Атқарушылық санкция ретiнде түскен ақша қаражатын пайдалану тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 3 тамыз N 732. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.06.07. N 708 қаулысымен. ~P990708


     "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi
туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  

Z980253_

  77-бабының
3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     Қоса берiлiп отырған Атқарушылық санкция ретiнде түскен ақша
қаражатын пайдалану тәртiбi туралы ереже бекiтiлсiн.


     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi
                                           Қазақстан Республикасы
                                                Үкiметiнiң
                                           1998 жылғы 3 шiлдедегi
                                           N 732 қаулысымен
                                                 бекiтiлген

         Атқарушылық санкция ретiнде түскен ақша қаражатын
                      пайдалану тәртiбi туралы
                               ЕРЕЖЕ



      1. Осы Ереже аумақтық әдiлет органдарының (әдiлет басқармасының) бюджеттен тыс шотына атқарушылық санкция ретiнде түскен ақша қаражатын бөлу және пайдалану тәртiбiн реттейдi.
      2. Атқарушылық санкция борышкерден (жеке немесе заңды тұлғадан) атқару құжаты нақты атқарылған кезде "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 77-бабының 1-тармағында көзделген мөлшерде ақша сомасы түрiнде өндiрiп алынады.
      3. Борышкерден атқарушылық санкцияны өндiрiп алу туралы сот

орындаушысы қаулы шығарады, онда:
     атқарушылық санкцияның қай атқарушылық iс жүргiзу бойынша
өндiрiлiп отырғаны;
     борышкер-жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты, мекен-жайы
немесе борышкер-заңды тұлғаның атауы, орналасқан жерi, банктiк
деректемелерi;
     атқару құжатының нақты орындалған күнi;
     атқару құжаты бойынша өндiрiлiп алынған сома немесе орындау
нысанасы;
     атқарушылық санкцияның сомасы;
     аумақтық әдiлет органының (әдiлет басқармасының) бюджеттен тыс
шоты, оның банктiк деректемелерi көрсетiледi.
     4. Атқарушылық санкция мынадай қорларды құруға пайдаланылады:


      Өндiрiстiк және әлеуметтiк дамыту қоры, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын материалдық көтермелеу қоры және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң орталықтандырылған қоры.
      1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң ведомстволық бағыныстағы ұйымдарын өндiрiстiк және әлеуметтiк дамыту қоры атқарушылық санкция ретiнде түскен сомалардың отыз бес процентi мөлшерiнде құрылады.
      Осы Қордың қаражаты:
      техникамен қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базаны қайта жаңарту және кеңейту жөнiндегi шығындарды қаржыландыруға;
      жаңа ғимараттарды, құрылғыларды, тұрғын үйлердi салу және қолда бар үй-жайларды орналастыру мен қайта жабдықтау жөнiндегi шығындарды қаржыландыруға;
      пәтерлердi, автокөлiктердi, жабдықтарды, ұйымдастыру-техникалық және арнайы құралдарды, сондай-ақ басқа да материалдық құралдарды сатып алуға;
      банк берген ұзақ мерзiмдi несиелердi өтеуге және осы несиелер бойынша өсiм төлеуге;
      кадр даярлауға;
      әлеуметтiк-мәдени саланың материалдық базасын нығайтуға және оның объектiлерiн күтiп-ұстауға, сауықтыру шараларын жүргiзуге, асханада тамақтандыруды арзандатуға;
      санаторий-курорттық жолдамаларға олардың құнының мөлшерiнде ақы төлеуге;
      басқа да өндiрiстiк және әлеуметтiк мұқтаждарды қаржыландыруға пайдаланылуы мүмкiн.
      2) Материалдық көтермелеу қоры атқарушылық санкция ретiнде алынған соманың отыз процентi мөлшерiнде құрылады.
      Материалдық көтермелеу қорының қаражаты сыйлық, үстеме ақы, еңбегi үшiн басқа да сыйақылар төлеуге, сондай-ақ материалдық жәрдемге, бiр жолғы шарттар бойынша жұмысқа тартылған адамдардың еңбегiне ақы төлеуге жұмсалады.
      Үстеме ақылар мен қосымша ақыларды бөлудi, олардың мөлшерiн белгiлеудiң, олардан толығымен және iшiнара айыруды Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң жүйесi ұйымдары басшыларының ұсынуы бойынша әдiлет басқармасының тиiстi қызметi жүзеге асырады және облыстық және оған теңестiрiлген әдiлет басқармасының бастығы бекiтедi.
      Әдiлет басқармасының бастығы әр қызметкерге еңбегi үшiн төленетiн сыйлықтардың, үстеме ақылар мен өзге де сыйақылардың сомасын өзгертуге және оны түпкiлiктi түрде бекiтуге құқылы.
      3) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң орталықтандырылған қоры атқарушылық санкция ретiнде алынған соманың отыз бес процентi мөлшерiнде құрылады.
      Осы Қордың қаражаты:
      Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiн, облыстық соттарды материалдық-техникалық қамтамасыз етуге;
      ғимараттар салу және оларды жөндеу жөнiндегi шығындарды қаржыландыруға;
      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң орталық аппаратының қызметкерлерiн материалдық көтермелеуге, сондай-ақ Әдiлет министрi мен оның орнындағы адамның өкiмi бойынша өзге де мақсаттарға жұмсалуы мүмкiн.
      5. Атқарушылық санкция ретiнде түскен ақша сомаларын осы Ереженiң 4-тармағында көрсетiлгеннен басқа мақсаттарға пайдалануға жол берiледi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады