
      Мемлекеттің ҚР ИААЖ шеңберіндегі ақпараттық ашықтығын арттыру мақсатында пайдаланушылардың түрлі санаттарына талдау және статистикалық ақпараттарды беруді қамтамасыз ететін тетіктер жүзеге асырылуы тиіс.
 
      Мұнда мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ақпаратқа рұқсат ету деңгейін және оны тұтынушылардың тобын нақты айқындау маңызды роль атқарады.
 
      5.4.3. Мемлекеттік реттеу процестері
 
      Мемлекеттік реттеудің формальды процестерін басқаруды қамтамасыз ету мақсаттары үшін ҚР ИААЖ құрамына Ақпараттық үлгілердің бастапқы элементтерінің және талдау ақпаратының негізінде мынадай функцияларды қамтамасыз ететін автоматтандырылған формальды рәсімдердің байланысқан жиынтығы кіреді:
 
      1. Басқарушы ақпараттарды қалыптастыру
      Құжаттар айналысының бірыңғай стандарттарының негізінде мемлекеттік институттар жүйелерінің жұмыс істеу процестері мен рәсімдерін реттеуге арналған макро және жедел параметрлерге кірушілер болып табылатын формальды мәліметтерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін ұйымдастыру-техникалық шаралардың кешені жүзеге асырылады.
      Басқарушы ақпаратты қалыптастыру мемлекеттік бағдарламалардың, талдау

 

және статистикалық деректерін өңдеу нәтижелерінің, сондай-ақ жедел

шешімдер нәтижесінің негізінде жүзеге асырылады.


     2. Ақпараттарды өңдеу процестеріне бақылау жасау


     Мемлекеттік институттар жүйелерінің берілген басқарушы параметрлерді

орындаудың шеңберіндегі қызметінің нәтижелері бақылау функциясын жүзеге

асыру үшін формальды және стандартты түрде көрсетіледі.

     Одан әрі шешімдер қабылдау үшін бақылау жасау нәтижелерінің

мәліметтері біріктіру және қоймадағы деректерді сақтау кезеңдерінен өтеді.

     Біріктірілген деректердің негізінде талдаулық өңдеу функциясы жүзеге

асырылады.


     5.5. Ұйымдастыру үлгісі


                                     Статистиканың талдау деректері


                          Жалпы

                      пайдаланудағы     -    

                      кіші жүйелер


                            |

     Субъектілер   -    Жүйенің өзегі   -    Объектілер

                            |

                       Мемлекеттік    

                      институттардың

                       кіші жүйелері


      Субъектілер туралы    |       Объектілер туралы

          мәлімет          ---         мәлімет


            7-сурет. Ұйымдастыру үлгісі (қағаздағы суреттен қараңыз)


     5.5.1. Жүйенің өзегі



 
       Ақпараттарды шоғырландыру функциясын, деректерді өңдеудің біріктірілген процестерін басқару функциясын, талдау және үлгілеу функциясын орындайтын ұйымдық және техникалық шешімдердің байланыстық кешені жүйенің өзегі ретінде болады.
      Бұл ұйымдық түрде Функциялық үлгілерде көрсетілген процестерді техникалық, ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ететін бірыңғай есептеу орталығын білдіре алады.
 
      5.5.2. Мемлекеттік институттардың кіші жүйелері
 
      Мемлекеттік институттардың автоматтандырылған ақпараттық жүйелері оның өзегімен формалдыландырылған ережелер мен хаттамалардың негізінде өзара іс-қимыл жасайды.
      Бұл кіші жүйелер ақпараттарды өңдеудің автоматтандырылған процестерінің айрықша міндеттерін атқара отырып, Ақпараттық үлгілердің бастапқы элементтерінің шеңберінде оларға мемлекеттік институттардың қызметін көрсететін мәліметтер мен процестерді байланыстырып жұмыс жүргізеді.
      Бұл жүйелер өңдеудің біріктірілген процестерінің шеңберінде ақпараттарды өңдеудің технологиялық процестерін іске асыра отырып орталықтандырылған басқару тетіктерін реттейтін құжаттар айналысының белгілі бір стандарттарының негізінде ҚР ИААЖ өзегімен ұйымдастырулық және функциялық іс-қимыл жасайды.
 
      5.5.3. Жалпы пайдаланылатын ақпараттық кіші жүйелері
 
      Қоғамның хабардарлығын арттыру жөніндегі міндеттерді орындау, Қазақстан Республикасының тартымды халықаралық бейнесін құру үшін ҚР ИААЖ шеңберінде, талдау және статистикалық ақпараттардың негізінде ұжымдық рұқсат етілуі үшін "мәліметтер қоймасын" қалыптастырудың тетіктері іске асырылады.
 
      5.6. Мемлекеттің әкімшілік-шаруашылық функциясы
 

 

     Егер мемлекетті директорлар кеңесі ретіндегі Үкіметпен бірге

экономикалық қызметтің субъектісі ретінде қарастырсақ, онда мәселенің

бұлайша қойылуы жағдайында мемлекетті басқаруды сапалық жақсарту үшін

практикада өзінің пайдалылығын дәлелдеген, басқарудың кең масштабты

интеграцияланған жүйелерін пайдалану қажет.


     Негізгі функциялар:

     - есепке алу, есеп берушілік және қаржыны басқару;

     - қызметкерлерді басқару;

     - мемлекеттік билік органдарын басқару деңгейіндегі құжаттар айналысы;

     - автоматтандырылған басқару жүйелері;

     - мемлекеттік құрылымдардың жұмыс істеуі үшін қажетті жалпы

пайдаланылатын мәліметтердің базасын жүргізу;

     - және басқалар.


     5.6.1. Қаржыны басқару


     Қаржыны басқарудың модульдері мемлекеттік басқару органдары қаржылық

қызметінің барлық аспектілерін қамтуы және жүйенің барлық модульдерінен

жиналған негiзгі қаржылық ақпаратты шоғырландыруы тиіс. Қаржыны басқару

модульдерінің құрамы төменде берілген.

     Қаржылық бухгалтерияға:

     - бас кітап;

     - дебиторлар мен кредиторлардың бухгалтериясы (талдаулық есеп);

     - негізгі қаражатты басқару, жоспарлау және бақылау жасау;

     - біріктірілген есептілік пен есепке арналған құралдар кіреді.

     Қаржылық менеджментке:

     - қаржы қаражатын есепке алу және жоспарлау;

     - қаржылық бюджетті жасау және оның атқарылуына бақылау жасау;

     - қарыздарды, бағалы қағаздарды және ақша рыногын басқару;

     - капиталды, қорларды басқару;

     - тәуекелдерді басқару кіреді.

     Контроллинг:

     - қызметтің бағыттары бойынша;

     - пайда болу орындары бойынша;

     - ішкі тапсырыстар бойынша;

     - пайда орталықтары бойынша;

     - рыноктың бөліктері бойынша шығындарды ескеруге мүмкіндік береді.



 
       Инвестицияларды басқару инвестициялық бағдарламаларды жоспарлауды

 

және жекелеген инвестициялық бағдарламаларды басқаруды жүзеге асыруға

мүмкіндік береді.

     Жобаларды басқаруға жобаларды жоспарлауды, бекітуді және жүзеге

асыруды басқару кіреді.


     5.6.2. Қызметкерлерді басқару


     Қызметкерлерді басқару модульдері өндірістік күнтізбелік жоспарды

орындауды, қызметке және бос қызметтерді қоса атқаруға үміткерлерді

басқару үшін қызметкерлермен келісім-шарттар мен келіссөздер жүргізуді,

адамдардың саны мен біліктілігін жоспарлауды қамтамасыз етеді.

     Қызметкерлердің санын жоспарлауға және дамытуға:

     - ұйымдастыру менеджменті;

     - қызметкерлердің кәсіби өсуі;

     - еңбек ресурстарын пайдалануды жоспарлау;

     - үй-жайлар тапсырысын жоспарлау кіреді.

     Қызметкерлерді әкімшіліктендіру - ол:

     - қызметшілерді басқару;

     - қызметке үміткерлердің деректерін басқару;

     - уақытша деректерді басқару;

     - еңбекақыны басқару;

     - іс сапарларды басқару.


     5.6.3. Құжаттар айналысын басқарудың жүйесі.


     Құжаттар айналысын басқарудың орталықтандырылған жүйесі мынадай

функцияларды қамтамасыз етуі керек:

     - құжаттарды орталықтандырылған тіркеуді;

     - жауапты атқарушылар жүзеге асыратын құжаттар қозғалысына

бәсеңдетілген бақылау жасауды;

     - құжаттар қозғалысының бағыттарын басқаруды;

     - байланыстырылған құжаттардың пакетін қалыптастыруды;

     - құжаттардың қозғалысына әкімшілік бақылау жасауды;

     - құжаттардың қозғалысына статистикалық талдау жасауды;

     - құжаттар қозғалысының ережелерін жіктеу және айқындауды;

     - ақпараттар, оның ішінде электрондық пошта алмасудың және таратудың

қолданылып жүрген жүйелерін интеграциялауды;

     - қызметкерлерді басқару жүйесімен интеграцияны;

     - құжаттарды магниттік таратқыштарда орталықтандырылған архивтік

сақтауды;

     - құжаттардың архивтік көшірмелерін тиімді автоматтандырылған іздеуді.


     5.7. Мәліметтердің мемлекеттік базалары



 
       Мәліметтер базасы (МБ) - ол ақпаратты сақтауды қамтамасыз етуге арналған және осы нысандық саладағы басқа да міндеттерді шешу үшін пайдаланылатын кейбір нысандық сала туралы оларға рұқсат ету әдістерімен бірге ұйымдасқан деректердің жиынтығы.
      Мәліметтер базасының мемлекеттік жүйесі белгіленген экономикалық және құқықтық нормалардың шеңберінде жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының мәліметтер базасының жиынтығын (мүмкін өзара іс-қимылдағы) білдіреді.
      Оның негізгі мақсаты - басқару органдарын, коммерциялық құрылымдарды

 

және халықты ақпараттық қамтамасыз ету.

     МБ саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары:

     - МБ көмегімен қоғамның ақпараттық қажетін неғұрлым толық

қанағаттандыруға арналған қажетті шарттарды қамтамасыз ету;

     - мемлекеттік ақпараттық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру;

     - тиісті инвестициялық саясаттың, салық жеңілдіктерінің, мемлекеттік

тапсырыстарды орналастырудың көмегімен неғұрлым перспективалық және

маңызды салалар арқылы МБ құруды ынталандыру;

     - стандарттау;

     - монополияға қарсы шаралар;

     - құқықтық негіздерді құру;

     - мағлұматтар тарату, бүкіл халықты оқыту.

     Ақпараттық саясаттың негізгі міндеттері:


 
       - МБ-дағы ақпараттарға рұқсат етілудің заңдық және коммерциялық шарттарын айқындауға арналған принциптерді қалыптастыруды;
      - деректерді сақтаудың әдістеріне, оларға рұқсат етілуге және деректер алмасуға арналған стандарттарды, форматтарды және хаттамаларды әзірлеуді;
      - ақпараттарды таратудың сапасына бақылау жасауды;
      - қайталауды болдырмауды;
      - жалпы алғанда мәліметтер базасын құру жөніндегі де және аса маңызды нысандық салаларындағы да жұмыстарды ынталандыру үшін салық саясатын жасауды;
      - коммерциялық емес МБ, ғылыми зерттеулер мен экспериментальдық жобаларды қаржыландыруды;
      - республиканың ақпараттық әлеуетін және баспа қызметін экономикалық бағалау жөнінде құзіретті орган құруды қамтиды.
 
      5.8. "Азамат - мемлекет" қатынастарының жаңа деңгейі
 
      Мемлекеттегі әрбір азаматтың қолайлы түрде және артық әуре сарсаңсыз салық төлеу болсын немесе жылжымайтын мүлікті тіркеу болсын өкімет органдарымен араласуға, кез-келген қызмет көрсетуге - тауарлар сатып алуға, алыста оқуға, консалтингке, (мысалы, заңдық, медициналық) және т.б. мүмкіндігі болу керек.
      Көптеген үкіметтің алдында ішкі өзгертілу міндеті тұр. Олар ақпараттық инфрақұрылымды жетілдірудің қажеттілігін мойындайды және ақпараттық технологияны негізгі үкіметтік функцияларды: денсаулық сақтауды, білім беруді, экономикалық өсуді ынталандыруды, инфрақұрылымды ұстауды және дамытуды, заңдылықты, тәртіпті және бейбітшілікті қолдауды орындау процестерін қайта құра алатын негізгі әдіс деп санайды.
      Осы міндеттерді шешу үшін кемінде үш проблеманы шешу қажет:
      - бюрократиялық дәстүрлерді жою - мемлекеттік кірістер мен шығыстардың өсуіне орай ережелердің, нұсқаулықтардың және қиянат жасаудың алдын алу және қарапайым адамдардың мүдделерін қорғау үшін танылған бақылау жасау сатыларының шырмауығы өсіп кетті, нәтижесінде басқару аппараты кеңейді, ал мемлекеттік шығындар өсіп кетті;
      - азаматтарға қызмет көрсету - жеке сектор "клиент әрқашанда дұрыс" дегенге сүйенеді және мемлекеттік құрылымдар да қолданулары қажет эталонды белгілейді, күн сайын жеке секторда азаматтар жылдам, нақты және сыпайы қызмет көрсету мысалдарын көреді және үкімет оларға неге осындай қызмет көрсетуді ұсынбайтындығына түсінбейді;
      - үкімет экономиканың субъектісі ретінде - қазіргі өмірде гүлдену үшін ақпарат қажет, сондықтан өздерінің бизнесмендеріне ең құнды ақпаратқа тиімді рұқсат беретін және оларға оны тауарларды өндіру мен сату және қызмет көрсетулер үшін уақытында пайдалануға көмектесетін үкімет табысқа жетеді, экономикалық бәсекелестікті ынталандыратын экономикалық инфрақұрылым жеке инфрақұрылымдардың жолдарына, коммуналдық қызмет көрсетулеріне және басқа да элементтеріне қарағанда төмен емес маңызға ие болады; жергілікті компаниялардың қызметтері үшін пайдалы ортаны құра отырып үкіметтің өзі де неғұрлым тиімді іскер әріптес болуы керек, көптеген елдерде үкімет ең ірі жұмыс беруші болып табылады және өздерінің кәсіпорындарында ЖІӨ айтарлықтай үлесін құрады.
 
      5.8.1. Азаматтарға электрондық қызмет көрсету
 
      Жаңа технологиялар үкіметке оның алдында тұрған міндеттерді шешуде үлкен қолдау көрсете алады. Желілік компьютерлік қосымшалар жақсы жұмыс істейтін, арзанырақ тұратын және азаматтар мен жеке бизнес саласындағы "мемлекеттік акционерлерге" неғұрлым сапалы қызмет көрсететін мемлекеттік басқарудың негізін құрады. Барлық жаңа технологиялар мемлекеттік буындарды біртұтас байланыстыра отырып және азаматтардың ақпараттар мен қызмет көрсетулерге қол жеткізуін кеңейте отырып, мемлекеттік мекемелер жұмыстарының қолайлы және тиімді әдістерін құруға көмектеседі.

 

     Ақпаратқа онлайндық қол жеткізілуін және телефондар, факсимальдық

аппараттар, өзіне-өзі қызмет жасайтын дүңгіршектер және үй компьютерлері

арқылы қызметтер көрсетуді ұсынуды қамтамасыз ете отырып Үкімет өзінің

азаматтарына кез-келген жерде және кез-келген уақытта жылдам сапалы қызмет

көрсете алады. Қызмет көрсетулер мен ақпараттарды электрондық ұсыну:

     - географиялық бөгеттерді жеңуге;

     - ақпараттың уақытында берілуін жеңілдетуге;

     - тіл кедергілерін азайтуға;

     - жеке қажеттілікті қанағаттандыруға;

     - азаматтар мен Үкіметтің арасындағы диалогты қолдауға;

     - мемлекеттік мекемелер жұмысының тиімділігін көтеруге;

     - экономикалық дамуға үлес қосуға;

     - білім беру саласын және ғылыми зерттеулерді дамытуға ықпал етуге

мүмкіндік береді.


     5.8.1.1. Ақпараттық дүңгіршектер



 
       Қоғамдық желілердегі деректердің қауіпсіздігі проблемаларына байланысты ақпараттық дүңгіршектер бастапқыда автомобильдерді қайта тіркеу немесе аңшылыққа немесе балық аулауға лицензиялар алу сияқты транзакцияларды орындау үшін пайдаланылды. Әрине, дүңгіршектерді мәселелердің ең кең шеңбері бойынша ақпараттар беру үшін де пайдалануға әбден болады. Дүңгіршектер әдетте адамдар оны жиі пайдалана алатын қоғамдық орындарда, мекемелерде және т.б. орналасады.
      Бұл жүйе транзакцияны өңдеуге негізделгендіктен әрбір операцияның құны олардың саны өскен кезде төмендейді. Бұл жүйенің ұлғаюына қарай оның жұмыс істеуінің өзіндік құны ұдайы төмендейді. Оның үстіне дүңгіршектер мамандарды аса маңызды міндеттер үшін босатуға мүмкіндік беретін ұзақ механикалық жұмыстарды талап ететін ескі рәсімдерді орындауды өзіне алады.
      Мынадай қызметтерді көрсетуге болады:
      - автомобильдерді және жүргізуші құқығын электрондық тіркеу;
      - бизнес пен халықтың кең ауқымы үшін шоттарды электрондық төлеу;
      - мемлекеттік мекемелер мен оларды берушілердің арасындағы сауда алмасуының тиімділігін арттыратын электронды сатып алу жүйесі;
      - тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті күн жұмыс істейтін қымбат емес интернет қызметі арқылы мемлекеттік мекемелердің ақпараттарына және олардың қызмет көрсетулеріне қол жеткізу;
       электрондық желілер бойынша ақы төлей отырып театрларға билет алуға электрондық тапсырыс беру, жарнамалық ақпараттар алу.
      Төменде электрондық қызмет көрсетудің кейбір үлгілері келтірілген.
 
      5.8.1.2. Электрондық мемлекеттік қызметші
 
      Егер жұмыспен қамту жөніндегі бюроны таратып және оның орнына ақпараттық дүңгіршектер мен компьютерлік сайттар құрса, онда осындай әрбір сайттың келушілері қолданбалы бағдарламаға кіруді және ешқандай қағаз толтырмастан дүңгіршектер арқылы қажетті ақпаратты тікелей іздеуді жүргізе алады. Егер адам сұрақ қойғысы немесе нақты ұсынысты талқылағысы келсе, ол бейнеконференция құралдарын пайдаланады және сол дүңгіршек арқылы басқа қаладағы консультантпен байланысады. Дүңгіршек адамдардың қажеттілігін, ақпараттарға сыпайы рұқсатты және мамандарды қолдауды ұсына отырып қанағаттандырады. Аймақ өз тарапынан жұмыспен қамту мәселелері бойынша ең жаңа мәліметтер алады және ресми үй-жайлар алаңы мен қызметкерлердің санын қысқартады.
 
      5.8.1.3. Әлеуметтік қамтамасыз етудің электрондық жүйесі
 
      Әлеуметтік қамтамасыз етудің электрондық жүйесінің (ӘҚЭЖ) кәртішкелері үкіметтердің компьютерлік желілерді өзі көрсететін қызметтерінің сапасын арттыру және шығындарды төмендету үшін пайдалануының тағы да бір мысалы болып табылады. Ақша қаражатын аударуға және сақтауға пайдаланылатын ӘҚЭЖ кәртішкелері азаматтардың түрлі әлеуметтік жәрдемақылар алуларының қауіпсіз және қолайлы тәсілін білдіреді. Осындай кәртішкесі бар адам оны дүкендердің кассалық терминалдарында тауар үшін ақы төлеу немесе ол бойынша банкоматтардан және банктердің бөлімшелерінен қолма-қол ақша алу үшін пайдалана алады. Кәртішкелер бойынша оның ұстаушысының құқығы бар тауарлар алуға да болады. Осындай кәртішкелер баршаға тиімді. Оны ұстаушылар әлеуметтік жәрдемақы алу кезінде қолайсыздық сезінбейді, сатушылар әдетте үкіметтік органдардан өтемақылар алуға кететін уақыт пен күш-жігерді үнемдейді, ал үкіметтік мекемелер көптеген қулық-сұмдықтан және қиянат жасаудан арылады. Оның үстіне ӘҚЭЖ кәртішкелерін пайдалану кейіннен жаңа бағдарламалар мен қызмет көрсетулер қосуға болатын инфрақұрылымды жасауға көмектеседі. Балаларға жәрдемақылар, әскери және азаматтық зейнетақылар - бұның бәрін де ӘҚЭЖ желілері арқылы төлеуге болады. Осындай желі АҚШ пен Ұлыбританияда, сондай-ақ әлемнің бірқатар елдерінде белсенді түрде қолданылуда.
 
      5.8.1.4. Электрондық есеп беру
 
      Салық декларацияларын жасау және оларды өңдеу де біртіндеп электрондық негізге ауыстырылуда. АҚШ-тың көптеген штаттарында, сондай-ақ Канадада салық төлеушіге салық декларациясын электрондық түрде толтыруға мүмкіндік беретін бағдарламалар бар. Осындай жүйені пайдалана отырып декларацияның растамасын жылдам алуға және артық төленген соманы қайтарып алуға болады. Одан басқа, электрондық құралдар қателер жіберу мүмкіндігін төмендететін және өңдеу процесін жеделдететін калькуляцияны автоматты түрде жүргізеді. Мұның бәрі салық төлеушілердің тұрмысын жеңілдетеді және Үкіметке қаражат үнемдеуге көмектеседі.
 
      5.8.1.5. Үйде істелетін жұмыс
 
      Қазіргі заманғы технологияларды үйде істелетін жұмыстар саласын кеңейту үшін белсенді түрде пайдалануға болады. Желілік технология қызметкерлерге үйлерінде болуларына және күн сайын жұмысқа бармауға мүмкіндік береді. Мұндай жүйе еңбектің өнімділігін арттырады және корпорацияның шығындарын азайтады деп саналады. Қызметкерлерге ол еңбек жағдайын неғұрлым қолайлы ететін болғандықтан осы жүйенің икемділігі де ұнайды. Лос-Анджелесте бір жарым жылдың ішінде 400 үйде жұмыс істейтін қызметкердің жұмысына зерттеулер жүргізілді. Жұмыс берушінің жыл ішінде олардың әрқайсысынан сегіз жарым мың доллар және төрт мың киловатт-сағат үнемдегені анықталды. Оның үстіне, ол жұмыс алаңы мен машиналар тұрағына арналған орынды 30 процентке қысқарта алды. Қала тұрғындары үшін бұл қоршаған ортаның ластануы деңгейін қысқартуды, көліктің қарқынды қозғалысын қысқартуды және энергияны тұтынуды төмендетуді білдіреді.
 
      5.8.2. Денсаулық сақтау саласы
 
      Денсаулық сақтау саласының желілері емдеудің барлық процестерінде азаматтар, денсаулық сақтау ұйымдары және жұмыс берушілер арасындағы пациенттер туралы неғұрлым кең және тиімді ақпарат алмасудың көмегі арқылы азаматтарға медициналық қызмет көрсетуді жақсартуға мүмкіндік береді. Ол үшін медициналық қызмет көрсетудің сапасын және медициналық қызметті тұтынушылардың, оларды көрсетушілердің және басқа да адамдардың арасындағы қатынастарды жақсы басқаруға мүмкіндік жасайтын инфрақұрылым

 

пайдаланылады. Кейбір мамандар телекоммуникациялық қосымшалар медициналық

шығындарды, бұл ретте қызмет көрсетудің сапасын және оған қол жеткізілуін

арттыра отырып, бір жылда 36 дан 100 миллиардқа дейінгі сомаға қысқартуға

мүмкіндік береді деп санайды.

     Ұлттық денсаулық сақтау желісінің негізгі міндеттері:

     - денсаулық сақтау мекемелерін шұғыл басқару;

     - білікті медициналық көмекті жалпы пайдалануға жету;

     - жергілікті жерлерде медицина қызметкерлеріне жедел консультациялық

көмек беру;

     - тиімді ақпарат алмасу.

     Ұсынылатын қызметтер:

     - электрондық пошта құралдарымен республика аумағында да, халықаралық

та құжаттық ақпаратты жедел алмасу;

     - инструментальдық және лабораториялық зерттеу әдістерінің деректерін

беру және өңдеу;

     - пациент денсаулығының жеке электрондық картасын енгізу;

     - құжаттар айналысының қағазсыз технологиясын енгізу;

     - спутниктік телефондық және телефакстік байланыс;

     - республиканың аумағында тұрақты және жоғары сапалы байланысты

қамтамасыз ету;

     - халықаралық байланыс желісіне қол жеткізу;

     - төтенше  жағдайлардағы жедел (және резервтік) байланыс;

     - бейнеконференцбайланыс;

     - бейнеконсультациялар;

     - бейнеконсилиумдар;

     - мамандарды оқыту;

     - емдеулік араласулардың орындалуына бақылау жасау;

     - дүниежүзілік ақпараттық желіге, оның ішінде интернетке компьютерлік

шығу;

     - биомедициналық, фармацевтік және басқа ақпараттардың дүниежүзілік

мамандандырылған банктеріне қол жеткізу;

     - коммерциялық ақпарат.


 
       Мамандардың республика аймақтарына бармастан, телекоммуникациялық арналар бойынша консультацияларды жүзеге асыруына болатын нақты науқас туралы ақпаратты жедел беру мүмкіндігі ашылады. Оның үстіне спутник байланыс құралдарын пайдаланудың арқасында аймақтық орталықтардың деңгейінде орталықтан, шетелден жетекші мамандардың қатысуымен бейнеконференциялар және бейнеконсилиумдар өткізуге мүмкіндік беретін бейне ақпараттар беруге болады.
      Желіні Интернетке қосу биомедицина мен фармация саласында да және білімнің басқа саласында да қазіргі заманғы дүниежүзілік ақпараттарға тұрақты қол жеткізуге мүмкіндік береді және медициналық қызметкерлердің біліктілігін олардың қызмет орындарына қарамастан едәуір көтеруге себеп болады. Бұл кешенді түрде медициналық білім беру саласын жаңғырту үшін маңызды ынталандыру болып табылады.
 
      5.8.3. Білім беру саласы
 
      Қазақстанның болашағы үшін балаларға білім беруден маңызды ештеңе жоқ. Әрі, мектептердегі оқытудың сапасы жеткіліксіз деңгейде екендігі баршаға белгілі.
      БАК шалғайдағы оқыту көздеріне және географиялық бөлінген ақпараттар көздеріне рұқсат бере отырып, білім беру саласындағы және кітапхана жұмысындағы қызмет көрсетудің құрамын кеңейте және сапасын көтере алады. Көптеген мектептер мен университеттер Интернеті және басқа желілік технологияларды өздерінің білім беру курстарын қайта ұйымдастыру және студенттердің шеңберін кеңейту үшін пайдаланады. Желілік жұмыс ересектерге де тиімді. Колледждер мен университеттер тіпті курсты табысты аяқтағандарға диплом бере отырып, оқушыларға "кибербілім" беру үшін Интернеттің қызметіне жиі сүйенуде.
 
     БАК-ті білім беруге пайдалану:
 
      - бай және кедей аймақтардағы, қалалық және ауылдық жерлердегі мектептердің арасындағы айырмашылықтарды жоюға;
      - мұғалімдер мен ата-аналардың әрбір баланы қызықтыратын ақпаратты және қызмет түрін табуына;
      - ата-аналардың мектепке нақты келуіне уақыты және қаражаты бар не жоқ екендігіне қарамастан, ата-аналарды өздерінің балаларын оқыту қызметіне тартуға;
      - көптеген мүдделер мен қабілеттіліктерді ынталандыруға және оқу- білімді бос бас сүйек қораптарына толтырудан емес, қызықты жаңалықтар ашу жолындағы бөгеттерді жеңуден тұратын болады;
      әлемдік білім қазынасына анағұрлым қарапайым және кең жол ашуды пайдалану мен оқытуды бағалаудың әдістерін жақсартуға және өткен материалды есепке алудың жаңа құралдарын құруға;
      - оқытуды бір ғана сынып бөлмесінен тысқары шығаруға және оны әртүрлі елдерде тұратын адамдардың кең нақты және виртуальды қоғамдастығына ауыстыруға;
      - оқу процесіне әлемдік деңгейдегі мамандарды тартудың есебінен білім беру деңгейін көтеруге;
      - оқу процесі мен үлгерім туралы ақпараттардың көлемін ұлғайту үшін үйді, сынып бөлмелерін, мектептерді, мектеп округтерін және тұтас мемлекетті біте байланыстыруға, мектеп пен оқушының арасындағы қарым- қатынастың уақытын ұзартуға, ата-аналар мен қоғамның тарапынан мектепті қолдауды нығайтуға;
      - мұғалімдер мен мектеп қызметкерлерінің әкімшілік функцияларын қысқартуға және оларға оқушылармен жұмыс істеу үшін көп уақыт пен мүмкіндіктер беруге мүмкіндік береді.
 
      5.8.4. Ақпараттық дәуірдің саудасы
 
      Көптеген нысандарда жүзеге асырылатын электрондық сауда ең жалпылама түрде электрондық деректер алмасудың арқасында орындалатын, жеңілдетілетін немесе мүмкін болатын коммерциялық транзакция ретінде айқындалуы мүмкін.
      Электрондық таратқыштар мен желілерді пайдалану арқылы коммерциялық транзакциялар жаңалық болып табылмайды. Бағалы қағаздардың ауқымды рыногы да өзінің негізінде электрондық болып табылады және ол дүниежүзілік қаржы операцияларының құрылымын өзгертіп те үлгерді (және де едәуір шұғыл түрде). Электрондық банкілік жүйелер мен несие карталарын тексеру жүйесі әлдеқашан дәстүрлі құбылысқа айналды. Әлеуметтік қорлардың сомалары мен басқа да әлеуметтік төлемдер алушылардың банктік шоттарына жиі электрондық тәсілмен аударылады. Көптеген қалалық көлік жүйелеріндегі үйреншікті жетондар кейбір сомалар "депозитке салынатын" және белгілі бір санды жол жүруге, ал кейде сауда жасауға мүмкіндік беретін (мысалы, университет қалашықтарында) магнитті жолақты кәртішкелерге орын берді. Дегенмен электрондық сауданың масштабына алда қатты өзгерістер жасау тұр.
      Электрондық сауда жүйелері әртүрлі нысандарда және көптеген салаларда құрылуда. Электрондық кәртішкелердің иелері тауарлар мен қызметтерге электрондық ақы төлеуге мүмкіндік алады: кеден қызметкері импорттаушыға есептелінген баж салығының сомасын электрондық жүйеге енгізе бастайды: фабрикалар мен дүкендер өнімдерге тапсырыстың және қоймалардағы тауарлардың оңтайлы запастарын ұстап тұрудың электрондық жүйесін жасайды. Көптеген жаңа іскерлік мүмкіндіктер пайда болады. Тапсырыс берушілермен байланыстың, сондай-ақ жарнаманың, өнімдер мен қызмет көрсетулерге тапсырыстың және жеткізудің жаңа тәсілдері туралы да ойлауға болады.
      "Смарт-карталар" деп аталатындар электрондық сауданың тағы бір жаңа нысаны болып табылады. Оларды кейде "электрондық әмияндар" деп те атайды. Бұл карталар есептегіш қондырғы орналасқан кез-келген нүктеде жұмсауға болатын "қолма-қол" ақшаның белгілі бір санын өзінде сақтай алады. Еуропада 15 жылдың ішінде дамып келе жатқан бұл технологияны адамның өзінде ғана сақтағысы келетін түрлі ақпаратты қауіпсіз сақтау үшін пайдалануға болады. Осындай сақтау нысаны жеке сипаттағы деректерді (медициналық ақпаратты, анализдердің нәтижелерін және т.б.) сақтау үшін өте оңтайлы.
      Электрондық сауданың жұмыс істеуінің негізгі принциптері:
 
      - электрондық коммерцияның заңдары мен ережелері, оның мақсаттары мен міндеттері саудадағыдай - олар сатушыларға ақы төлеуге кепілдік берулері, несие беруді жеңілдетулері және тұтынушыларды жалғандықтан және алаяқтықтың басқа да түрлерінен қорғаулары қажет; электрондық сауда (әдеттегі сияқты) тауарларды тексерудің, анық және жобаланған кепілдіктерді берудің және несиенің құнын айқындаудың ережелерін әзірлеуі тиіс;
      - үкімет өзінің қаржылық тұтастығын қорғауы керек, алайда оны электрондық сауданың күнделікті іс-тәжірибесіне тікелей араласудың ең төменгі деңгейінде жасау керек, сатып алушылар, сатушылар және несие берушілер электрондық сауда жүйесінің сенімділігіне сенімді болулары және қаржылық жүйелердің өздері де электрондық коммерциялық желілердің тарапынан ешқандай қауіп-қатерге ұшырамауы үшін олар мемлекеттік шекарадан өткізілетін сауданың жалпы заңдарын және ережелерін сақтауды бірлесіп қамтамасыз етулері керек;
      - пайдаланушылардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін электрондық сауданың ауқымды желісінің жоғары ашықтықтың дәрежесі болуы тиіс - ол желілік қызмет көрсетушілерді ұсынушылар еркін нарықтық күштердің әсерін сезінуі және егер ол қажет болса, желілік байланыстардағы, тіпті бәсекелес желілерімен тапсырысшылардың қажетін қанағаттандырулары үшін жұмыс істеулері қажет екендіктерін білдіреді; берушілер тәуелсіз жасаушыларға түпкілікті тұтынушыларға арналған жаңашыл желілік қосымшалар жасауға мүмкіндік беретін техникалық ерекшеліктерді жариялаулары керек.
      6. Жүзеге асырудың принциптері
      БАК құру, біртіндеп әзірлеу және ҚР ИААЖ-не кезең-кезеңмен енгізу жалпы мемлекеттік саясаттың басымдықты саласы, жалпы мемлекеттік маңызы бар міндеттер болып табылады.
      Осындай масштабтағы жобаларды іске асыру барынша кеңінен талқылаумен және мемлекеттік институттарды да, жеке компанияларды да тартумен жүргізілуі керек. Онымен қоса, біздің елдің осы бағытта белгілі дәрежеде артта қалғанын ескере отырып жобалардың бір бөлігін айрықша қысқа мерзімді уақытта енгізуге болады және енгізілуі керек.
      "Қазақстан Республикасында біртұтас ақпараттық кеңістікті қалыптастыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 9 желтоқсанындағы N 3787 U973787_ Жарлығына сәйкес:
 
      1. БАК-ті қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасын, БАК-тің қажетті заң базасын әзірлеу жөніндегі негізгі жұмыстарды жүргізу үшін жарғылық капиталында кемінде 33% мемлекеттің қатысу үлесі бар "Ұлттық ақпараттық технологиялар" ЖАҚ (бұдан әрі - "ҰАТ" ЖАҚ) құру;
      2. "ҰАТ" ЖАҚ жарғылық капиталының қаражатын Мемлекеттік бағдарламаның жобасын әзірлеу үшін, сондай-ақ неғұрлым тезірек әзірлеуді және соңынан енгізуді қажет ететін жобаларды енгізу үшін пайдалану ұсынылады.
      3. Мамандандырылған заңды тұлғаларды құрудың нұсқаларын қарау кезінде мынадай мүмкіндіктерді:
      - құрылтайшылар ретінде есептеу техникаларын, бағдарламалық қамтамасыз етуді, телекоммуникациялық қызмет көрсетулерді және ТБ ұсынушылар болып табылмайтын заңды тұлғалардың қатысуын;
      - егер ол мүмкін болмаса, Қазақстан Республикасының резиденттерімен шектелуді;
      - егер ол мүмкін болмаса, ақпараттық технологиялар саласындағы ірі шетелдік компанияларға құрылтайшылар болуға рұқсат беруді қарастыру ұсынылады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады