РИТ-90 радионуклидтi жылу көздерiн Қазақстан Республикасынан Ресей Федерациясына әкету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 3 тамыздағы N 734

      "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi мен "Бүкiлресейлiк Техникалық Физика және Автоматтандыру Ғылыми-Зерттеу Институты" (ВНИИТФА) мемлекеттiк бiрегей кәсiпорны арасындағы 1998 жылғы 2 маусымдағы N 04-1770 шартқа сәйкес Ресей Федерациясының мамандандырылған кәсiпорындарында көму үшiн ҮКТIВ-(ИЭУ-1) және ҮКТIВ-(ҮКТIIВ24) үлгiсiндегi сертификатталған көлiк контейнерлерiмен 6 (алты) дана РИТ-90 радионуклидтi жылу көздерiн Ресей Федерациясына әкетуге рұқсат етiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi көрсетiлген мөлшердегi радионуклидтi жылу көздерiн әкету үшiн Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне белгiленген тәртiппен лицензия беретiн болсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кеден комитетi радионуклидтi жылу көздерiнiң заңдарда белгiленген тәртiппен әкетiлуiне бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады